Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мұқағали – поэзия тұлпары. -

Мұқағали – поэзия тұлпары.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1747 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: Мұқағали – поэзия тұлпары.
Мақсаты: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығымен таныстыру. А) Поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Ә) Өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру.
Б) Қазақ халқының ақыны Мұқағалидың өлеңдері арқылы оқушыларды Отансүйгіштікке, ақындыққа тәрбиелеу.
Түрі: Поэзия кеші.
Көрнекілігі: Ақын портреті, слайд топтамалары, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлер, өлең жолдарынан үзінді.
Жүру барысы
І-бөлім. Кіріспе.
ІІ-бөлім. “Құдіретті жыр” (слайд)
ІІІ-бөлім. Поэзия, менімен егіз бе едің?
ІV-бөлім. Жылдарым менің, жылдарым.
V-бөлім. Қонақтармен сұхбат.
VI-бөлім. Сахналық қойылым.
VII-бөлім. Қорытынды.
І-бөлім. Кіріспe
Құрметті оқушылар мен ұстаздар, қадірменді қонақтар! Ғасырлар тоғысында Ғасыр ақыны болып танылған қазақтың ақиық ақыны, Алатаудың Хантәңірі шыңынан түлеп ұшқан мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 85 жыл толып отыр. Поэзия көгінде аққу-жыр боп қалықтаған Мұқағалиды, оның жүрек қылын шертер нәзік жырларын халық сірә да ұмытар ма? Мұқағали жырын түсіне оқып, бойына сіңіре білген ұрпақ ешқашан қиыс қадам баспайды, өмірді де бағалай біледі. Уақыт керуені алға жылжыған сайын, Мұқағали мұрасы түн қойнауынан сәуле шашқан жарық жұлдыздай жарқырай, маздай береді. Ендеше, Мұқағали ақынның туған күніне орай өткізгелі отырған “Мұқағали-поэзия тұлпары” атты жыр кешімізді тамашалауға шақырамыз.
Шабыты келгенде жанартаудай атқылаған ақын жаны поэзиямен егіз жаратылғандай...Жабырқаған жанға қуат берер асқақ та нәзік жырдың иесі Мұқағали 1931 жылы 9-ақпанда Алматы облысы, Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді.
Ойлы жас!
Өлең-менің бар тынысым,
Жақсы сөзім-жаны игі халқым үшін.
Атақ қуып, бақ қуып, даңқ қуып,
Біреулерден жүргем жоқ арту үшін.
Ойлы жас!
Өлең-менің сырласымдай,
Сырлассам да құмарым жүр басылмай.
Айтып өткен ақында арман бар ма,
Жүрегінің түбіне кір жасырмай.
Ақын жыр тылсымына құлаш ұрып, самғады.
ІІ-бөлім. “Құдіретті жыр” (слайд)
ІІІ-бөлім. Поэзия, менімен егіз бе едің?
Мұқағалидың жыр-шумақтарынан үзінді.
“Май-махаббат” Сағындық Н.
“Сағатым қайда, сағатым?” Нұрбол Ұ.
“Аққұрбым” Дулат Ф.
“Ауырмай жаным қиналды” Құбаш А.
“Отан” Аманбай Д.
“Таудай болғым келеді” Аманбай Ж.
“Үмітім-өлеңім” Төлеген Ж.
“Сәби болғым келеді” Уранұлы Б.
“Азайып бара жатыр қариялар” Есенбай С.
“Бесік басында” Асанова Асылым
“Аққулар, қош болыңдар” Тимур Айбат
“Қыздар” Қанатов Ерлан
“Қар жауып тұр” Жылқыбек Аягөз
“Тау” Болат Нұрбол
ІV-бөлім. Жылдарым менің, жылдарым.
Оқушылардың ақын ағамызға арнап шығарған өлеңдері.
V-бөлім. Қонақтармен сұхбат.
Кешіміздің қонақтары Шоңбасова Ажар, Құсанова Айшолпан, Ізмұханов Елеман апайлар оқушыларға ақын-жазушы туралы тың деректер берді.
- Мұқағали “Аққулар ұйықтағанда” дастанын алғаш рет кімге
оқып берді? Сонда оған алтын қаламды кім сыйлады? Қай жылы?
- Ақын қандай шығармасы үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болды? Толығырақ айтып берсеңіз.
- Ақын алғаш рет өлеңді неше жасынан бастап жаза бастады?
Ән: “Есіңе мені алғайсың”
Ән: “Аңса, жаным”
Ән: “Саржайлау”
VI-бөлім. Сахналық қойылым.
“Менің анкетам”
“Махаббат моналогі”
VII-бөлім. Қорытынды
Мұқағалидың таңдамалысын шығарамыз деу- қате, өйткені онда таңдамалыға жатпайтын жай өлең жоқ деген екен бір сыншы. Бұдан артық теңеу жоқ.
Поэзия-айдынынан әуелеп ұшқан аққу-жыр иесі Мұқағали есімі, өлеңдері халық жадынан ешқашан ұмытылмайды. Артына өшпес мұра
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.