Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мұғалім-мектептің жүрегі -

Мұғалім-мектептің жүрегі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1355 | Размер: | Автор: гость
. ОңтүстікҚазақстан облысы,Сарыағаш ауданы
№30 С.Торайғыров жалпы
орта мектебінің қазақ тілі
пәнінің мұғалімі Нуртаева
Гулмира Абдурашитқызы

«Мұғалім-мектептің жүрегі»
«Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы – оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек”- деп ұлт көшбасшысы,елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай қазіргі таңда жас ұрпақты жаңашылдықпен дамытып , білім беріп, тәрбие нәрімен сусындандыру бүгінгі күннің ұстаздар қауымына жүктелген міндет пен кезек күттірмес жауапты іс болып отыр. Сол себепті де Елбасымыз бен еліміздің білім беруді дамыту мен жаңарту саласындағы азаматтар білімді жаңаша тәсілмен білім беруді бүгінгі кезеңде басшылыққа алып отыр.Педагог кадрлардың біліктілігін арттыратын 3 айлық курстардың негізгі мақсаты- мұғалімдерге сындарлы оқыту теорияларымен таныстыру, кәсіби шеберлігін арттыру.
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» – деп ұлы педагог К.Д.Ушинский айтқандай «Кембридж» бағдарламасы яғни педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының І бетпе-бет кезеңінде сындарлы оқыту жайлы теориялық білім алдым.
Осы бағдарлама оқыту мен оқу негіздері туралы ғылыми-теориялық білім мен сабақта берілетін тәжірибелік білімнің айырмашылықтары бар дегенді жоққа шығармайды. Әйтсе де, бұл екеуінің байланысты екендігі рас. Тәжірибелі ұстаз қалай болғанда да бұл екеуін іштей үйлестіріп отырады. Адамзат баласы қаншама білгір болса да, белгілі бір қағидатқа сүйенеді. Өйткені өмірде болып жатқан өзгерістердің белгілі бір заңдылықтары бар. Осы қағидат педагогика саласында да байқалып, көрініс тауып отырады.
«Мұғалім-мектептің жүрегі»- деп алғашқы ұстаз, ұлы педагог Ы.Алтынсариннің сөзінің астарында терең мән жатыр.Адам ағзасындағы жүрекке қандай дәрумен қажет болса,мектептегі оқу үдерісіне жаңа серпін беретін мұғалімнің де іс-тәжірибесіне жаңалық енгізу-ойы мен қиялы ұшқыр жас жеткіншектерге ақпарат пен технология дамыған уақытта сапалы білім беруде заман талабынан туындап отыр.Оқушыларды тиімді оқытуда оларды жеке тұлға ретінде қараудың маңызы ерекше. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас дұрыс жүргізілуі керек.Сонда ғана тиімді әрі табысты оқыту жүзеге асып,мұғалімнің құзіреттілігі арта түседі.
Мен курсқа келіп үйренгенім көп болды. Өз мамандығыма деген көзқарасым түбегейлі өзгеріп қызығушылығым арта түсті. Мұғалімдердің ұстанымы өзіндік көзқарастары іс-әрекет пен шешім қабылдау барысында жузеге асатындығын ұғындым.Шәкірт санасын білім нәрімен сусындататын ұстаздар қауымы болашақ ұрпақты тәрбиелеуде негізгі көшбасшы екендігіне көз жеткіздім.Алған білімім өз тәжирибемде қолданып,жас ұрпаққа білім беруде биік белестерді бағындырсам деймін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.