Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мұғалім не үшін өзгеруі керек? -

Мұғалім не үшін өзгеруі керек?

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1896 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. ОҚО Сарыағаш ауданы Қошқар ата ауыл әкімшілігі
№78 «Қызыл ту» жалпы орта
мектебінің математика пәні
мұғалімі Азретова Айсара
Тұрғанбекқызы

Мұғалім не үшін өзгеруі керек?

Менің 20 жылдық іс тәжірибемде төмендегіше болатын : 1.Білімділік мақсаты: материал сенімді, дәлелді болуы керек.Негізгі айтылар ой алдын ала саралану керек. Пәнді мұғалім толық меңгерген болуы керек.
2.Сабақтың тәрбиелік мәні: ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі (ұлтжандылыққа, ұлтаралық қатынас сыйластығы, мейірімділікке, ізгілікке, имандылыққа) саяси-идеялық тәрбиелеуге, еңбек тәрбиесіне, әсемдік тәрбиесіне, дене тәрбиесіне,құқық тәрбиесіне, экологиялық тәрбиеге, экономикалық тәрбиеге, отбасы тәрбиесіне тәрбиелейміз деп келдік.
3. Сабақтың дамытушылық мақсаты, сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар: сабақ мерзімі, тақырыбы, мақсаты, көрнекілік, қолданылатын әдістер жүйесі. Өткен сабақпен байланыс, проблемалық жағдайларды шешу жолдарын көрсетіп келдік.
Менің өткен педагогикалық білім беру бағдарламамда тек пәнімді жақсы көремін. Өзімнің білімімді шыңдасам, балаларға түсіндіре аламын, балаға үйретіп жатырмын деп оқушыларды тек өзім бағалап келдім.
Қазіргі менің көзқарасым Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасын оқығаннан кейін бір сабақтың өзінде 45 минуттың ішінде бағдарламаның модульдерін:
А) Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Ә) Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.
Б) Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.
В) Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
Г) Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Д) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Е) Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Оқыту барысында барлық модульдерді пайдаланып өтуге болатындығына көз жеткіздім.
Мектептегі оқу материалының қиындығына, оқушылардың ол тақырыпты меңгеруге дайындық дәрежесіне, сыныптағы оқушылардың білім деңгейіне байланысты сабақтың белгілі бір мезеттерінде «қысқа мәлімдеп, бағыт-бағдар көрсетіп жіберуді» қолданып жүрген мұғалімдер бізде де баршылық. Жаппай барлық сабақты осындай «жаңа тәсілмен» өту әр уақытта тиімді болатындығына күмәнім бар. Оқу материалдарын оқушының түсінуі немесе ұғынып алуы, білімдерді тиянақты меңгеруіне әрдайым кепіл бола бермеймін. Оқу материалын тиянақты игеруі үшін оқушының ыждағаттылықпен, ұзақ уақыт машықтануын талап ететін жағдайлар да жиі кездеседі.
Ал оқушылар өмірінде бірінші рет кездесіп отырған математика пәнінен «тригонометриялық теңдеулерді шешу» тақырыбы бойынша қысқа мәлімдеп, бағыт-бағдар көрсетіп жіберсе болды, оқушылардың барлығы бірдей тригонометриялық теңдеуді шешіп кете бермейді. Мұғалім мұндай жағдайда жаңа тақырыпты өту үшін алдын ала дайындық жұмысын жүргізуі керек, оқу материалын игеруге қажетті бұрын өтілгендерді қайта жаңғыртады, ой түрткі жасайды, проблемалық ахуал туғызады, оны шешу үшін оқушылармен диалог ұйымдастырамын, жаңа тақырыпқа есептер шығартамын, тақырыпты еркін меңгерген оқушылармен деңгейлік тапсырмалар орындауды ұйымдастырамын, үлгере алмай жатқандарымен қосымша жұмыс жүргіземін, оқушыларды топқа бөлу арқылы дәстүрлі әдістемелік іс-әрекеттер жүзеге асырылмаса нәтижеге жету қиын. Бұл айтылғандардан «Оқытудың Кембридж тәсілінің» тиімді жақтарын оқу жүйесінде пайдалануға болмайды екен деген жаңсақ ойдан аулақ болуымыз керек. Ақпараттық және цифрлық технологияны оқу үдерісінде пайдалану, оқу үшін оқущының өз жетістігін өзі бағалау, сыныптастарына баға беру, кері байланыс жасау әдістерін орынды қолдана білсе, оқыту сапасының артатындығына дау жоқ.
Қазіргі оқып жатқан Үшінші (базалық) деңгей біліктілік арттыру

курсынан күтілетін нәтиже оқушылардың қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өз ойларын нанымды жеткізе алатын, ынталы, сенімді, сыни көзқарасы жүйелі дамыған, сандық технологияларды құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын көздейді. Жаңа тәсілдер қолдану стратегияларын қамтитын бағдарламалар мұғалімдердің оқу үдерісінде нәтижеге жетуіне өз ықпалын тигізеді – деп ойлаймын.
Мен инновациялық технологияларды жетік меңгерген нағыз педагог атануым үшін инновациялық технологияларды меңгеріп, осы курста үйренген тиімді әдістерімді сабақ барысында оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында қолданамын. Мен үшін қазіргі қоғамдағы мұғалім – жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек.
Қазіргі уақытта мұғалім заманауи сабақты меңгермейінше сауатты, жан-жақты педагог-маман болуы мүмкін емес. Сондықтан да мұғалімдердің жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруі мен оны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуі – заман талабы. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімдердің іскерлігін, ізденісін туғызып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашса, оқушылардың білім сапасын арттыруға өз үлесін қосары сөзсіз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.