Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мұғалім қызметінің ерекшелігі. -

Мұғалім қызметінің ерекшелігі.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1091 | Размер: | Автор: гость
. Алматы облысы,
Еңбекшіқазақ ауданы,
Алға орта мектебі,
Бастауыш сынып мұғалімі
Иембергенова М.А.

Мұғалім қызметінің ерекшелігі.

Бүгінгі таңда мұғалімдерге оқушы психологиясын білу жаңа мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндерге ерекше мән беру –сынып жетекшілерімен мұғалімдердің басты міндеті. Ол үшін сынып жетекшілер мен мұғалімдердің бойында мынадай қасиеттері болуы керек: байқампаздық,сезімталдық,нақты шешім қабылдай білу.
Балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін сөз жүзінде емес,іс жүзінде таныта білу.Кемшіліктерін психологиялық жағынан түсіне отырып тәрбиелеу.Бастауыш сынып оқушыларына ұлт психологиясы халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған,жүйеге түскен әдет-ғұрып,ұллтық дәстүр,ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын адамгершілік,ақыл-ой,эстетикалық өзара қарым-қатынасы яғни ұлтымыздың мінез-құлқы,іс-әрекетінің үлесі ерекше орын алады.Әрбір оқушыға ұлт рухы мен рухани тәрбие беру дарынды шәкірт дайындау бастауыш сынып қабырғасында қалыптасады.
Ұлт психологиясы, әлі де толық зерттелінбей жатқан мәселе,бұл туралы ел президенті Н.Назарбаев былай дейді«Менің ойымша қазақтардың қайталанбас этикалық,психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние».
Жас ұрпақты елін,жерін сүйетін Отан сүйгіш,өз халқының ар-ожданын, қадыр-қасиетін көздің қарашығындай қорғай алатын намысқойлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттерді өз бойынан табылатындай етіп тәрбиелеу әрбір сынып жетекшілері мен ата-аналардың басты міндеті.
Білім мен тәрбие негізі бастауышта демекші, бастауыш сыныптағы әрбір баланың ішкі дүниесіне үңіліп,халықтың педагогика,адамгершілік,өзара қарым-қатынасына,ұйымшылдығына,танымдылық қабылеттеріне тәрбие беру қажет етіледі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.