Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мұғалімнің кіріспе сөзі -

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1587 | Размер: | Автор: гость
. Мұғалімнің кіріспе сөзі
Адамзаттың тарихында қоғам өмірі мен халықпен бірге жасайтын тұғырлы тұлғалар көп болған. М. Әуезов осындай тұлғалардың бірі болған. М. Әуезовтің сан қырлы талантын айтқан сайын ашыла түседі. М. Әуезовтің сегіз қырлы, бір сырлы азамат екенін тек қазақ жұрты ғана емес, бүкіл әлем танып, бүкіл әлем мойындаған. «Абай жолының» бас кейіпкері - Абай. Романның бірінші кітабында балғын жас шәкірт Абай мен жарысып ауылға қайтсақ, ақырғы кітабында алпысты алқымдатып қайтыс болған ел ағасы – ақын Абайдың жаназасына қатысамыз. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық, ойы – қыры, қия – қалтарысымен өрле суреттейді. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және XX ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігі, оның көп бұралаң тағдырын, ой – арманын, мақсат – мүддесін, күрес – тартысын... бәрін, бәрін шарлап өтеміз. « Халық» дегенде, бұл ұғымның негізінде ұлттың әдеп – ғұрпын ғана емес, ұлттың рухы жататыны сөзсіз. Абайдың рухани ізбасары ұлы Мұхтар қазақтың тұңғыш эпопеясын дүниеге әкелді. Қазақ халқының жарты ғасырлық тарихын және ұлы Абайды дүниежүзіне танытты.
Бүгінгі сабағымыз XIX ғасырдың асқар белі – Абай, XX ғасырдың заңғар биігі – Мұхтар. Абай мен Әуезовтің сабақтастығы туралы болмақ. Ендеше дайындалып келген жұмыстарымызды ортаға салайық. Оқушыларды екі топқа бөлдім.
1.Зерттеушілер
2. Әдебиетшілер
Сөз кезегін зерттеушілер тобына береміз. Зерттеушілер тобы Мұхтардың драматург, жазушы, профессор, ұстаз, заңғар биігі екенін зерттеп дәлелдеді. Олай болса сөзімізді зерттеуші кіші ғалым Әтенова Ақмаралға береміз.
Мұхтар – ұстаз.
Мұхтар Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897ж 28 қыркүйекте дүниеге келген. Әкесі Омархан, атасы Әуез екеуі де ескіше хат танитын сауатты бала тәрбиесіне салғырт қарамайтын, сарабдал, салиқалы адамдар. Оның үстіне Әуез де, Омархан да, Абай мен ауылдары іргелес, аралас – құралас тіршілік кешіпті.1904 жылы Абай дүниеден кетіп, қазақ поэзиясының күйі тұтылған кезде 7 – ге жаңа толған жас Мұхтардың күллі ұлт мәдениетіне ұлы тұлға, алтын діңгек болар алтын суреткер болатынын, Абайдан кейін, тұтылған күннің Мұхтармен бірге қайта жарқырайтынын әлбетте ешкім біле қойған жоқ. 1922 жылы Ташкент мемлекеттік университетіне ауысып, оны 1928 жылы бітірді. Ең соңында Орта Азия мемлекеттік университетіндегі Шығыс факультетінің аспирантурасын 1930 жылы бітіреді. Қазақ КСРО Ғылым академиясының ірге тасын қалаушылардың бірі академик Мұхтар Әуезов, ғылыми – педагогикалық жұмысты өзінің жазушылық қызметімен қоса ғұмыр бойы бірге келді. Заңғар жазушы 1961 жылы 27-маусымда дүние салды.
Келесі сөз кезегін Сырым Батырбекке береміз.
Мұхтар - жазушы
Жазушылық жолын драматургиядан бастаған және оны өмірінің өзге салаларымен қатар жарыстыра өмірінің аяғына дейін дамыта жетілдіріп, құбылта құлпыртып әкелген М.Әуезов 1921 жылы «Қорғансыздың күні» деген әңгімесін жазды. «Іздер», «Білекке-білек», «Қасеннің құбылыстары», «Үш күн», «Шатқалаң», «Бүркітші», «Асыл нәсілдер». Бұлардың барлығы революция туғызған жаңа өмірді, колхоз өмірін суреттеуге арналған. Әңгімелерінің әрқайсысының тұсында қаламгер ретінде сатыдан сатыға көшіп, яки өзінің суреткерлік сапарының әр адамында тың түр ашып отырған. Әңгімелердің бәрі М.Әуезовтің эпикалық жанрдағы ұлы эпопеяға –өзінің ба кітабына барар жолдағы әрекеттері болатын. Демек Әуезовтің әңгімелері бір жағынан қазіргі қазақ прозасындағы шағын және орта көлемді эпикалық түрлердің әсем үлгілері болса, екіншіден оның кезек күтіп тұрған бас кітабының баспалдақтары болып табылады.
Келесі сөз кезегін Назгүл Ақмырзаеваға береміз.
Мұхтар – драматург.
1917 ж мамыр айында Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында Абайдың жары – Әйгерімнің сегіз қанат үй әдеттен тыс оқшау тігілді де, оған тағы бір отау керегелес қондыртады. Бұл екі үйдің бірі – артистер ойын көрсететін театр сахнасы да, енді бірі – жалпы ойын көрсететін театр залы еді. осының бәрін тауып қолдап істеп жүрген жырмадағы жас семинарист М.Әуезов еді. Драматургия Әуезов шығармасының орасан зор бай саласы – қазақ әдебиетінің аса құнды, асыл қазынасы. Оның ішінде әсіресе « Еңлік – Кебек», «Айман – Шолпан», «Қаракөз», «Түнгі сарын», «Қарақыпшақ Қобыланды» секілді пьесалары бүгінде тіпті бүкіл драматургиясының дүниежүзілік дәрежедегі классикалық үлгілеріне айналып кетті. М.Әуезовтың пьесалары қазақ театрларының репертуарын байытып ғана қойған жоқ, идеялық дәрежесін биіктен – биікке көтеріп, режиссерлік жуйесін жетілдіріп, актерлар шеберлігін шыңдады. Әуезовтың өзі де қайталанбас қаламгерлік шеберлікке жетті.
Мұхтар – профессор. М.Әуезовтің мағыналы, сапалы өмірінің басым бөлігі Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде өтті. Мұхтар Әуезов университетте қазақ әдебиеті кафедрасының негізін қалап осында «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Туысқан халықтар әдебиеті», «Абайтану» секілді жалпы және арнаулы курстар бойынша дәріс оқыды. Ұстаз ұлағатын көріп, жанының жарық – нұрын сезінген үмітті шәкірттері Қабдолов, Кәкішев, Сармурзина, Сүйіншәлиев, Садырбаев т.б бұл күнде қалың көпшілікке танымал академик – жазушы, білікті ұстаздар мен көрнекті ғалымдар. Қазақ университетінде «Әуезов кафедрасы» «Әуезов аудиториясы» «Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті» атты халықаралық ғылыми – теориялық конференцияның әр жыл сайын жүйелі өткізіп, дәстүрлі сипат алу Ұстаз, Ғалым, Қаламгерге деген шексіз құрмет, талантқа тағзым болып табылады. Біз Мұхтарды академик – жазушы профессор ретінде танимыз. Профессор Әуезовтің Жарты ғұмырын жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызметке арнау тағы да ұлылық.
Мұхтар – заңғар биігі.
Туған халқына мәңгілік мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау – қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген. Солардың бірі – Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» - Әуезовтің бас кітабы. Ол өзінің осынау ұлы шығармасын жазып үлгеріп кетті. Оның суреткер ретіндегі бақыты да осында еді. Әуезов – «Абай», «Абай жолы» - Әуезов: «Абай жолы» романын жазу – деген ол – менің күллі творчествалық тіршілігіндегі түбегейлі әрекетім. Абай романының бірінші кітабы 1942 жылы, екінші кітабы 1947 жылы жарыққа шықты. 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды. Кешегісіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ. Мұны тану үшін кешегі қазақты білу шарт. Тамыры жоқ ағаш, тарихы жоқ халық болмайды. «Абай» жолын оқыған Бенжамен Матип «қазақ неткен ғажайып халық» деп өзін – өзі ұмыта таңырқаса, Константин Федин «өзінің қалай қазақ болып кеткенін білмей қойған». Әуезовті оқымай қазақты білдім деу сондай қиын.
Сөз кезегін әдебиетшілер тобына береміз. Әдебиетшілер тобы Абайдың дана,аудармашы,ақын, композитор екенін зерттеп дәлелдеді. Олай болса, сөзімізді әдебиетші Қамбашева Арайға береміз.
Абай – дара.
Дана Абай 1845ж жылан жылында Семей облысы Абай ауданы, Шыңғыстау тауында туған. Абайдың әкесі Қарқаралы кезінен аға сұлтан болған. Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан, мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Шығармаларын өз бетінше оқып,соңғы жылдары өз бетімен «Преходская школаға» түсіп орысша да оқиды. Абай 17-18 жастан 28-29 жасқа дейін өз бетімен іздену, ел өмірін зерттеу, батыс шығыс әдебиетін оқиды. Абай тек отыз жастан асқан соң ғана өз көңіл қалауымен қызмет етеді. Абай 35-40 жастар шамасында өзінің ақындық талантын таныта бастайды. 1885 жылы жазған өлеңі «Жасында ғылым бар деп ескермедім» тұңғыш шығармасы болумен қатар жаңа үлгідегі шығармасы еді. Келесі сөз кезегі Мырзахметова Мадина
Абай – дана
Абай XIX ғасырдың 90-жылдары өзінің ой толғаныстарын қара сөздерімен жазған.Абайдың қара сөздері көркем әңгімесі емес,ғасырлық дана сөздер.Бұл сөздер (18,19,24,31) қара сөздерін айтуға болады.Абайдың 45 қара сөзі бар. Абайдың қара сөзін жатқа айту.
Келесі сөз кезегін Сұлтанбекова Айданаға беріледі.
Абай – ақын, аудармашы.
Қазақтың ақындық тілін, әдеби тілін ұстартып жетілдіріп, әдеби тілді биік жаңа сапаға қөтеріп, жаңа үлгіде қалыптастырады. А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов т.б. ақынның шығармашылығын шеберлікпен аударып қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Абай мысал өлеңдердің де шебері. Абайдың мысал өлеңдері Крылов шығармаларын аударды. Мысалы: «Қарға мен түлкі», «Құмырсқа мен шегіртке» және т.б .Келесі сөз кезегін Ештаева Әйгерімге береміз.
Абай – композитор.
Абай музыка саласындағы да, мол мұра қалдырып, қазақтың музыка өнерін дамытты. Қазіргі уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген. Абай қазақтың ән – күй творчествосын ерекше бағалаған. Абай тек тыңдаушы ғана болмай, өзі де ән шығарған. Абайдың ән творчествосы қазақтың халық музыкасының тарихында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым саған Қаламқас», «Сұрғылт тұман», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып» т.б. Әндері арқылы ол халықтың ән творчествосының сан жағынан байытып қана қойған жоқ, сондай-ақ қазақ поэзиясында жаңа өлшем, жаңа түр тапқан сияқты,жаңашыл композитор болды.
Пысықтау сұрақтар(слайд арқылы)
Қорытынды сөз. Бағалау
Үй тапсырмасы: шығарма XIX ғасырдың асқар белі-Абай,
XX ғасырдың заңғар биігі- Мұхтар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.