Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы -

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2596 | Размер: | Автор: гость
. Астана қаласы
Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы
«Жас ұлан» республикалық мектебі
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Мукушева Ақбота Жумашовна

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Сабақтың мақсаты: М.Мақатаев және оның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы туралы алған білімдерін тиянақтайды.
1. Ақынның өміріне қысқаша шолу, поэмасына талдау жасай отырып, идеясын, мақсатын ұғынады.
2. Ақынның өлеңдерімен танысып, оқушылар мәнерлеп оқу,ойлау қабілеттерін дамытады.
3. Адамгершілік пен мейірімділік қасиеттеріне тәрбиеленеді.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд ,кеспе қағаздары , аудио;
Сабақтың түрі: қайталау.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, сынақхат, РАФТ.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Амандасу, сабаққа дайындықтарын шолып шығу. 2мин.
В) Оқушыларды үш топқа бөлу (Табиғат, Қасиет, Аққу)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты сынақхат: 5мин
а) М.Мақатаевтің өмірі
Мұқағали ... Мақатаев құжаттар бойынша ... жылы 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының ... ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты - .... Бірақ «пайғамбар атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді» деп есептеген ата - анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелетіп атап кеткен.
Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали ... Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Мұқағалидің әкесі ... Калиниград майданында қаза табады.
ә) Шығармашылығы
Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “ ... ... ... ” .
Алғаш Мұқағали талантын бағалаған ... ... : “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді.
Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали ... “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), ... “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.
б) «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының қысқаша мазмұны.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы ... ... жазылған. Поэмада бір жанұяның ... ... ауырып сырқаттанып қалады. ... ... баланы тек аққудың қанатымен аластаса ғана дертінен айрылады деп айтады. Әкесінің .... өлтіруге дәті бармағандықтан оның орнына анасы мылтығын алып, қасиетті аққулар мекендейтін көлге барады. Көлге келгенде ана аққуды атады. Шуды естіген ... ... көлге қарай келеді де, аққу өлтірген анаға ақыл береді. Қалай болса да ана аққуды үйге әкеледі, алайда үйге қайтып оралғанда ... қайтыс болғанын түсінеді.
2. Мұқағали әлеміне саяхат: 5 мин
-Ұландар ,поэзия әлемінде Мұқағали мұрасы - жалпақ елдің жүрегінде,ойында, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап нұр беруде.
Тірлігінде шекпен кимей,шен алмай,
Еңбегінің қызығын да көре алмай.
От боп жанып өтіп кеткен ақынға,
Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай,-деп Айтақын ағамыз жырлағандай, өлеңімен рухани азық, күш жинап, қажетіне қарай халқына бақыт сыйлаған ақиық ақынымыз ешкімнен кезінде енші сұраған емес-ті.
Мінеки,бұл - Мұқағали әлемі.Әр ғасырдың біртуар адамы болады.Зымыран уақыттың пешенесіне жарық жұлдыз болып қадалған Абай, Мағжан, Қасым, Мұқағали болатын. Мұқағали “Абай жаққан сәулені”сөндірмей,“Жыр сәулені” лаулатар ақынның келетініне сеніп кеткен ақын:
Туады,туады әлі нағыз ақын
Нағыз ақын бал мен у тамызатын- деген болатын.
Өз сезіміне өзі өртенген Мұқағали жыры бүгінгі күні шартарапқа жыр шуағы болып төгілуде. Мұқағали әлеміне саяхат поэзия минуты. Оқушылар ақын өлеңдерін жатқа айтады.
ІІІ. Зерттеу жұмысы 10мин (Ақынның сөзіне жазылған ән «Есіңе мені алғайсың»)
-Ұландар, ақынның жұбайы Лашын апай:
“Мұқағали өмірді сүйіп өткен ақын”деп жазды.
Әр ақынның өлең - өнер болмысында бір қасиет өзгелерінен басымырақ болады. Мысалы: Абайда-ой, Мағжанда-махаббат, Қасымда-от, Мұқағалида тазалық (қасиет деген ұғым)басымырақ болады.
Тақырыпты ашу мақсатында зерттеу жұмысын жүргізейік. / Оқулықпен жұмыс
«Аққу» тобына
1. Аққудың рең әсемділігін білдіретін сөз.
2. Поэмадан аққудың жарасымды әрекетін табыңдар.
3. Оқ тиген аққудың мүшкіл халін өрнектеген жолдарын табыңдар.
«Табиғат» тобына
1. Поэмада Жетікөл сұлулығы қалай суреттеледі?
2. Су тазалығын ашатын деталь көріністі тап.
3. Табиғаттағы тыныштық салтанатын тағы қай көріністен байқаймыз?
«Қасиет» тобына
1. Ана аққуды неге атпақ болды?
2. Аққуды ату кезіндегі ана әрекетіне баға беріңдер.
3. Құсты атқаннан кейінгі ана өкініші.
4. Бала өлімін көрген ана қасіреті қалай көрсетілген?

ІV. РАФТ әдісі бойынша жұмыс 15-20 мин.
Р А Ф Т


І топ: «Аққу қандай құс?»
ІІ топ: Киелі тағы қандай құстарды білесің?
ІІІ топ: М.Мақатаев қандай ақын?
Қорытынды: 2 мин.
- Балалар, адам – табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар.
Бірі – тіршіліктің анасы табиғат анасы, екіншісі адам анасы. Екеуі де мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.
Рефлексия /стикерларға сабақ туралы өз ойларын жазады/
V. Бағалау алдарында жатқан парақта өздерін бағалайды
VІ . Үйге тапсырма:
“Қасиет пен қасірет» - эссе жазу.
Поэмадан ұнаған үзіндіні жаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.