.
.
Қ.Сатпаев атындағы Ғ. Мүсірепов. «Ананың анасы »
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1330 | Размер: | Автор: гостьмектеп-лицейінің қазақ тілі
және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Байтұрсынова Р.Ш
Ғ. Мүсірепов. «Ананың анасы »
Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов. « Ананың анасы »
Сабақтың мақсаты:
• Әңгіменің мазмұнын меңгертіп, талдау жасау.
• Сөз құдіретін ұғынуға, ана деген ұлы есімге сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.
• Тіл байлығын, өзіндік пікір айта білу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ жауап, талдау,көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: Жазушы кітаптары, кесте, үлестірме қағаз, мультемедиялық кешен.
Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
• Оқушылармен амандасу,түгелдеу;
• Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
Сабақтың жүріс жоспары:
1. Білу. Жазушы және оның шығармасы туралы түсінік.
2. Түсіну.Шығама құрылысына қарап мазмұнын талдау.
3. Қолдану: Жазушының тілдік шеберлігі (практикалық тілдік жұмыс)
4. Талдау.Жазушының тілдік шеберлігі.
5. Топтау. (проблемалық сұрақтарға жауап)
6. Бағалау. Тақырып беріп ой-толғау жазғызу.
Жаңа сабақ
Сабаққа қызығушылығын ояту. «Сөз сырына саяхат» бөлімінде сөзжұмбақ шешу.
1. Көркем шығармада өмірдің жағымсыз жақтарын күлкі ете мысқылдай суреттеу (Сатира)
2. Есімдіктің бір түрі (Өздік)
3. Тұрақты сөз тіркесі (Фразеология)
4. Саусақпен санағандай (Аз)
5. Жансыз затты жандандыра суреттеу (Кейіптеу)
6. –ыншы,-інші жұрнақтары арқылы қандай сан есім жасалады? (Реттік)
7. Шамадан тыс асыра суреттеу (Гипербола)
8. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала (Фонетика)
9. Өлең тармақтарында белгілі бір сөз не сөз тіркесінің жол басында қайталануы (Анафора)
10. Уақ сөзінің антонимі (Ірі)
Баяндау. 1902-1985 жылдар арлығында өмір сүрген. Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниге келген. 1923-1926 жылдары Орынбор қаласында жұмысшы факультетінде оқыған. «Қазақстан» баспасында редактор, «Қазақстан әдебиеті», « Соц. Қазақстан» газеттерінде бас редактор болған.
Ғабит Мүсірепов- жазушы, драматург, аудармашы.
Жазушы 1933 жылы орыс жазушысы Максим Горкийдің «Адамның тууы», «Өлімді женген ана» дкгкн әңгімелерін қазақ тіліне аударған. Жазушының әйел образдары күшті жасалған шығармаларына қатты қызығып өзі де ана туралы «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима» атты әңгімелер жазды.
Бүгінгі біздің әңгімелейтініміз де ана жайында болмақ.
• Әңгіменің басталуы.(Оқиға ақ бас, соқыр қарт Әйтілестің: «Оқыңдар шулап» деп қойып, іркіт сабасындай іркілдеген молда мен саудагер Рамазанға ертеде өткен оқиғаны жаңғыртып айтатын әңгімесінен басталды.)
• Әңгіменің дамуы.(Әңгімедегі оқиға желісі Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуға аттануынан басталып, әрі қарай қалың жылқыны барымталап келе жатуы, тезек арқалап келе жатқан жас қызды олжалап, аттарына мінгестіріп алуы сияқты жайттарға ұласады. Осылайша оқиға желісі дамып, бірімен – бірі байланысып жалғаса береді.)
• Әңгіменің шиеленісуі.(Артынан қуып келген қыз анасының барымташылардың алдын орап алуы)
• Әңгіменің шарықтау шегі. (Әумесер Кейкінің үкімі – қызды шешесімен бірге ат жалына өңгеріп, күндікке алып кету.)
• Әңгіменің шешімі.(Сөзден жеңіліп, ойға шомып, тосылып қалған Жалпақ балуан Ана мен қызына бостандық береді)
Қолдану.
Жазушының тіл шеберлігі. Әдебиет теориясынан тапсырмалар беру.
Портрет дегеніміз не? (Бейшараның боз көйлегі жырым – жырым. Қолдары қарғаның тұяғындай қап-қара. Ерні қырық тілінген, жарық-жарық.)
Монолог (Менің атым - әйел, мына қыздың анасымын! Бәрінде анадан тудындар! Анамен атыспайды да, алыспайдыда. Нең бар еді менің жалғызымды? Кел ботам, өзіме!)
Диолог (Екі адамның сөйлесуі болса, шығармада Ана мен Жалпақ батыр арасындағы диолог болады)
Эпитет бар сөйлемді тауып оқу. Эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Шығармадан мысал: От жанған көз.
Аңыз дегеніміз не ? Тарихта болған адамдар жайында немесе елдің, рудың шыққан тегі туралы не нақтылы бір жерде өткен оқиғалар жайлы тарихи шындыққа негізделген, бірақ уақыт өте келе, көркем шығармаға айналып кеткен әңгімені аңыз дейміз.
Сюжет - Өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі.
Талдау.
Шығармадағы басты кейіпкерлер кімдер ?
Мінездеме беру.
Ана
Шығармадағы ана қайсар мінезді, батыр жүректі, баласы үшін өзіне төнген қатерден тайсалмайтын жан.
Жалпақ батыр.
Намысты, ержүрек, айтқанынан қайтпайтын батыл, сөзге тоқтай білетін, жігерлі жан
Кейкі.
Ұшқары ойлайтын, жеңіл мінезді, оспадарсыз күш иесі.
Бағалау.
Мінеки, Жалпақ батырды мүдірткен құдіретті күш Ана туралы бізде ой толғап көрсек қайтеді.
(Ойтолғау арналған сөйлем үзінділерін таратып шығамын)
1.Алып анадан туады...
2.Ананы сыйламаған адамды кім дер едің? Ол әрине ...
3.Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деген сөзді...
4."Анаға қарап қыз өсер" деп...
5.Анаға тағзым етейік ...
6.Анаға жыр арнамаған адам кемде-кем болар сірә, мен де ...
7.Ананың аялы алақанын мен ... теңер едім. Өйткені...
8.Балаға алдымен ананың ыстық ықыласы керек...
9.Ана алдындағы баланың парызы ешқашан...
10.Ана бейнесін модельдеу.
Үй тапсырмасы.
«Ана- сарқылмайтын күш» тақырыбына шығарма жазып келу.
Ана монологын жаттау.
Сабақтың соңын әнмен аяқтаймын.
(осы кезде тақтада ана туралы жыр жолдары тұруы керек)
Ана керек! О, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін Ананы!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.