Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мәтінді оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру -

Мәтінді оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1953 | Размер: | Автор: Нартай4540
. «Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп-интернаты» КММ

Озық іс – тәжірибені тарату
Камзабаева Лязат Орынбасаровна

Балқаш 2012-2013 оқу жылы
Тегі,аты,әкесінің аты :
Камзабаева Лязат Орынбасаровна
Туған жылы және жері : 1963 жыл,
Қарағанды облысы
Ұлты : қазақ
Жынысы : әйел
Білімі : жоғарғы ,Қарағанды Мемлекеттік Университеті
1987 жыл
Лауазымы және жұмыс орыны: физика пәнінің оқытушысы ,тәрбиеші

Біліктілік санаты : бірінші санат
Мектеп-интернатқа келген уақыты:2001 жыл
Алған наградалары және қашан :28.09.2006 жыл қалалық оқу бөлімінен еңбек кітапшасына алғыс жариялау
Тұрақты мекен- жайы: Қадыржанов көшесі 12 үй, 13 пәтер

«Балқаш қаласындағы жалпы типтік мектеп-интернаты» КММ

Өзіндік білім көтеру тақырыбым:
Мәтінді оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру
Балқаш қаласындағы типтік мектеп –интернатының тәрбиешісі Камзабаева Лязат Орынбасаровнаға мінездеме
Камзабаева Лязат Орынбасаровна тәрбиеші болып 2001 жылдан бастап еңбек етуде. Осы уақыт ішінде ол өзін жақсы маман ретінде таныта білді.
Камзабаева Лязат Орынбасаровна-өз шеберлігін көрсете алатын өзіндік әдістемелік нақышы бар ұстаз. Істің мақсатын құрып, оның орындалуына қажетті жағдайды айқындай алады.
Ұстаз ретінде педагогикалық міндеттерді жүзеге асыру үрдісін сауатты түрде ұйымдастырады. Алынған нәтижиелерді шебер саралап, тұжырымдар мен қорытындылар жасайды. Мұғалімдік жұмысты қоғамдық қызметпен ұштастыра біледі. Ол-ізетті, жаны жайдары ұстаз. Еңбексүйгіштік, өзіне талап қоя білу, ашық әңгімелесу, кез-келген жеткіншектің жүрегіне жол таба білу Лязат Орынбасаровнаның жұмысындағы басты ерекшелік болып табылады.
Лязат Орынбасаровна мектеп-интернатындағы «Өрлеу» тәрбиешілер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі. Мектеп интернатындағы тәрбиеленушілердің түлектері әр түрлі салада еңбек етіп, оқу оқып жатырү Осы түлектерді тәрбиелеп шығаруда Лязат Орынбасаровнаның да еңбегі зор. Өзін-өзі дамытуға ұмтылады, иновациалық технологиялармен танысып, оларды жұмыс барысында қолданады. Оқу үрдісінде оқушыларды оқытуда шығармашылық арқылы ұйымдастыруды көздейді.
Тәрбиеші халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұррыптарын бала бойына дарыта отырып, тіл байлығын дамытуды өзіне мақсат ете отырып, осы орайда өткізілген тәрбие сағаттарын жоғары деңгейде өткізе біледі. Белсенді, Ізетті адам ретінде Лязат Орынбасаровна ұжым арасында сыйлы, әркіммен тіл табыса білетін жаңашыл топтағы ұстаз әрі тәрбиеші.

Директор: Федянина.М.Ф.

Әріптестің пікірі
Мен,Тулендина Эльвира Нөкербековна типтік мектеп –интернатының география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймі., Лязат Орынбасаровн тәрбиеші болып жұмыс атқарған сыныпта сынып жетекшісі болдым.
Лязат Орынбасаровна - тәжірбиелі мұғалім,сауатты маман. Ол жоғары мәдениеттілігімен ,өнегесімен ,әріптестері мен оқушыларға ізетті қарым –қатынасымен ерекшеленеді.
Ұжымда Лязат Орынбасаровнаның парасаттылығы ,кішіпейілділігі ,өз ісіне жауапты маман иесі ретінде сыйлайды. Ол жақсы тәлімгер,жұмыс тәжірбиесімен қашанда бөлісуге дайын.
Ұстаздың негізгі мақсаты –сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету ,олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу,белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту,қоғамдық белсенділіктерін шыңдау,бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді. Сыныптан тыс іс- шараларды өткізе отырып Лязат Орынбасаровна баланы өмір тәжірбиесіне ынталандырып ,оқушылар үшін жеке тапсырмалар ойластырады.
Тәрбиешінің тәрбие жұмысының формасы оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын ,олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін,нақтылы істің композициялық құрылымын ,оның мазмұнын,атрибутттарын ,әдістемесін ,дайындап және өткізу технологиясын ,педагогикалық талдауын анықтайды. Ұстаз өткізген әрбір шара ,яғни «Тәрбие шарасы» топтық ,ұжымдық әрекет ретінде қарастырылады. Тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейтіп ,оны молайта түседі. Оқушылардың жеке қабілеттерін дамытады.
Тәжірбие жұмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында ұстаз белгілі бір үлгісін жасап қана қоймай ,тәрбие процесін сауатты және тиімді қамтамасыз етеді. Қызықты ұйымдастырылған тәрбие жұмыстары әртүрлі формада өтіп қана қоймай сонымен бірге оқушылардың жауапкершілігін арттырып, эстетикалық талғамдарын күшейтеді,сергектік сезімін ,өзінің туған жеріне ,өскен еліне ,Отанға деген сүйіспеншілігінің артуына ықпалын тигіздеді.
Тәрбие сағатында ең көп қолданылатын тақырыбы –адамгершілік тәрбиесі. Соған орай этикалық әңгімені ұйымдастыру : жолдастық және достық, әділеттілік және әділетсіздік ,қарапайымдылық және озбырлық,жомарттылық және қатыгезділік ,біреуге шын жүректен жақсылық жасау қасиеттеріне қатысты мәселелер қарастырылды. Осы мәселелерге қатысты өткізілген әңгімеде оқушыларға жалпы адамдық мораль ұстанымдарын жақсы ұғынуға ,өмір тәжірбиесін дұрыс та, нәтижелі қорытуға көмектеседі. Мұғалімнің әңгімесі оқушыларды тәрбиелеудегі осал тұстарын анықтауға мүмкіндік береді. Мәселені анықтап ,нәтижелерді талдау мұның бәрін ол жан –жақты ойластырады.

География пәнінің мұғалімі : Тулендина Э.Н.

Оқушы пікірі

Мен ,Адамбеков Ренат 2011 жылғы мектеп түлегімін. Қазіргі Балқаш қаласындағы политехникалық колледждің ІІ курс студентімін.
Лязат Орынбасаровна тәрбиешілік жұмыс істеген сыныпта оқыдым.Бізге 5-сыныптан бастап тәрбиеші болып жұмыс істеді. Ұжым болған жоқ. Бөлінген топтар мен жалғыз жүретін сыныптың шеттетілгендер болды. Ол бізден ұжым қалыптастыру үшін аянбай еңбек етіп ,сол еңбектің жемісін көрген парасатты ұстаз. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы барысында біздің өзіміз жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, сенімнің орнауына жағдай туғызды. Бізде ынтымақтастық ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастырды.Лязат Орынбасаровна тәрбие жұмыстары кезінде бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс екенін басып айтып қана қоймай ,оны дұрыс ұйымдастырада біледі. Ұстаз біздің таным қызығушылығымызды дамытып,бізге тәрбиелік ықпалын күшейтті. Тәрбиешіміз бізге 7-сыныпта физика пәнінен сабақ берді. Біз Лязат Орынбасаровнаны талап етуші, оқушыларын немқұрайлықпен қарамайтын олар үшін физиканы да сүйікті пәнге айналдыруға ұмтылған ұстаз ретінде сыйладық.
Ұстазымыздың тынымсыз еңбегінің арқасында біз бір тұтас ұжымға айналдық. Мектеп бітіргенімізге 2 жыл өтседе, біз жыл сайын туған мектебімізде ұстаздармен, сыныптастарымызбен кездесіп тұрамыз .
Лязат Орынбасаровна үнемі біздің қасымызда болып ренішімізбен қуанышымызды бөлісе алды. Біз оған сеніммен қарадық.
Тәрбиешіміздің кәсіби және жеке сапасының бір дәлелі сыныбымыздың оқушыларының дұрыс мамандық таңдауы деп санаймын.
1.Хабатай Алтынай –Балқаш медициналық колледж студенті.
2.Жумабекова Лаура - Балқаш медициналық колледж студенті.
3. Нұртаева Айдана -«Болашақ » колледж студенті.
4. Канафина Сабина № 2 БПЛ студенті.

Ата –аналардың пікірі

Камзабаева Лязат Орынбасаровна аталған мектепте 2001 жылдан бастап жұмыс жасайды. Осы мектеп-интернаты ашылғаннан бері бірнеше оқышыларды күтіп алып, талай оқушыларды өмір атты өзеннің ағысына жол сілтеген тәрбиешілердің бірі де бірегейі деуге болады.
Лязат Орынбасаровна алғашқы күннен бастап әр тәрбиеленушінің білімге деген ынтасын таба білді. Өмірден алынған қызықты деректерді пайдалана отырып, оқушылармен толық түсіністік орнатуға көмегін тигізетін маңызды өзекті дәл таба білді.
Лязат Орынбасаровна жоғары мәдениетті және кәсіби құзырлы, шығармашыл ұстаз әрі тәрбиеші. Балаларымыз бұл кісіні уәдесінде тұратын адам ретінде бағалады, ұжымда пайда болған барлық мәселені ата-аналарды жұмыстан бөлмей-ақ шеше білді. Балаларымыздың жөнсіз қылықтары туралы мектеп бітіргеннен кейін білдік.

Пікір жазған: Орынбаева Г.

Эссе
Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты-жан-жақты әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Жас ұрпаққа білім беру де. Оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу-әр ұстаздың ең басты, ең қасиетті міндеті.
Болашақ ұстаз өзінің кәсіби парызын санасы арқылы түсініп, ішкі ұстанымына айналдырса ғана, бойында сенім, илану пайда болып, өз жұмысында үлкен жауапкершілік жүктеліп, балаға деген сүйіспеншілігі артады.
Ізденуші ұстаз бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп әрі қарай өз бетінше дамыта түсінуге жағдай жасау керек.
Ұстаз өз білімін тынбай жетілдіруге, зерттеу жұмыстарын жүргізіп үнемі ізденісте болуы тиіс.
Мен 1987 жылдан бастап ұстаздық етіп келемін. Еліміз ел тәуелсіздігін алып, теңгеміз ауысқан алғашқы жылдары экономикалық дағдарысқа ауыл халқы шыдамай, ауылдан қалаға көшу басталды. Сол көштің бірі-менің отбасым еді. Ауыл мектептерінде бала саны азайып, көптеген мұғалімдер қысқартылды.
Қалаға көшіп келісімен, бірден жұмыс таба алмадым. Міне, осы кездері жалғыз мен емес, көп отбасылар қиындыққа шыдай алмай, әлеуметтік жағдайлары төмендеп кетті.
Әрине, оның зардабын балалар көреді. Осындай тығырықтан шығу үшін үкіметтің қолдауымен, қалалық оқу бөлімінің ұйғаруымен «әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балалары үшін» интернат ашылады дегенді естіп, қалалық оқу бөліміне бардым. Ол кезде интернатты қай мекемеде ашу керектігі де белгісіз болатын.
Көптен күткен күн де келіп жетті. Интернат ашылды деген сөз ғана. Бірден балалар қабылданбады. Жартылай құлап жатқан жатақхананы қалпына келтіруге біз де көмегімізді тигіздік.
2001 жылы 24 қазанда оқушылардың легі келе бастады. Қала мектептерінен әлеуметтік жағдайлары төмен және қоғамдағы қасірет, араққа салынып кеткен отбасылардың қаңғыбастыққа түсіп кеткен балалары қабылданды.
Содан бері 11 жыл уақыт өтіпті. Осы 11 жыл ішінде басымыздан жақсылық та өтті, жамандық та өтті. Атымызға айтылған небір ауыр сөздерді де естідік. Әрқашан да уақыт емші ғой.
Мен өзім бесінші сыныптан балаларды қабылдап 9 сыныпқа жеткізіп, шығарып салдым. Аман-есен «шығарып салдым» деп айту оңай, әрине. Алдыма тәрбиесі қиыншылық келтіретін көп бала болды.
2001 жылы сыныпқа әдебиет кітабында айтылғандай, «үсті-басы өрім-өрім» Ұ деген бала келді. Бәріміз де пендеміз ғой, бірақ «баланы осындай халге жеткізген заман ба, әлде ата-ана өзі ме?» -деп сұрақ қоясың. Заман, қоғам дейін десең, бұл қоғамда дұрыс өмір сүріп жатқан ата-аналар да басым. Сол бала осы интернаттан аппақ шатырдай көйлек, қыры сынған шалбар киіп, үлкен өмірге аттанды. Әжесі «сіздерге үлкен рахмет» деп ризалығын білдіріп жатты.
Айта берсек әлі де талай интернат өмірінің қилы-лы белестерін тілге тиек етуге болады, бірақ интернатымыз талай өзгерістерден өтіп ,қазіргі таңда жаңа технологиялармен қамтамасыз етілген, оқушылары заман талабына қарай өзгеруге бейім тұратын жаңаша өмір бастамасы ретінде, қаламыздың ауыз толтырып айтуға жеткен интернат қаатарына қосылдық деп айтсақ та аздық етпейді деп ойлаймын.


«Тіашар» үйірме жұмысының бағдарламасы.

Құрастырушы:Камзабаева Л.О.

Балқаш қаласы 2012-2013ж.ж

«Тілашар» үйірмесі
Р.с Шешендік өнердің әліппесі сағаты мерзімі
1 Өзіңді –өзің тексеріп көр 1
2 Шешендік өнер 1
3 Кіммен қалай сөйлесеміз 1
4 Кім айтты? Не айтты? Кімге айтты? 1
5 Өлеңдегі сөздердің ұйқасуы 1
6 Ер төстік туралы ертегі 1
7 Жүйелі сөз жүйесін табады 1
8 Біз қалай сөйлейміз? 1
9 Ырғақпен сөйлейміз 1
10 Екпін түсіріп сөйлеу 1
11 Ширату 1
12 Сөйлеушінің ішкі сезімі мен көңіл күйі 1
13 Бұйрық беріп сөйлеу,шарасыздық таныту,ашу шақыру 1
14 Ыммен түсіндіру және ишарамен білдіру 1
15 Айтқызбай түсіну 1
16 Ширату 1
17 Тыңдай білуді үйренейік 1
18 Мұқият тыңдауды үйренейік 1
19 Кейіпкерлер көңіл-күйі 1
20 Тыңдаймыз және түсінік сөзді анықтаймыз 2
21 Қалай сөйлеп тұрғанын аңғару 1
22 Сабақты мұқият тыңдаймыз 2
23 Сыпайы өтініш, өтіне білу де өнер 2
24 Жанама өтініш 1
25 Оқуды және жазуды үйренеміз 1
26 Әліппе және әліпби 1
27 Суреттер және фотосуреттер,кестелер және сызбалар 1
28 Мәтін 1
29 Тақырып және негізгі ой 1
30 Тірек сөздер 2
31 Мазмұнын айту 1
32 Қысқаша мазмұнын айту 2
33 Мәтіндегі тыныс белгілері 1
34 Тілден артық не бар,тілден жаман не бар 1
35 Өне алды- қызыл тіл 2
36 Ең маңызды сөздер 1
37 Таныс, бейтаныстар 1
38 Өтіну 1
39 Келісу және бас тарту 1
40 Сыпайы не дөрекі бас тарту 1
41 Кешірім сұрау 1
42 Сен қалай жауап берер едің 1
43 Өтінішті орындаудан бас тарту 1
44 Әдептілік белгісі 1
45 Алғыс 1
46 Мәтіннің түрлері 1
47 Пайымдау,мысал келтіре отырып пайымдау 2
48 Заңға және ережеге сілтеме жасау 1
49 Дәйекті және дәйексіз 1
50 Суреттеу 1
51 Заттың нышаны 1
52 Хабарландырудағы суреттеу 1
53 Суреттеу түріндегі жұмбақ 1
54 Өзің жұмбақ құрастыр 1
55 Маңдайшадағы суреттер мен жазулар 1
56 Қайталау сабағы 4


Түсінік хат
Шешендік өнер-өте көне ғылым. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Ал бесіктен басталатын тәрбиенің бірден-бірі-қазақ ауыз әдебиеті. Шешендік өнер болса, ауыз әдебиетінің бір саласы.Балаларды мектеп табалдырығын аттағаннан бастап дұрыс сөйлеуге, дұрыс ойлауға, сөздің мағынасын түсінуге тәрбиелеу- мұғалімнің міндеті,ата-ананың парызы. Тапқырлықпен айтылған, көркем тілмен жеткізілген үлгілі ой-тұжырымдарды шешендік дейміз.Мұндай сөздер халықтың даналығын, тілдің байлығын көрсетеді.

Мақсаты:
Оқушыларды шешендік өнерге үйрете отырып,сыпайы және дұрыс сөйлеуді үйрету,сөздердің мағынасы және айырмашылығын айқындауға жол көрсету.
Міндеті:
1. Өз беттерімен кітапқа деген құрметтерін арттыру.
2. Сөйлем құрауды,жаттығулар жасауды үйрету.
3. Көркем және шебер сөйлеуге, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.

Күтілетін нәтиже:
Шешендік сабағымызды қорытындылай келе біз оқушыларданкүтетініміз тіл арқылы алған білімімізден қаншалықты пайда көргеніміз, мысалы «Тілден артық не бар, тілден жаман не бар» атты сөздің мағынасын қаншалықты жете түсінгендерін, сыпай сөйлеудің қандай пайда келтіретінін ұғынғанын білу.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Асқарбаева.А. Сыныптан тыс оқу. Алматы 1992.
2. Қожахметова.Х. Мәнерлеп оқу. Алматы, 1982.
3. Мереке Құлкенов. Шешендік өнердің әліппесі. Алматы,2010.
Ерешева.К. Шешендік өнердің әліппесі. Алматы,2010

«Балқаш қаласындағы жалпы типтік мектеп-интернаты» КММ

«Тәрбие сағаттарының топтамасы»
Жинақтаған:Камзабаева Л.О.


Балқаш қаласы 2012-2013ж.ж

Мақсаты: Оқушылардың сөз байлығын молайтып, мәнерлі де мәнді сөйлеуге ұйымдастыра оқыту және оқушы шығармашылықтарын дамыту.


Міндеттері:
1 Балалардың өмірге қажетті білік-дағдыларын тереңдете отырып, ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге баулу.
2 Адамгершілікке,инабаттылыққа ,имандылыққа тәрбиелеу.




Жинақтаған: Балқаш қаласы,жалпы типтік мектеп-интернатының тәрбиешісі:
Камзабаева Лязат Орынбасаровна.


Пікір.
Сынып тәрбиешісі жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеретін оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы, оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы; Оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын тәрбиелік күштердің мектеп, отбасы, қоғам басын қосушы, үйлестірушісі.
Осы бастапқы міндеттерді ескере отырып, сынып жетекшісінің негізгі қызметтері айқындалады. Осы аталған топтамадағы Лязат Орынбасаровнаның оқушылармен жасаған жұмыстары: «Әз-Наурыз», «Спорт денсаулық кепілі», «Тәрбие –басы өз тілің» және тағы бірнеше тәрбиелік мәні өте зор еңбектері енген.

Пікір жазған: Мектептің педагог-психологы: Калибекова.К.М.

«
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.