Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мақал-мәтелдер. -

Мақал-мәтелдер.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2441 | Размер: | Автор: гость
. Зубайраева Гульмира,
«Бабай-Қорған» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер.

Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Мақал-мәтелдерді күнделікті өмірде,сабақ үстінде қолдана білу.
Ә) Дамытушылық: Мақал-мәтелдердің сөздік құрамды молайтатынын түсіндіру. Мәтін ішінде мақалдар жаздыру арқылы тілін дамыту.
Б) тәрбиелік: Қазақ тілі әуенді сұлу, сөзге бай тіл екенін айту. Мақал-мәтелдер арқылы адамгершілікке,ұлттық тәрбие беруге,үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсете білуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: іздендіру,сұрақ-жауап, жинақтау.
Пән аралық байланыс: Әдебиет,тарих.
Сабақтың көрнекілігі: сөз жұмбақ,мақал-мәтелді сөздер.
Сабақтың жоспары:
1. Кіріспе.
2. Ұйымдастыру кезеңі
3. Психологиялық дайындық.

2. Негізгі бөлім.
1. «Кім тапқыр» ойыны.
2. «Кім жылдам» ойыны.
3. Дәптермен жұмыс.
4. «Сиқырлы сандық» ойыны.
5. Өзіндік жұмыс.
6. «Кім жүйрік».
7. Сөзжұмбақ.
8. Қорытынды.

9.Үйге тапсырма.
10. Бағалау.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
Оқушыларды түгелдеп,психологиялық дайындық.
Құрметті оқушылар! «Сәлем – сөздің анасы» деген әйгілі Бұқар жырау. Бүкіл әдет-ғұрып,әдеп пен ізет сәлемдесуден басталады. Меніңше, әдет-ғұрып әр халықтың өзіндік ерекшеліктері болып табылады.
Қазақ тілім – өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұқтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым,дара тілім.
- Міне балалар, кемеңгер,ғұлама ақын жазушыларымыздың тілі – туған тіліміз – қазақ тілі.
- Қане, олай болса,туған тіліміз қазақ тілін кім қалай меңгергенін, білетінін байқап көрелік. Іске сәт.
- Оқушылардан үйге берілген тапсырманы «мен саған, сен маған» әдісі арқылы сұрау.
Үйге берілген 120-жаттығуды тексеріп, бағалау.
Өткен сабақтан сұрақтар қойып қайталау.
1. Антоним дегеніміз не?
2. Амоним қалай жасалады? Мысал келтір.
3. Синоним сөздерге мысал келтір.
4. Тұрақты тіркестер қалай жасалады?
5. Эвфемизм дегеніміз не?
6. Дисфемизм дегеніміз не?
7. Табу сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?
Сыныпта оқушыларды үлестірме қағаз таңдату арқылы сыныпты екі топқа бөліп аламын.


1-топ. «Тұлпар»
2-топ. «Сұңқар».
2 топқа топтарына байланысты мақал-мәтел айтқызып қорғау.
1-топ «Тұлпар»
Жеті қазынаның бірі. Тұлпар мінсе көлік,сүтін ішсе сусын,емдік қасиеті де күшті болған.
1. Ит қаппас деме, ат теппес деме.
2. Жақсы ат аяғынан қалар.
3. Ер қанаты - ат.
4. Атың жақсы болса, жолдың пырағы
Жарың жақсы болса,жанның шырағы.
2-топ «Сұңқар»
Қазақстанда құстың түрлері өте көп, соның бірі Сұңқар. Құс адамның досы. Біз күннің суытатынын, жылитынын құстардан білеміз.
1. Бала бүркіт барлап ұшады,
Балапан бүркіт шарлап ұшады.
Жаңа сабақ.
Миға шабуыл:
«Кім тапқыр» ойыны.
Тақтаға плакатқа орындары ауыстырылып жазылған бірнеше мақал-мәтелдер ілінеді. Сол мақалдардың сөздерін ретімен қойып құрау керек.
1. Жақсының ұстамы ұстазы жақсы. (Ұстазы жақсының ұстамы жақсы).
2. Озар ұстаздан шәкірт. (Ұстаздан шәкірт озар).
3. Білім ордасы мектеп, тұлғасы мектеп-ұстаз. (Мектеп білім ордасы, ұстаз-мектеп тұлғасы)
4. Болса талантты ұстазы,талапты болады шәкірті. (Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады)
5. Күңгірт нәрсе ұстазға,қараңғы түн шәкіртке. (Ұстазға күңгірт нәрсе – шәкіртке қараңғы түндей)
6. Қайыспас қанат сыйлайды түлегіне қыран, Талмайтын талап сыйлайды шәкіртіне ұстаз.
(Қыран түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, Ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды)

Міне балалар жақында қандай мейрам болды. Қарашаның бірінші аптасында қандай мейрам аталып өтілді. Құралған мақал-мәтелдердің барлығы ұстаздарға байланысты болып тұр. Ұстаздар мейрамы болды ия балалар.Балалар сендер әдебиет сабағында да, өттіңдер мақал-мәтел дегеніміз қандай сөздер екен. Сонымен қане бәріміз бірге ережесін анықтайықшы. Балалар бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы мақал және мәтелдер. Балалар «Сөздің көркі – мақал» деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын деген сөзіңді ұнамды етіп жеткізе аласың. Мақалды көп біліп, көп қолданылатын адамдардың білімі терең болады.
Мақал дегеніміз тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сөздерді айтамыз. Мысалы: Кең болсаң, кем болмайсың.
Мәтелдерде ой-пікірді бейнелі, тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Мысалы: Қызым, саған айтам, келінім сен тыңда.
Дәптермен жұмыс.
Екі топтың да оқушыларына дәптермен жұмыс жасату. Оқулықта берілген 126-жаттығуды орындату.
«Сиқырлы сандық» ойыны.
Ойланайық, ойлайық.
Ұйқасын тауып қояйық.
Қандай мақал болса да,
Сыңарын таппай қоймайық.
1. Қызға ..... үйден тыйым.
2. ..... ала болса ауыздағы кетеді.
3. Жақсының ..... жарастыру, жаманның ..... таластыру.
4. Молданы ..... көр, делдалды ..... көр.
5. ..... саусақ бірдей емес.
6. Ер жігіттің ..... сөйлегені өлгені.
7. ...... жасар бала алыстан келсе, ..... қария сәлем берер.
8. ..... атасын білмеген жетесіз.
9. Саудагерде .... жоқ – арын сатар.
Өтірікшіде ..... жоқ – жанын сатар
10. Сөзің тәтті болсын, ..... сәтті болсын.

Сергіту сәті.
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Мақал-мәтел көп жаттап,
Өсе берсін санамыз.
Өзіндік жұмыс.
Балаларға тақтаға плакатқа орыны ауыстырылған сөздер ілінеді. Осы сөздерден мақал-мәтелдер құрастырып дәптерге жазу керек.
қолы ортақ тілі шешеннің шебердің ортақ
бергенше түйедей бой ой түймедей Берсін
(Шебердің қолы ортақ,шешеннің тілі ортақ)
(Түйедей бой бергенше, түймедей ой берсін)
Кім жүйрік ойыны.
2 топқа мақал-мәтелдер жазылған үлестірме қағаздары беріледі. Осы сөздердің мақал не мәтел екенін жылдам ажыратып айту керек.
1. Жақсыда мін жоқ, Жүйрікте сын жоқ.
2. Бөлінгенді бөрі жейді.
3. Жақсы кісі байқап сөйлер, жаман кісі шайқап сөйлер.
4. Жақсы жолдас жанға серік, өнімі оның көл-көсір.
5. Кең болсаң кем болмайсың.!
6. Қасқыр да жолдасына, қас қылмайды.

Сөзжұмбақ.



Сабақты қорыту:
Сонымен балалар,мақал-мәтелдер – ғасырлар шежіресі. Онда халық тарихы,оның әлеуметтік тіршілігі,ақыл-өнегесі тоғысқан. Халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сиғызып,асқан шеберлік танытқан.
Үйге тапсырма: «Алтын күз» тақырыбы бойынша мақал-мәтел қатыстыра отырып мәтін құрау. 137-жаттығуды орындау.

Бағалау:
Оқушыларды бағалау үшін критериалды бағалау түрін пайдаландым.
Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы Кім тапқыр Кім жылдам Дәптермен жұмыс Сиқырлы сандық Өзіндік жұмыс Кім жүйрік Сөз жұмбақ Ұпай Баға
Самен С
Назымхан Д
Амангелді Е
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.