Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мақал-мәтелдер айтысы -

Мақал-мәтелдер айтысы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3658 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Мақал-мәтелдер айтысы


Кабылбаева Раушан Курманалиевна
Бәйдібек ауданы, Абай атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Мен өз сабағымды мақал-мәтелдердің теориялық жақтарына, олардың бір-бірінен айырмашылықтарына ден қоймай-ақ, тәрбиелік мақсатта жиі қолданамын.
Ол жекелеген пәндерді оқыту барысында да немесе тіптен арнаулы сабақтарымда көрініс береді. Осындай бір тәрбие сағатының барысын көпшілік талқысына ұсынып отырмын. Сабақты бір тақырып, бір оқиға негізінде жүйелеуге күш салдым. Сол себептен мұнда бір мағынадағы мақал-мәтелдерден екінші мағынадағы мақал-мәтелге оқиға желісін үзбей көшу табиғи жолмен жүзеге асады.
Тақырыбы: Мақал-мәтелдер айтысы
Сабақтың мақсаттары: Мақал-мәтелдерді дұрыс қолдана білуге, әдептілікке, ұлттық дәстүрді құрметтеуге баулу.
Тәрбие сағатының барысы.
1. Ұйымдастыру жұмысы.
2. кіріспе.
Қымбатты оқушылар, қазақ халқының би, шешендері бір ауыз ұтымды сөзбен, оралымды келісті мақал-мәтелмен небір үлкен дау-дамайларды шешкен. Сондықтан да мақал-мәтелдерді үйрену, оның мағынасын түсіну сендерді қазақ халқының тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын түсінуге, шебер де әдемі сөйлеуге үйретеді. Қанеки, мынадай мақал-мәтелдердің мағынасына үңіліп көрейікші.
Мақалдар: «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді», «Адам көңілді болса, ісі де өнімді болады», «Туған жерге туыңды тік».
Мәтелдер: «Апама жездем сай», «Асатпай жатып, құлдық деп».
Осындай мақал-мәтелдердің мағынасын талқылаудан бастаған сабақ ары қарай жүйелене береді.
Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып екшеліп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың мақал-мәтелдері.
Мақал-мәтелдердің ерекше қасиеті көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі, тілінің өткірлігі, мағынасының тереңдігі.
Мақал-мәтелдер қай халықтың да жан-дүниесінің, мінез-бітімінің, тыныс-тірлігінің айнасы; ол сол халықтың сөздік қорының байлығын танытып қана қоймайды, оның уақыт озған сайын құны артпаса, арзымас қазына екенін де сездірер белгісі. Өйткені қазақтың мақал-мәтелдерінің айтары - өсиет, ұлағат, тәлім, парасат, ізгілік.
Мақал-мәтелдер де халық мұрасы.
3. Тақырып бойынша мақал-мәтел айтысы.
Шам туралы мақал.
Түйе туралы мақал.
Оқу-білім туралы мақал.
Су туралы мақал.
Бала туралы мақал.
4. Жалғасын тап (мақалдың алғашқы жолы айтылады, келесі жолын ойыншы жалғастырады).
Батыр қол бастайды, ... .
Батыр туса – ел ырысы, ... .
Сағынған елін аңсайды, ... .
Өз елімнің бас болмасамда, ... .
Еңбек етсең ерінбей, ... .
5. Мақал мәтелдер айтысы.
1) Сәлеметсіз бе? «Көрген жерде ауыл бар» - деп келіп қалдық.
1) «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді», - демекші, қалыңыз қалай?
2) «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» дегендей, қандай әдепті баласыңдар!
3) «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады», деуші еді, келіңіздер, төрге шығыңыздар, қонақ болып кетіңіздер.
4) «Жат асына қарайды, дос басына қарайды», - деуші еді аталарымыз, қысылмаңыз.
5) «Қонағын сыйласа, төрге шық», - дегендей, төрге шығайық.
6) «Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше», - демекші, таныса отырайық.
7) «Мыңнан түсін танығанша, бірдің атын біл», - деген. Есіміңіз кім болады?
(Бәрі танысады.) Менің есімім – Асылзада.
1б. «Ас – адамның арқауы», - деген, ас алып отырайық.
2б. «Ойбай-ау, жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын».
3б. «Досыңның асын қасындай іш!» - демекші, Алла риза болсын.
4б. «Дастарханға ас қойдым, екі қолды бос қойдым», - деген, ас алып отырайық.
5б. «Көңілмен берсе, қара су да бал татыр».
6б. Иә, «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам», - демекші, досың көп болғанға не жетсін!
7б. Халқымызда «Қонақ кәде» деген болушы еді. «Өнерлі өрге жүзер» дегендей, өнерлеріңіз болса, көрсете отырыңыздар.
8б. Алдымен ауылдың алты ауызы айтылмаушы ма еді?
Ән. «Қуыршағым» - Теңелбай Асылзаданың орындауында.
Ұлттық ойын ойнату – «Сақина салу».
Ребус шешу.
1. «Өнер алды – қызыл тіл».
2. «Орақ ауыз, от тілді».
3. «Сөз атасы – құлақ,
Жол атасы – тұяқ,
Су атасы – бұлақ».
Шешкен топ мақалдың мағынасын түсіндіреді.
1. «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» - дегендей, ауылымызда той болып жатыр. Қазақ тілі апталығы өтіп жатыр.
2. Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын – деген.
3. «Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ» - жақсы отырдық, қайтайық.
4. «Қырықтың бірі – Қыдыр» - деген келіп тұрыңыздар.
5. «Таз таранғанша – той тарқар» - демекші, қайтайық.
6. «Тойған жерге тоғыз кел» - демекші, тағы келіп қалармыз.
7. «Қонағыңнан алғыс алма, алғыс ал» - деген көне бір бата беріп жібер.
8. Бата: «Жүйрік тілді ақын бол!,
Жақсыларға жақын бол!
Достарыңмен тату бол,
Дұшпаныңа қату бол!

Ұсақ болма, ірі бол,
өз ортаңның гүлі бол!
Ата-анаңның көзінің
Сөнбейтұғын нұры бол!

Кім болсаң да, әйтеуір,
Азаматтың бірі бол,
Туған елдің ұлы бол!»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.