.
.
Маңғыстау облысы Мақта қыз бен мысық
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2679 | Размер: | Автор: гостьМаңғыстау ауданы
Ұштаған ауылы
«Сазды» шағын орталығының тәрбиешісі
Аралбаева Қамар
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу –іс әрекеті: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»
Мақсаты: «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің мазмұнымен таныстыру. Баланы өз ойын еркін айтуға, тіл байлықтарын молайтға, шығармашылық қасиетін дамытуға қызығушылықтарын арттыру, сын тұрғысынан қарауға үйрету.
Сабақтың міндеті: «Мақта қыз бен мысық » ертегісінің мазмұнын түсіндіру,тақырыбы мен идеясын ашу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Слайд,хрестоматия, суреттер, үлгілер, Мақта қыз бен мысық кейіпкерлерінің бейнесі.
Сөздік жұмыс: Бір уыс, Мақта қыз, мысық.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, тіл дамыту, сурет.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері.
Педагогпен бірге орындайды.
Біз көңілді баламыз,
Шаттық әнге саламыз.
Айгөлек – ау айгөлек,
Би билейміз дөңгелеп.
-Міне қандай тамаша! Өнерлі, биші, ақылды балалар екенсіңдер!
Шеңбер бойына тұрып, қимыл жасайды.
Ұйастырушылық- ізденістік Кіріспе әңгіме.
- Бүгінгі оқу іс – әрекетінде «Мақта қыз бен мысық» ертегісін оқып, оның мазмұнынын ашып әңгімелейміз. Ертегіні оқып беру.
Қызығушылығын ояту.
Балалар өз таңдаулары бойынша 4 топқа бөлінеді
1- топ. Ертегіні рөлдерге бөліп ойнау.
2- топ . Ертегінің кейіпкерлеріне қарап әңгіме құрастыру.
3- топ. Ойтолғау (осы ертегіні тыңдағанда не ойладың, мысықтың орнында болсаң сүтті төгер ма едің,
4- топ. Ертегіден алған әсер бойынша сурет салу.
Сергіту сәті
Қорбаңдаған аюдың ,
Құлпынайы көп екен.
Теріп теріп алайық,
Қалтамызға салайық!
Сұрақ – жауап
- Сендерге ертегі ұнады ма?
- Ертегі кейіпкерлерін естеріңе түсіре аласыңдар ма?
Балалар мұқият тыңдайды.
Сахналайды
Балалар суретке қарап әңгіме құрайды.
Мен мысық болсам , Мақта қыздың қатығын төкпес едім. Екеуміз дос болар едік.
Балалар сурет салады.
Қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.
Балалардың жауабы.
Рефлексиалық түзетушілік
Өз ойларын білдіргені үшін балаларға мақтау, мадақтау.
Күтілетін нәтежие:
Біледі : ертегінің мазмұны мен кейіпкерлердің аттарын.
Игерді: кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалай білуді.Қағаз бетіне түсіруді. Кейіпкерлердің жағымды немесе жағымсыз екенін айыруды
Меңгерді: ертегінің мазмұнын айта білуді. Рөлдерде ойнауды.
Ертегіні сахналау.
Мақта үй жинап жүріп құрт тауып алады. Мақта қыз мысықты шақырды: - Мияуым менің, қайдасың? Мяу? Тарғылым менің, келе ғой. Мен саған... (Мақта қыз жан – жағына қарап мысықты іздейді. Ашуланады.)
-Келмесең қой. Өз обалың өзіңе(Қыз дәнді жеп қояды.) Бір кезде асықтай басып мысық келеді:
- Мақта қыз сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз:
-Айтпаймын.
Мысық:
-Ендеше мен сенің қатығыңды төгемін. (төгеді)
Мақта қыз:
-Сол үшін мен сенің кесіп аламын.(кесіп алады)
Мысық:
-берші құйрығымды.
Мақта қыз:
-Қатығымды қайтарып бер.
Мысық: (Сиырға барады)
-Сиыр, сиыр, маған қатық берші.
Сиыр:
-Менің қарным ашып түр, жапырақ әкеліп берші.
Мысық(Ағашқа барады)
-Ағаш, ағаш, маған жапырағыңнан берші.
Ағаш:
-Мені көп болды ешкім суармады. Шөлдеп тұрмын, су әкеліп берші. Сонда мен саған жапырақ беремін.
Мысық: (Су әкеле жатқан қыздарға келіп)
-Маған суыңнан берші
Қыз:
-Сен маған сағыз әкеліп бер, мен саған су беремін
Мысық:
-Дүкенші, дүкенші, маған сағыз беріңізші.
Дүкенші:
-Саған сағыз берсем, сен маған тауықтың жұмыртқасын әкеліп бересің
(Мысық әбден шарршарйды. Жұмыртқа іздеп, тауыққа барады.)
Мысық:
Тауық, тауық,маған жұмартқаңнаан берші.
Тауық:
-Біздің қарнымыз ашты, сен бізге дән әкеліп бер.
(Мысық ойға батып,басын ұстап, не істерін білмей отырып қалады)
Мысық ін қазып жатқан тышқанды көріп қалады.
- Үйіңде не ба? Жаныңның барында айт, тез. Әйтпесе қазір жеп қоямын.
Тышқан:
-Үйімде бір уыс тары бар
(Қорқып, бұғып зәре құты қалмай)
Мысық
-Жылдам, бол , бір уыс тары бер маған.
Тышқан:
-Мә-ә-ә –ші ағатай, ала ғой.
Мысық:
-Тауық, тауық, мә, ал дәніңді.
Тауық:
-Міне саған жұмыртқа
(дәнді тарелкеге салып, жұмыртқа береді)
Мысық:
-Дүкенші мен сізге жұмыртқа әкелдім, сағыз беріңізші.
Қыздар:
-О, алақаймысық бізге сағыз әкелді, мына бір шелек су сенікі ала қой.
(Мысық бір шелек суды ағаш түбіне құяды)
Ағаш:
-Рахат-ай, суыңды ішіп, шөлім әбден қанды. Қанша алсаңда ала қой жапырағымды.
Мысық:
-Сиыр, сиыр, жылдамырақ жапырағыңды ала қойшы қатығыңнан бере қойшы.
Мақта қыз:
(қатығын алады)
-Көрдің бе, мысығым, құрт жей ғой деп шақырғанда келе қоймадың. Айтқан тілімді алмадың, құйрығыңнан айырылдың. Құйрығыңды қайтарып аламын деп қанша әуреге түстің. Дұрыс болды ма осың?
Мысық:
(Мысық әбден шаршаған кейіппен)
-Қателігімді мойындаймын. Айтқаныңды екі етпей орындаймын.
Ке-шір-ші, мяу-у-у-у!
Мысық досының бұл сөзіне риза болған Мақта құйрығын қайтарып береді.
Шымылдық жабылады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.