Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мағынасы  қарама-қарсы сөздер. -

Мағынасы қарама-қарсы сөздер.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2321 | Размер: | Автор: гость
. Қалдыбаева Раушан Амангельдиевна. Әдебиеттік оқу. Сәкен Сейфуллин. Қызыл шұнақ. 3 «В» сынып. Қазақ тілі. Мағынасы қарама-қарсы сөздер. 3 «В» сынып

Төлеби ауданы Леңгер қаласы № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қалдыбаева Раушан Амангельдиевна. Қазақ тілі. Мағынасы қарама-қарсы сөздер. 3 «В» сынып

Сабақтың тақырыбы: Мағынасы қарама-қарсы сөздер.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы
мағлұмат беру.Түрлі тапсырмалар орындай отырып
білімдерін пысықтай түсу.
2.Дамытушылығы: тіл байлығын, сөздік қорларын,сөйлем ішінен қарама-
қарсы мағыналы сөздерді табу қабілеттерін арттыра
отырып ой өрісін дамыту.
3.Тәрбиелігі: бала бойында қоршаған ортаға деген адами қасиеттерін
қалыптастыру.Сауатты жазуға,мамандықты таңдай білуге
баулу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Көрнекілігі:плакат,карточка.
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Амандасу сәті
Ақ көңілді жүрекпен
Ақ ниетті тілекпен
Амандасып алайық
Қонақтарға ізетпен
2.Психологиялық сәт.
Жарқырап күнде ашылды
Айналаға нұр шашылды
Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену
Еңбектену арқылы 5-ке қолды жеткізу!
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Ой қозғау.
Біздің мемлекетіміз - Қазақстан Республикасы.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Н.Ә.Назарбаев "Ел болашағы -білімді ұрпақ "-деп үлкен сенім білдіруде.
Қазір сендер кішкентай болғанмен,ертең еліміздің кемелденуіне үлкен үлес қосатын маман болып еңбек ететіндеріңе сенімім мол.Содан біз қазірден бастап мамандық таңдауымыз керек.Мамандардың бәрі ұстаздан білім алған.

4 .Мұғалімнің тапсырмасы.
Өткен сабақты қайталау. Кім жүйрік? ойыны

Заттың Сапаның Қимылдың Санның
атауы атауы атауы атауы
Күн . Кітап. Әдемі . Биік . Отырды. Жазды . Он . Елу.
5.Жаңа сабақ.
Кім жылдам? ойыны. Тақтадағы суреттер арқылы қарама-қарсы сөздерді табу.
Дәптермен жұмыс .Күн ретін жазу.
Көркем жазу. Кк
Дәрігердің тапсырмасы. "Кім тапқыр?"
Кіші-үлкен Қысқа-ұзын
Қара -ақ Биік-аласа
Кең-тар Жаман-жақсы
Жарық-қараңғы Жақын- Алыс
Қалың-жұқа Жылы-суық
Қисық-түзу Тәтті-Ащы
Ұшқыштың тапсырмасы
6. Оқулықпен жұмыс.
1.285 жаттығу.Мағынасы қарама-қарсы сөздерді табу. ( Ауызша)
2. 286 жаттығу.Мақалды жатқа жазу
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары -төмен қарайық
Бір отырып бір тұрып
Орнымызды табайық. Қарама-қарсы сөздерді табайық.
7.Тігіншінің тапсырмасы.
1.287- жаттығу. Сөйлем құрау.
Таза Лас Тар Кең
2.288 жаттығу Мағынасы қарама-қарсы сөздерді табу.
Арзан-қымбат Мейрімді-қатыгез Әлсіз-мықты
Таза-лас Терең-тайыз
8. Жүргізуші тапсырмасы.
Қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып,есепті шығару.
1. Қалың дәптер 25теңге,оған қарағанда жұқа дәптер 5 теңге арзан
Жұқа дәптер қанша тұрады?
2.Жұмбақты шешу : Оң жағымба бес сарбаз
Сол жағымда бес сарбаз.(Он саусақ)
Алақанымен үй ішін аялайды
Бірақ кір-қоқысты аямайды.(Сыпырғыш)
9. Сабақты бекіту.Суретке қарап әңгіме құрау.
10. Ұй тапсырмасы беріледі.287-жаттығу.
11. Бағалау. Бағалау парақшасы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.