.
.
№35 ЖББОМ КММ Мағжан Жұмабаев «Балапан қанат қақты»
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1832 | Размер: | Автор: гостьБастауыш сынып мұғалімі
Адамова Арай Канатовна
Күні: 04.12.2014ж Сыныбы 2
Пән: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Балапан қанат қақты»
Мақсаты: Оқушылар мәтіннің мағынасын талдай отырып, негізгі оқиғаны, идеяны ұғынады. Мәтінмен танысады, мазмұнын ашады. Кейіпкердің ісіне баға береді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуда: Оқушылар оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамытады,қиялын шарықтатады және сезімін оятады.
Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеттер: Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып ортақ қорытынды шығарады.Өз пікірін дәлелдейді, өз ойларын ашық айтады.
Тәрбиелік: ұжымшылдыққа, пікір алмасуға, басқаның пікірін тыңдауға, қамқорлық жасауға қорытынды жасауға машықтандыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Құрал жабдықтар, көрнекі құралдар: М.Жұмабаевтың портреті, балапанның суреті, сызбалар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, дүниетану, математика
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылардың құрал-жабдықтарын сабаққа даярлау.
- Топқа бөлу
Психологиялық дайындық:
- Көз не үшін керек? - Жақсыларды көру үшін.
- Екі құлақ не үшін керек? - Ақыл кеңес тыңдау үшін.
- Екі қол не үшін керек? - Елге көмек беру үшін.
- Екі аяқ не үшін керек? - Шетте жүрсең
Туған жерге жету үшін.
- Дұрыс олай болса мен сендердің құлақтарыңа, көздеріңе, аяқтарыңа, қолдарыңа саулық тілеймін.
І. Үй тапсырмасын сұрау:
- Міржақып Дулатовтың «Мектепке», «Мектептен» өлеңін жатқа сұрау.
- Сызбаға сүйеніп екі өлеңді салыстыру.
Мектепке Екі мәтінге ортақ белгілер Мектептен
1.Ақын қысқы қар туралы не дейді?
2.Ақынның пікірі:
3.Осы пікір бұрын оқыған қай өлеңде кездесіп отырды? 1.Авторы кім?Ол туралы не білесің?
2.Өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген?
3. Суыққа тоңған адамның беті туралы екі өлеңдегі пікірі қандай? Балалардың көңіл күйі туралы не делінген?
«Бәге ойыны» ауызша сұрақтарға жауап алу:
10- М. Мақатаев кім?
20 – М.Дулаов қай жерде туған? (Қостанай)
30 – Үш биді ата
40- Ертегінің түрлерін ата
50- Аңыз дегеніміз не?
60 – Қазақ даласына алғаш білім жарығын
алып келген адам (Ы.Алтынсарин)
70 – «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде бес
жаман іс
Жұмбақ шешу: Өліден тірі туады. (Балапан)
Жаңылтпаш жаттау : Қыс қатты – ақ
Қыспаққа ап,
Құс тоңып жүр
Қыстап қап.
1-топ: Дүниетану пәні бойынша: үй құсының балапаны мен дала құсының балапанын салыстыру.
Венн диаграммасын көрсету. Үй құсы балапанын үйде күтеді, сүйкімді, әлсіз, мамық жүні жұмсақ. Дала құсы балапанын анасы асырайды, өздігінен тамақ жейді, сүйкімді, әлсіз.
2 – топ: Балапан сөзіне ауызша дыбыстық талдау жасау
Б – дау-з, ұяң А – дау-ы, жуан Н – дау-з, үнді
А – дау-ы, жуан П – дау-ы, қатаң
Л – дау-з, үнді А – дау-ы, жуан
Жаңа сабақ: 1.Мағжан Жұмабаев «Балапан қанат қақты»
Оқулықпен жұмыс: 1. Мәтінді тізбектеп оқу, әңгімелеу.
2. Әңгімедегі оқиғаны өз бетіңмен жалғастыр
Сергіту сәті: Тереңдет ойыңды,
Тiк ұста бойыңды.
Құстарға ұқсайық,
Қалықтап ұшайық.
Шық алға оң қанат,
Шық алға сол қанат,
Шаршаған кездерде
Қонайық жорғалап
Кубизм сратегиясы:
1 топ: А) «Балапан қанат қақты» дегенді қалай түсінесің?
Ә)Сен балапанға қандай көмек жасар едің?
2-топ: А) «Мойын бұрмады»дегенді қалай түсінесің?
Ә)Балапанның халі саған қандай көңіл туғызды?
Ой толғаныс:
1топ: Өлең бес жолды: ҚЫС, ЖЕР
2 топ: Топтастыру стратегиясы: Балапан әлсіз,қанаты қатпаған, суықта қалған, өкпесінен суық өтті. Оған тамақ беру,жылы жерге әкелу, оны өсіріп, көктемде ұшырып жіберу.
Рефлексия: - Мағжан ата ағашын толтыру
Үйге тапсырма: 1.Мағжан Жұмабаев «Балапан қанат қақты» оқу, әңгімелеу
2. Эссе жазу – «Құстар біздің досымыз»
Бағалау: Топ жетекші бағалайды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.