.
.
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Туған жер » өлеңі Мағжан Жұмабаев «Туған жер » өлеңі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2827 | Размер: | Автор: гостьМақсаты:
а) Білімділік: оқушыларға бүкіл өмірін Алашына арнаған ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың «Туған жер» өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту;
ә) Дамытушылық: оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, ой-өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу;
б) Тәрбиелік: оқушыларға ақынның қаламынан туған «Туған жер » өлеңінің мазмұнын талдата отырып, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау стратегиясы, екі жақты түсіндірмелі күнделік, кейіпкерге хат.
Қолданылған технология: СТО жобасындағы сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме, Мағжан Жұмабаев суреті, слайд, интерактивті тақта, қима қағаздар
Пәнаралық байланыс: тарих,
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, олардың ынта-зейінін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Мұғалімнің сөзі:
Қазақтың кемеңгер жазушысы М.Әуезов: «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін… Мағжан культурасы зор ақын… Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай… бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» деп, оның ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнын да дөп басып айтқан. Ендеше үйге берілген тапсырмаға шолу жасайық.
1. М.Жұмабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
2. Ақынның отбасы туралы айту ?
3. Ескерткіші қайда орналасқан ?
4. Мағжан Жұмабаевтың поэмасы?
5. Қандай өлеңдері бар?
Жаңа сабақ.
Мына бейне роликке назар аударайық. Не көрдік?
Міне өздеріңіз байқап отырғандай бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Туған жер» өлеңі. Сабақты бастамас бұрын , бәріміз бірлесіп , бүгінгі сабақтың мақсатын құрайық./Оқушылар жауабына қарай сабақ мақсатын құрамын/
1.«Туған жер» /өлеңін мәнерлеп оқып беремін , өздеріңе оқытамын/
Осы өлеңге байланысты постер қорғайды, талдайды.
Туған жер тақырыбына жазылған өлең арқылы оқырмандарын Отанды сүюге, мейірімді болуға ,адамгершілігі мол болуға тәрбиелейді. Ыстық жүректен шыққан ақын өлеңі туған жерін құрметтеуге арнаған.
Тапсырмалар
І топ. Берілген ұйқасқа өлең құрастыр.
...... сүйемін
...... күйемін
...... ағаларға
...... иемін
ІІ топ
Екі жақты түсіндірмелі күнделік
Осы өлеңнің маған әсер еткен шумағы Неліктен ол маған әсер етті
ІІІ топ
Сатылай кешенді талдау
1Тақырыбы: 2 Жанр түрі: 3 Идеясы: 4 Шумақ: 5 Тармақ : 6 Әдеби теориялық ұғымдар :
ІV-топ
Туған жер туралы мақал- мәтел жазу, талдау
Сыршыл М.Жұмабаев қазақтың бірлігі мен Алаштың азаттығы үшін күрескен танымал ақын.
Ыстық орындық / Мағжан Жұмабаев/
«РАФТ» кестесін толтыру
Қорытынды: Әр адам өзінің туған жерін аялап қадіріне жетуге тырысады. Өлеңдері романтикалық асқақ сезіммен өрілген . Ешкімге ұқсамайтын қолтаңбасы бар Мағжан аталарыңның туған жер өлеңі арқылы сендердің отансүйгіш, адал азамат болатындарыңа кәміл сенеміз .
Үйге тапсырма:1. «Ауылым –алтын бесігім» /шығарма 2.«Туған жер» өлеңін жаттау
Бағалау : Оқушылар өздерін бағалайды. Бүгін сабақ ұнады ма ?
/парақшаға белгілейді/
Бекмашева Жанар
Талапкалиевна
Орал қаласы. МКҚК
«Технологиялық колледж»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.