.
.
Астана қаласы Мағжан Жұмабаевтің «Қорқыт » поэмасы
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 8027 | Размер: | Автор: гость№68 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі
Оразбай Тұрғанай Әбілқасымқызы
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтің «Қорқыт » поэмасы
Сабақ мақсаты:
Білімділік: көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету, поэманың тереңіне бойлату, ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру.
Дамытушылық : поэманы талдай білуге төселдіру, сын тұрғысынан ойландыру арқылы түйіндік ойларын айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, өз ойын тұжырымдауға, топтастарының ой- пікірлерін тыңдауға, тиянақты, жүйелі сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік: ақын шығармасындағы оқиғалар негізінде оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани имандылыққа, ізденіске, іскерлікке, таным белсенділігін арттыруға тәрбиелеу. Білім алушының даралық мүмкіндіктерін шығармашылық тапсырмалар арқылы көрсету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шешендікке баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: шығармашылық-ізденіс сабағы
Қолданылған технология: СТО технологиясы, оза оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технология
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, кестелер, слайд,үлестірмелі парақтар, бағалау парағы.
САБАҚ БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру кезеңі:
Поэзия минутынан бастаймыз. Мағжанның бір өлеңін жатқа оқиды.
Үй тапсырмасы:
Ақынның қандай поэмалары бар?
Ертегі
Қорқыт
Қойлыбайдың қобызы
Батыр Баян, т.б
«Қорқыт» поэмасымен оқып,танысып келу берілген.
Сыныпты екі топқа бөлеміз:
І топ: Мағжан тобы (Мағжанның өмірі мен шығармашылығы) - постер қорғау
ІІ топ: Қорқыт тобы ( Аңыздағы, өмірдегі Қорқыт туралы) - постер қорғау
«Ой шақыру» стратегиясы бойынша төмендегі сұрақтар арқылы сюжетін айтамыз.
1. «Қорқы»т поэмасы қандай мақсатта жазылды?
2.Поэмада Қорқыттың бейнесі қалай ашылған?Сол эпизотты айтып берші.
3.Сенің ойыңша, Қорқыт қандай адам?
4.Неге ақын Қорқытты жазды? Неге Күлтегінді, Асанқайғыны жазбады?
5.Мағжанның «Қорқыт» поэмасын арқау етіп, күй туралы поэманы кімдер жазды?
6.Мәңгілік өмірді қалай түсінесіңдер?
7. Мағжан поэмада мәңгілік өмір іздеуін қалай көрсетеді?
8.Қорқыт несімен мәңгілік болды? Ал, Мағжан ше?
9.Қорқыт пен Мағжанның өлім мен өмір философиясын салыстырайықшы.
10.Поэма сенің өміріңе әсер етті ме? Үлгі бола алды ма?
«Қорқыт» поэмасының желісін талдау (оқушылармен жұмыс)
«Қорқыт» поэмасы бұрынғы өмір мен өлім тақырыбына жазылғанымен, ақын идеясы ол емес. Поэмада Қорқыттың өлімнен қашып, соңында әр өмірдің соңы өліммен аяқталатынын түсініп, қобызын сарнатып өткені айтылады.
«Қазақ аңыздарындағы терең философиялық маңызы бар сюжеттің бірі – Қорқыттың өліммен күресуі, оған көп заман жолықпай дауа іздеуі. Қорқыт тіршіліктің тұрақсыз өзгергіш түріне күйзелген. Өліммен күресу сюжеті әсіресе қазақ пен Алтай елінің аңызында өте жоғары сарынмен айтылады»
Аяңдап алдыменен тауға жүрді,
Асқарға «Өмір не?» деп сұрау берді.
Жаны тас, жүрегі тас тау не десін,
Өзінен «Өмір не?» деп сұрады енді.
Бұрылып таудан ақырын орман барды,
Оған да «Өмір не?» деп сұрау салды.
Ежелден ой білмеген меңіреу орман
Қақиып қарағайы аң-таң қалды.
Сұраса суға келіп: «Не, - деп, - өмір?» –
Беті құр соғылғаннан жыбыр-жыбыр.
Желге айтып еді, ол жынды не деуші еді,
Басы жоқ, аяғы жоқ сыбыр-сыбыр.
Күн анау ешбір үнсіз алас ұрған,
Ай да бір - өгіз де бір аузын буған.
Қылмыңдап қар қатындай көзін қысқан,
Жұлдыздар тазарта ма жүректі удан.
Осылай, Қорқыт табиғаттан жауап ала алмаған соң, Күншығысқа аттанады. Онда алдынан:
«Өлімнен құтылмайсың қашқанменен,
Мынау көр – сенің көрің, Қорқыт жазған!»-деген жазуы бар көр шығады. Қорқыт батысқа бет бұрады. Онда да алдынан жаңағы сөз шығады. Аяғында күңіреніп Алтайына келсе:
Ел мынау баяғыдай малын баққан,
Малындай алдындағы жусап жатқан:
Қайғысы, қуанышы бәрі де ойсыз…
Сиырдай бірі өкіріп, бірі шапқан.
Жұрттың өліммен жұмысы жоқ, тіршілік жүріп жатыр.
Өмірде жүрген жерін қанды ор ғып,
Шеше алмай жан жұмбағын шерлі Қорқыт.
Жұбанды қолындағы қобызымен,
Көрге де қобызымен кірді Қорқыт.
Поэмада Қорқыт бейнесі осылай түйінделеді. Ол қарағайдан жасаған қобызына мұңын шағып өтті. Ал ақын мақсаты не? Ол Қорқыт секілді өлімнен қашайын деп отырған жоқ.
Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей,
Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей.
Қиялы, жан жүрегі – ойнаған от.
Ақынды аласұртар тыныштық бермей.
Жай адам қияға ондай қол сермей ме?!
Ақынға аз нәрсе ауыр ой бермей ме?!
Қиялмен арманға ұшқан, сағым құшқан
Жүйрік жан алдында ылғи көр көрмей ме?!
Мұнда ақын «Жүйрік жан алдында ылғи көр көрмей ме?!» деуі арқылы сол кездегі заман құбылысын аңғартады. «Қайда барсаң Қорқыттың көрі» дегендей, қазақ байғұс бодандықтан құтылмайтын болды-ау деген идеясын білдіреді.
«Қазақстанға Кеңес өкіметінің орнауы – білімде, ғылымда, өнерде т.б. табыстарға халқымыздың қолын жеткізді. Шеллинг қағидасы тұрғысынан қарасақ, бұл - әдемілік, орыс халқының қазақ халқына жасаған жақсылығы. Жақсылық – бостандыққа тән, бірақ керісінше қазақ халқын бостандығынан айыру арқылы келіп отыр. Сондықтан ақын күңіренеді, күйзеледі. Қиялымен қазақ халқын бостандығынан айырмай, тарихын, мәдениетін, тілін, дінін ұмыттырмайтын, жақсылыққа кенелтетін, «өлтірмейтін» қоғам іздейді, Қорқыттың «мәңгілік ғұмыр іздеуін» шығармасына нысана етіп алуы Мағжан философиясының асқақтығын көрсетеді»
Құшақтап қарағайын сарнаса ақын,
Толғанып, жасын төгіп, зарланса ақын,
Шеткерек тұрып біраз тыңдағайсың,
Баспалап, төніп, жаншып келме жақын, -деп, өзінің не жайлы айтып отырғанын дұрыс ұғынуын сұрайды.
Сабақты пысықтау.
Кітаппен жұмыс. 90 бет. Кейіптеуді поэмадан тауып беру.
Қорытындылау:
Қорқыттың күйін тыңдап отырып, ойтолғау жаздыру.
Кері байланыс парағын толтыру.
• Сабақтан қандай әсер алыңыз?
• Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?
• Қай тапсырма орындауда қызықты болды?
• Біліміңізді қай тапсырманы орындағанда толық жеткізе алдыңыз?
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты —
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін! – деп ақынның өз өлеңімен аяқтайық. Ақынның асыл арманы орындалған мынау тәуелсіз, бақытты елімізді «Мәңгілік Ел» етейік, Жастар!
Үй тапсырмасы:
«Қойлыбайдың қобызы» поэмасын оқып келу
Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.