.
.
Білім беру саласы: Әлеуметтік. Қатынас Мамандықтармен танысайық
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1761 | Размер: | Автор: гостьБөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Мамандықтармен танысайық»
Мақсаты: 1. Мамандықтар туралы түс ініктерін кеңейту
2. Мамандық түрлерімен таныстыру арқылы жаңа сөздермен сөздік қорларын толықтыру
3.Еңбекқорлыққа баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: мамандықтар бейнеленген суреттер,
Сөздік жұмыс: мамандық
Билингвальды компонент: мамандық- профессия, аспаз- повар, құрылысшы- строитель, музыка жетекшісі- музыкальный руководитель
Оқу іс -әрекетінің
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педагог топқа хатқалта алып кіреді
-Балалар, бізге «Мамандықтар қаласынан» хат келіпті. Қане оқып көрейін, ал сендер тыңдаңдар.
«Құрметті балалар, біздің шеберлер қаласында мамандық түрлері өте көп, мен сендерді «Мамандықтар қаласына» қонаққа шақырамын»
Педагог: Балалар, «Мамандықтар қаласына» бармас бұрын мамандық деген не сол туралы білейік және сол туралы мультфильм көрейік
Мамандық - профессия - адамның белгілі бір саладағы еңбегі. Мысалы: дәрігер, аспаз, құрлысшы, т.б.
Мультфильм тамашалау
Педагог: Ой, балалар, «Мамандықтар қаласы» өте алыс екен. Енді қалай барамыз?
Сиқырлы таяқ ұшып жерге түседі.
Қонақ келу:
Топқа сиқыршы келеді.
Сиқыршы: -Сәлеметсіздер ме, балалар!
Педагог: Сәлеметсіз бе, сіз кімсіз?
Сиқыршы: Мен сиқыршымын. Мен сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым. Сиқырлы таяғым болмаса сиқыр жасай алмаймын.
Педагог: Мүмкін мынау шығар
Сиқыршы: Ия –ия. Дәл өзі. Рахмет сендерге. Маған көмектескендерің үшін мен сендердің 3 тілектеріңді орындаймын.
Педагог: Ой, қандай керемет!
-Бізді «Мамандықтар қалашығына» апара аласыз ба?
Сиқыршы: Әрине. Қане барлығыңда көздеріңді жұмыңдар
-Ахалай, махалай, суф-суф
(Балалар көздерін ашқанда мамандық иелерінің үйшіктері пайда болады)
Педагог: Бұл қалада түрлі мамандық иелері тұрады. Бүгін бізде мамандықтар қалашығында балабақшамыздың аспазы, медбикесі, т.б.қонақта
Аспаз- повар: дәмді тамақтың қанша түрін пісіреді.
-Сендерге қандай тамақ түрлері ұнайды?
-Мамандықтар қаласында аурыхана бар. Ауруханада дәрігерлер жұмыс жасайды. Дәрігер ауру адамды емдейді
-Дәрігер-врач
-Құрылысшы - строитель:
Олар зәулім үйлер тұрғызады
Сиқыршы: Балалар, сендер құрлысшы болып ойнағыларың келе ме?
-Ендеше мына бөлшектерден суреттегідей үй тұрғызып беріңдерші
Балаларға экрандағы суретке қарап үй құрастыруды ұсынады
Педагог: Балалар, тағы бір мамандық иесі бізде қонақта. Ол музыка жетекшісі – музыкальный руковадитель. Музыка жетекшісі балабақша балаларына түрлі әндер үйретеді. Ал, балалар, музыка жетекшісімен бірге ән айтамыз ба?
Сергіту сәті:
«Сылдырмақ»
Педагог: Міне, мамандықтар қаласынан қаншама мамандық түрлерімен таныстық. Өздерің өскен кезде тағы да көптеген мамандық туралы біліп, өздеріңе қажеттісін таңдайсыңдар.
Педагог: Сиқыршы, сіз біздің тағы бір тілегімізді орындайсыз ба? Біздің тобымызға оралғымыз келеді.
Сиқыршы: Ендеше балалар, көздеріңді жұмыңдар.
- Ахалай, Махалай.Суф-суф
Педагог: Балалар, бүгін көптеген мамандық түрлерімен таныстық. Менің қолымда мамандық иелерінің суреттері бар. Сол мамандық иелеріне тиісті заттарды табамыз.
1. Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
2. Жеке жүмыс жүргізіледі Балалар педагогты мұқият тыңдайды.
Мультфильмді көріп тамашалайды
-Сәлеметсізбе!
Балалар көздерін жұмады
-Аспаз- повар
Балалар сұраққа жауап береді
Дәрігер-доктор
Құрылысшы- строитель
-Ия
Балалар конструктор бөлшектерінен суретке қарап үй құрастырады
-музыка жетекшісі- музыкальный руководитель
-Ия
Ән айтып бойларын сергітеді
Балалар көздерін жұмады
Педагогтың тапсырмасын орындауға тырысады
Рефлексиялық-түзетушілік -Балалар, біз қайда саяхаттадық?
-Қандай мамандық түрлерімен таныстық?
Экраннан мамандық түрлерін тағы да бір қайталау
-Балалар, белгілі –бір маман иесі атану үшін көп оқып, көп еңбектену керек екен.
-Ал біз еңбекқор боламыз ба?
Сиқыршы: Балалар, сендермен бірге бүгін мен де уақытты қызықты өткіздім. Сол үшін үшінші тілектеріңді орындаймын
Педагог: Біздің балалар шаршап әрі қарындары ашыды.
-Солай ма, балалар?
-Бізге тәтті нан әкеле аласыз ба?
Сиқыршы: Әрине: Ахалай, Махалай, суф-суф!
(Сандықтың ішінен тәтті нан шығады)
Педагаг: Балалар, бүгінгі оқу іс- әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. - Қане барлығымыз қонақтармен қоштасайық. «Мамандықтар қалашығына»
Аспаз, құрлысшы, дәрігер, т.б.
-Ия
-Ия
Оқу іс- әрекетінен көңілді әсер алады.
-Сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: мамандықтар туралы берілген тапсырманы
Түсінеді: мамандықтар туралы мәліметті және тұрмыста мамандықтардың пайдасы бар екенін
Қолданады: мамандықтар туралы сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни коммуникативтік және ақпаратты талдай білу дағдыларын
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.