Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті -

Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3585 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: «Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті»

Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдісткрі туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету.

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел

Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар, қанатты сөздер, т.б

Әдіс-тәсілдері: түсіндірме жұмыстары, сауалнама, дидактикалық ойындар

Қатысушылар: 9-сынып оқушылары

Дөңгелек үстелдің ережесі:
1. Сыйластық
2. Тыңдай білу
3. Сөзді бөлмеу
4. Белсенділік таныту
5. Шығармашылық
6. Төзімділік
7. Түсіністік қарым-қатынас

Даналық сөздер:
1. Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
2. Байлық-қанағат пен еңбекте
3. Аз жұмысты қиынсынсаң- көп жұмысқа тап боласың.
Азға қанағатқылмасаң-көптен құр қаласың.
4. Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады.
5. Еңбек етсең қара жерде береді, құр тастамайды.
6. Еңбекті жан-тәнімен сүймейінше, ешбір талантта, ешбір кемеңгерде шықпайды.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу
Он бес пен жиырма бестің арасында
Бұл жаста аласым көп, бересім де
Алдымда толған мақсат, толған таңдау
Алайын анасын ба, мынасын ба?

«Кім боламын?»
Бұл аса бір күрделі де қиын сауал. Осыған жауап беретін адам кім дегенде алдымен ауызға ілігетіні тағы да сол баланың ата- анасы. Өйткені олар өз перзентінің жай-күйін бесікте жатқан кезінен жақсы біледі. Одан кейінгі оның бірден- бір ақылшысы: өз шәкіртін күнде көріп, өзіндік мінез-құлық, қабілет бейімін көңіліне түйіп жүретін ұстазы.

«Танысу» жаттығуы
Шарты:
Әр оқушы өз есімдерінің алғашқы әріптерінен басталатын сын есімдерімен өздерін таныстырып өтуі қажет.
Мысалы: ақылды- Ақбота, т.б

2. Кіріспе сөз:
Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны таңдау. Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі-жар таңдағанда, екеншісі-мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек. Мына жалған дүниеде қалың қалтаны, бақуатты өмірді, шіріген байлықты армандамайтын адам кем де кем. Мүлде жоқ демейміз, бірақ, олардың қатарының көп екендігі ақиқат.
Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдау тиіс. Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.
Ал оқушылар ары қарай осы мамандық жайында жазылған
А. Бақтыгерееваның жыр шумағымен жалғастырсақ....

Мамандық таңдау
Алға тарт деп жас жүрек бұлқынады.
Балалықпен қоштасар күн туады.
Онжылдықтан шыққандар оқу іздеп
Юрфакқа түсуге ұмтылады.
Не демекпіз шөліркеп дала жатса
Не болмақшы теңіз, құм араласса?
Жұмыс іздеп уақытша келгендермен
Кешіп жатыр өз күнін балабақша.
Бала бағу. Оны ешкім жаратпады,
Заң маманы болуды қалап бәрі.
Ақиқатқа құштар ма мына ұрпақ
Армандап жүр кімдерді жауаптауды?..

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез- келегеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» Ж. Аймауытов.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистиктердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. Адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге болама? «Мамандық- дегеніміз не?» Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгін ой бөлісеміз.
Мамандық-қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Баланы болашақ кәсіпке бағдарлау ісі жас талаптың ең әуелі өз халқының қазіргі ұлттық мүддесін ескеретіндей бағытта жүргізілсе құба-құп.
Жалпы мамандық таңдау кезінде бір –бірімен тығыз байланысты екі нәрсені мұқият ескеріп, басшылыққа алған жөн.
1. Бұл мамандық маған не береді? Осы мамандықты таңдасам, өзімнің қабілетімді түгел жұмсап, өзіді өзім көрсете аламынба?
2. Бұл мамандықты меңгерсем, халыққы, қоғамға қандай пайда келтіре аламын.

3. Пікірталас:
1) Мамандық таңдауда нені есепке алу керек?
2) Адамның қандай қасиеттері кәсіби түрде қажет?
3) Адам кәсіби жұмыста қалай табысқа жете алады?
4) «Маман иесі» дегенді қалай түсінуге болады?
5) Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңыды, қандай бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды жәнеде өзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба?
Ата-ананың арманы-баласын дүниеге әкелген соң, қызығын көру. Қазақта сөз бар: «Жақсы бала- сүйік, жаман бала- күйік» деген. Осы айтылған сөздің түбінде үлкен ой жатыр. Әрбір ата-ана баласының қызығын көруді армандайды, білімді болғанын қалайды, өмірден өз орнын тапса екен деп жатса да, тұрса да алладан сұрайды.

4. Кеңестер:
1. Ең бірінші оқушы өзіне деген сенімін және өзін -өзі құрметтей білуі керек.
2. Өзіңіздің шын тілегіңізді аша біліңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Шынымен маған не қажет?» «Қайда жұмыс жасағым келеді?»
3. Мамандық алу және маман болу үшін көп нәрсені үйренуің керек. Мамандықтардың талаптары туралы білуге, содан кейін жеке қасиеттеріңмен сәйкестендіру, яғни кәсіби жоспар жасау. (Сіз кіммен араласасыз? Соның бәріне мынандай сұрақ қойыңыз: Ол қайда оқыды? Неге бұл мамандықты таңдады? Ол мамандық ұнай ма? Ұнаса, неге ұнайды?)
4. Өзіңнің мамандануыңдағы ең басты да түпкі жетістігіңді анықта. (Қазіргі замандағы мамандықтардың маңызы не? Кез келген жағдайда мамандық әлемінде қажетті болу және өмір сүруге не керек?)
5. Кез келген арманды іске асыра біл.
6. Сізге, мемлекет үшін де, қоғам үшін де- компьютерлік сауаттылық, тілдер білу және адамдармен тіл табысып, оған қоса өзіңді жақсы білуің керек.
Бес қадам маңызды жолдағы дұрыс қадам- қоғамда сіздің қажетті болуыңызға және арманыңыздың орындалуына себебін тигізері сөзсіз. Мамандық таңдауда оның 5 қадамын жоспарлау керек:

1. Арман (тілек)
2. Көз жеткізу (қажеттілік)
3. Жоспарлау
4. Әрекет
5. Игеру

5. «Ең жақсы» ойыны:
Қазір сендерде мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерңн ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар.
Ең ақшалы -------------------- (банк қызметкері, экономист)
Ең жауапты ------------------- (сот, бухгалтер)
Ең тәтті ---------------------- (аспаз, кондитер)
Ең салмақты ------------------- (мұғалім, заңгер)
Ең қарым-қатынасы күшті ------------ (бизнесмен)
Ең күлкілі ------------------ (Клоун)
Ең жасыл ------------------ (эколог, географ. бақташы)

6. Егер мамандық иесі болсаң не істер едің..... (ситуациялық шешу)
Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз?
Мұғалім. Сабаққа атана қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не істер едіңіз?
Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады, қорқытты, Не істер едіңіз?
Заңгер. Екі бала арасында келіспеушілік болды, екуіде өздерінің іс-әрекеттерін дұрыс деп есептейді. Бұл дау-жанжалды заңгер ретінде қалай шешер едіңіз?
Программист. Сізге облыстан тексеруші келіп ехсеl прогаммасымен жұмыс жасап жүргізді. Бірақ бұл кісі сенің қасында қарап тұр, сен жұмыс істей алмай жатырсың. Не істер едің?
Автоэлектрик. Сіз машинамен келе жатырсыз. Кенеттен машинаңыздың ішінен бір жағымсыз иіс шықты. Ал сонда сіз не істер едіңіз?
Қаржыгер. Зейнеткердің зейнетақысы бір номер қателесіп, келесі адамға түсіп кетті. Сондағы сіздің әрекетіңіз?
Кәсіпкер. Сіз кәсіпкерсіз. Жаңа жылға орай сіз көп отшашулар әкелдіңіз. Бірақ тұтынушылардың ешқайсысы оны алмады. Сізге оның ақшасын толтыру қажет. Сіздің сондағы әрекетіңіз?

7. Шағын викторина.
1. Кім бірінші: ер ме, әйел ме тоқыма тоқыған? (ер)
2. Адамды жұмысқа алу үшін толтыратын құжат қалай аталады? (контракт)
3. 14 кәсіпорын ашқан орыс патшасы кім? (Петр І)
4. А. П. Чехов мамандығы бойынша кім болған? (дәрігер)
5. Ақшаңыздың санын қалай екі еселеуге болады? (айнадан қарағанда)
6. Қай адам бір қолын көтеріп автомобильді тоқтата алады?(май инспекторы)
7. Кімнің алдында адам бас киімін шешеді? (бастық)

8. Кестені толтыр.

Мамандық Адамның қасиеті
Әлеуметтік жұмысшы Коммуникативтік
Психолог өзге адамның эмоциясын сезіну
Медбике Жанашырлық
Менеджер Еңбекке қабілеттілік
Бизнесмен Пысықтық
Зерттеуші Тапқырлық
Мұғалім еңбекқор

9. Жұмбақтар сайысы.
Айдында жүзеді,
Тірі күміс сүзеді. (Балықшы)

Алатаяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері)

Өнерге тән жаратқан,
Көкірегі кең аспан.
Барша жұртты қаратқан,
Бейнегер кім тым асқан. (Қылқалам шебері)

Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа (Футболшылар)

Жолының көп азабы,
Сондадағы тынбайды.
Жаңалықты жазады,
Көпшілікті тыңдайды. (Журналист)

Кең байтақ туған жеріме,
Кетпесін деп жат із өтіп.
Тыныштық тілеп еліме,
Отанды кім тұр күзетіп. (Жауынгер)

Арқан байлап беліне,
Шымырлықпен бекіне.
Өрмелейтін қай өрен,
Шыңның шырқау шегіне? (Альпинист)

Төл өсіріп момақан,
Уыз ішкен қоймалжың.
Білсең айтшы балақан,
Еңбегі зейнет қай малшы? (Қойшы)

Тұлғалы кең иығы,
Мұнара оның тұрағы.
Маң далада бұйығы,
Сөнбей жанса шырағы.
Жер астының сұйығы
Фонтан болып шығады. (Мұнайшы)

Ол жетсе ауылға,
Самсар жұлдыз торабы,
Нұр шашаып тұрады. (Электрші)

Күміс қанат, сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)

Өрнектеп сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігеді? (Тігінші)

Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)

Топырақтың құнарын,
Дәл тауып құрамын.
Қай жерде қай дақыл,
Өнім берер бай дақыл

Зерттеп дәйім жүретін,
Кім бәрін білетін? (Агроном)

Көрінбейді өзі,
Естіледі сөзі. (Радио дикторы)

Жалтылдап қалағы,
Салатын кім қаланы? (Кірпіш қалаушы)

Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)

Оның тіккен бұйымы,
Аяғыңды қаптайды,
Шыға қалса жұлымы,
Әдемілеп баптайды. (Етікші)

Ортасында сан халық,
Белдескенде жан салып.
Жерге тимей жотасы,
Атанған күш атасы,
Айбаттыны кім дейді,
Қайраттыны кім дейді? (балуан)

Көкке ұшқан шарықтап,
Шаңырақтың бауынан.
Ұстап үстем қалықтап. (Парашютист)

Дабылға тез жететін,
Жалынға сүңгіп кететін.
Қақалса да түтінге,
Тайсалмайтын батыл кім,
Жасқанбайтын батыр кім? (Өрт сөндіруші)

Құрып қойып өрмегін,
Ұршықтарын ойнатып.
Сәнді мата өрнегін,
Жасайтын кім жайнатып.? (Тоқымашы)

Екі шекпен күмбірлеп,
Көңіл сазын сапырады.
Тұлпар шабыс дүмбірлеп,
Желпіндіріп отырады. (Күйші)

Білім дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (Мұғалім)

10. «Мамандықты тап » ойыны
Қатысушыларға кеспе қағаздарға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысуы керек. Қалғандары сол мамандықты табу керек.
(Хатшы, Мұғалім, Кітапханашы, Бухгалтер, Банк қызметкері, Сатушы, Дәнекерлеуші, Әнші, Журналист, Дәрігер, Заңгер, Суретші, Шаштараз)

11. Мына пішіндердің бірін таңда:

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады.
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай-ақ шығармашылық қабілетің, ой-өрісің дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған.Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздкген мақсатыңа қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқанынан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар.

12. Суретті тест
Қатысушыларға күн, бұлт, жаңбыр бейнеленген қағаздар таратылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.
Күннің суреті ----------- жақсы, көңілді
Бұлттың суреті --------- орташа
Жаңбыр --------------төмен

Қорытынды: Әбунасыр Әл Фараби: «...адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесекте содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,-деген.
Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтан.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.