.
.
«Мамандығым - мақтанышым» «Мамандығым - мақтанышым»
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2329 | Размер: | Автор: гостьМамандық – әрбір адамның болашағы, сондай-ақ шаруашылық көзі болып табылатын сүйікті іс. Кез келген адам өз мамандығына құрметпен қарайды емес пе. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Сонымен бірге, әр мамандықтың ерекшеліктері де бар. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын адам болмайды. Мамандық иесі болу үшін алдымен білім мен қабілет қажет. Өйткені, білім арқылы адамның қабілеттілігі артса, ал қабілеттілік білікті маман болуыңа өз үлесін тигізеді. Ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі болу үшін білім алуға барлық күш-жігерімізді жұмсап, жұмыстанайық дегім келеді. Егеменді еліміздің ертеңі – болашақ маман иелері болу өз қолымызда екені даусыз.
Өзіме келетін болсам, менде биыл қаламыздағы арнаулы оқу орны Байқоңыр «Космос» колледжінің бітіруші түлегі атанғалы отырмын. Қазіргі таңда «Оптикалық және электрондық жабдықтар » мамандығы бойынша білім алудамын. Ең бастысы бұл менің жүрек қалауыммен жасалған таңдау.
Сөз соңында айтарым, қазақта «жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген аталы сөз бар. Осыны ескерер болсақ, болашақ жас түлектер, мамандық таңдауда салғырттық танытпай, өз қалауымен, қоғам сұранысына сай маман иесі болса екен демекпін.
«Байқоңыр «Космос» колледжі»
білім мекемесінің
3 курс, «О-131» тобының студенті
Жұмабекова Ақнұр Ұзақбайқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.