Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Математика әлемінде -

Математика әлемінде

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1629 | Размер: | Автор: гость
. БҚО.Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы.
№3 ЖОББҚМ бастауыш сынып мұғалімі
Қаденова Асылгүл Қанатқызы.

Сыныптан тыс шара

Тақырыбы: «Математика әлемінде»
Мақсаты:
а) Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін байқау. Математика пәнін күнделікті өмірде қолдана білу. Сайыстың жүйрігін анықтау.
ә) Тәрбиелілігі: Кішіпейілділік, адамгершілік секілді жақсы қасиеттерге баули отырып, шапшаңдылыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
б) Дамытушылығы: Математикалық сұрақтар қою арқылы ойлау қабілеттерін жан-жақты дамыту, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, слайдтар, фигуралар, сөзжұмбақтар, қызықты логикалық есептер.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ой қозғау, топпен жұмыс.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалім сөзі:
-Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сіздерді 4а, ә сынып оқушылары арасында өтетін «Математика әлемінде» атты сайыс сағатын тамашалауға шақырамыз.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік
Білімділер сырына!
Қадамдарың оң болсын,
Сәт – сапар ақ жол болсын!
Алдымен сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ – қазылармен танысайық.
Сайыс VIII турдан тұрады.
Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 ұпайдан беріледі. ІІ турдан кейін ұпайы төмен оқушылар шығып отырады. Ең соңында 1 (бір) оқушы жеңімпаз атануы керек.
-Ал енді сайысымызды бастамас бұрын әрбір екі сыныптан 6 – 6 оқушыдан екі топқа бөлінеді. Әрбір топтың топ басшысы сайланып, сыныбы, топтың аты, топтың ұраны таныстырылады.
І топ 4 «а» сыныбы.
Топтың аты: «Тапқырлар»
Топтың ұраны: «Білім ал да, еңбек ет,
Дем ал, досқа бер көмек
Отанды сүй, адал бол,
Өнегелі адам бол!

- Барлық білімнің патшасы қай пән?
- МАТЕМАТИКА

Топтың аты: «Математика»
Біздің ұранымыз: Математиканы оқимыз.
Миымызға тоқимыз.

ІІ топ 4 «ә» сыныбы
Топтың аты: «Ойшылар»
Топтың ұраны: Оқу – білім азығы
Білім ырыс қазығы.

І тур «Бәйге»
Ауызша сұрақтарға жауап беріледі.
1. 1 ғасырда қанша жыл бар? (1ғ = 100жыл)
2. 1 метрде неше миллиметр бар? (1м = 1000мм)
3. Үшбұрыштың периметрін қалай табамыз? (Барлық үш қабырғасын бір-біріне қосамыз)
4. 64-қандай санның квадраты? (8 санының квадраты. Яғни 88=64 тең)
5. 1кг мақта ауырма, 1кг темір ауыр ма? (Тең)
6. Кез-келген санды 0-ге көбейтсек не шығады? (нөл шығады) 70=0, 10=0,
90=0, 8080=0,
7. 80 неге тең? (Санды нөлге бөлуге болмайды)
8. 1 центнерде неше килограмм бар? (1ц100кг бар)
9. Қашықтықты қалай табамыз? (Жылдамдықты уақытқа көбейтеміз) (S=Vt)
10. Үш 4-тік цифрымен бір амалды қолданып, 40 санын қалай жазуға болады? (тақтаға жазып көрсету) 44 – 4 = 40

ІІ тур «Көкпар»
Ауызша есептер тақтаға шығарылады. Оқушылардың білімдері байқалады.
1. Ұзындығы 9см, ені 7см тіктөртбұрыштың ауданы нешеге тең?
Шешуі: S9см7см63см2
Жауабы: 63см2
2. Шаршының 1 қабырғасының ұзындығы – 8см, ауданы нешеге тең?
Шешуі: S8см8см64см2
Жауабы: 64см2
3. Тік төртбұрыштың ұзындығы 11см, ені 8см. Периметрін тап - ?
Шешуі: Р11см+8см+11см+8см38см
Жауабы: 38см
4. Тік төрбұрыштың ауданы 16см2, ені 2см. Ұзындығы неше сантимер - ?
Шешуі: 16см22см8см
Жауабы: Ұзындығы 8см
5. 1000 саны шығу үшін 555-ке қандай санды қосу керек? (445 саны) 1000-555445.
6. 10-ды 10 есе арттырып, оған 99-ды қоссақ қандай сан шығады? (1010+99199)
7. Ең үлкен төрт таңбалы санға 1-ді қоссақ неше шығады? (9999+110 000)
8. 9
 нешеге тең?
9. Жұлдызшаның орнында қандай сан тұр? (    -   1) 1000-9991
10. 66 санын ешбір амал қолданбай оның жартысына арттыр. ( 99 )
ІІІ тур «Математикалық жұмбақ» Бұл не?
Оқушыларға математикалық жұмбақ жасырылады. Олар жұмбақтың жауабын тауып, оны орыс тіліне аударып айтады.
1. Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар . . . (Қазақтың киіз үйі – юрта)
2. 1 санға өсіреді
Өзі қалып орнында,
Бізді алға көшіреді . . . (Сынып – класс)
3. Қалқиып екі құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады . . . (Қоян – заяц)
4. Екі аяқпен кезек – кезек тебеді,
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді . . . (Доп – мяч)
5. Ағайынды бес туыс,
Жамылатын тоны бар.
Бесеуінде бір қуыс,
Сырттан кірер жолы бар . . . (Қолғап – перчатка)
6. Бір қораға қамалғандар
Жану үшін жаралғандар . . . (Сіріңке – спичка)
7. Болса да көкте мекені
Кездеспейді екеуі . . . (Ай, күн – луна, солнце)
8. Кір – кішкентай екі көзі,
Қалай көреді өзі?
Қолы екен ұзын мұрны,
Сол мұрнымен тамақ тауып жүреді? (Піл – слон)
9. Сақталады 6 ай жаз,
Сандығымда сары аяз. (Тоңазытқыш – холодильник)
10. Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да
Ұзындығы жазулы
Тұр бойында . . . (Сызғыш – линейка)

ІV тур «Кім шапшаң?»
Қызықты математикалық есептер.
Мұғалім: - Ал, қанекей балалар,
Бері таман қараңдар,
Қызық сайыс бастайық
Есептерден қиналмай
Лезде шешіп тастайық.
1. Аулада 5 үйрек,
Қорада 3 үйрек,
1 үйрек тығылды,
1 үйрек жығылды
Қалғаны неше үйрек? . . . (6 үйрек)
2. Табақта 5 өрік
Қолымда 4 өрік
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік? . . . (9 өрік)
3. Көлден ұшты 40 қаз
Қайтып қонды 15 қаз
Қонбады оның нешеуі
Қане, кім тез шешеді? . . . (25 қаз)
4. Оңынан оқысаң да сол сан
Солынан оқысаң да сол сан
Ол қандай екі таңбалы сан? (11, 22, 33, 44, 55, 66, 77, 88, 99)
5. Мұзайдында 15 бала
Асыр сап жүр сырғанап,
Сырғанамай 8 бала
Жағалауда тұр қарап
Енді осы бар балаға
Қосылды тағы 5 бала
Сонда барлығы қанша бала? (28 бала)
6. Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын 5 алма.
Біреуін бер Саматқа,
Сонда қалмақ неше алма? (24 алма)

V тур «Математикалық диктант»
Осы айтылған санды тақтаға жазып, оны разрядтық қосылғыштарға жіктеу керек:
1. 10 821  10 000 + 800 + 20 + 1
2. 20 004  20 000 + 4
3. 63 054  60 000 + 3000 + 50 + 4
4. 48 018  40 000 + 8000 + 10 + 8
5. 375  300 + 70 + 5
6. 498  400 + 90 + 8
7. 5 005  5000 + 5
8. 620 441  600 000 + 20 000 + 400 + 40 + 1

VІ тур «Сөз жұмбақ» сайысы
Математикалық жұмбақ жасырылады
(Тапқан оқушы жауабын тақтаға жазады)
Сұрақтар:
1. Ең кіші үш таңбалы сан
2. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш
3. Төрт ондықтан құралған сан
4. Бір таңбалы сан
5. Білім бұлағы
Сонда ЖАҚША сөзі шығады

VІІ тур «Жеңімпазды анықтау»
Логикалық (есептер) сұрақ
- Ата, жасыңыз нешеде? – деп сұрағанда Қожекең:
- Ең үлкен төрт таңбалы санды 9 есе кемітіп, одан ең кіші төрт таңбалы санды шегерсе, менің өтірік жасым шығады. Оны халық біледі, - депті.
Қожанасырдың өтірік жасы нешеде? (999991111, 1111 - 1000111)

VІІІ тур Жеңімпазға сұрақ
1. Математика пәнінің өмірде пайдасы қандай?
2. Сен математика пәнін не үшін ұнатасың?
Қорытындылау:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында.
Жеңіске жетер дейміз нағыз мақты – деп кезекті әділ – қазыларға береміз.

Топтардың еңбектері дараланып, орындары айтылады.
Бас жүлде, І орын, ІІ орын, ІІІ орын
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.