.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы ,Түркістан қаласы, МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1662 | Размер: | Автор: гость«Қарашық» жалпы орта мектебінің математика
пәнінің мұғалімі
Ганишев Мухиддин Каххарович
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
«Әдіс» деген ұғым ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы сөздіктер мен анықтамалықтарда әртүрлі түсініктерді кездестіруге болады. Қысқаша педагогикалық-психологиялық сөздік «Әдіс» - мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет», -деп анықтама береді. «Әдіске» қатысты анықтамалардың бәріне ортақ пікір: «белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арсындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет». Олай болса, оқыту әдістері – оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады.
Әдіссіз оқыту үдерісі жүзеге асуы мүмкін емес. Оқыту әдісі дегеніміз не? Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттарымен және міндеттерімен анықталады. Оқыту үрдісінің нәтижелі әрі сапалы болуы әдістің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы.
Бұл әдістің негізгі міндеті – сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс түсіну.
Әдістің мақсаты: оқу үдерісінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алға қойылатын міндеттер:
- оқушылардың өресін, ой мен интеллектілерін шыңдау,
- жағдаяттар арқылы өмірге араластыру,
- рефлексия жасауға мүмкіндік беру,
- шығармашылыққа бағыт-бағдар сілтеу.
Интербелсенді деген сөз энциклопедияда көрсетілгендей, «интеракция» деген ұғымнан туындайды. Ал интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың, өзара біріккен әрекетке бір-біріне алма-кезек әсер етуі болып табылады. Бұл әдіс, әсіресе, сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады, бірігіп жұмыс істеуге үйретеді. Олардың ізденуін, шығармашылықпен әрекет етуін қамтамасыз етеді. Интеракция кезінде оқушылардың істі ұйымдастыра білу қабілеттері де көрінеді. Интербелсенді әдіспен сабақ өткізу кезінде мұғалім кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Ал топ белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін-бірі қолдау, толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді. Екі оқушының сұхбатына үшіншісі де араласуына болады. Ол қарсы топтың оқушысы болуы да мүмкін. Әр оқушы жеке тапсырмамен жұмыс істей отырып, топ мүддесін ойлауға үйренеді. Әрқайсысы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады.
Әр оқушы әр жағдаятқа өз тәжірибесіне сай жауап береді. Оқушының сол жағдаяттан алғаны, көргені оның жинақтаған тәжірибесі болып саналады. Жағдаяттың бірдейлігіне қарамастан, әрекеттің әртүрлілігін көруге болады. Әрекеттің әртүрлі болуының басты себебі адамның психикасына, өзінің ішкі әлеуетіне ( ойы, интеллектісі, қабілеті, тәжірибесі, т.б.) байланысты. Тосыннан қойылған қарапайым сұрақтың өзі әркімнің өресін, ойын, интеллектісін анықтауға мүмкіндік береді.
Интербелсенді оқыту танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың арнайы формасы, мұнда барлық оқушылар танымдық қызметке тартылады, оларға бұрынғы білетінін және ойын айтуға, рефлексия жасауға мүмкіндік беріледі. Танымдық үрдіс кезінде оқушылар бірлесе жұмыс жасай отырып, жаңа тақырыпты бірге меңгереді, бұл үрдіске әрбір оқушы өз үлесін қосады, білім, идея, тәжірибе, іс-әрекет тәсілдері алмасады. Бұл мейірімділік, ізгілік бір-біріне көмек беру жағдайында жүзеге асып, оқушылардың жаңа білім алуына ғана әсер етіп қоймай, олардың коммуникативтік қабілеттерінің дамуына да әсер етеді. Олар басқа адамдардың ойларын тыңдауды, әртүрлі көзқарастарды саралап, бағалауды, пікірталасқа түсуді, бірге шешім қабылдауды үйренеді.
Интербелсенді оқыту мұғалімнен қажетті әдістемелік және психологиялық білім мен іскерлікті қажет етеді. Мысалы, оқу үрдісіндегі барлық қатысушыларды талдауға жұмылдыру, оқушылардың психологиялық дайындығын қамтамасыз ету, жұмыс кезеңдерін уақытпен белгілеу, негізгі түсініктерді визуализациялауды ұйымдастыра алуы қажет.
Интербелсенді әдістің нақты сипаттамасы:
1. Нақты және болжамдалған мақсаттарының болуы.
2. Сабақтағы іс-әрекетті диалогты қарым-қатынаста ұйымдастыру. Бұл әдіс бір сөйлеушінің екіншісінен, сол сияқты бір ойдың екіншісінен басымдығын болдырмайды. Оқушылар диалогтік әңгімелесу нәтижесінде сыни ойлауды үйренеді, бар ақпарат пен жағдайларды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешеді, баламалық пікірлерді салыстырады, ойлаған шешімдерді қабылдауды, пікірлесе алуды, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуді үйренеді.
3. Сабақта жеке, жұппен, топпен жұмыстардың ұйымдастырылуы, зерттеушілік жобалар, іскерлік ойындар өткізілуі, әртүрлі ақпарат көздерімен және құжаттармен жұмыс жасалуы, шығармашылық жұмыстардың қолданылуы.
Осы жоғарыда айтылғандарға байланысты үлгі ретінде келесі жоспарды ұсындым.
Әдебиеттер тізімі
1. Білім және ғылым. Энциклопедиялық сөздік. Астана, 2009.
2. Қазақ әдебиеті. Оқу бағдарламасы. Астана, 2011.
3. Ақбаева Қ. «Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін оқытудың кейбір ерекшеліктері» Алматы, 1997.
4. Сманов Б.Ө. «Мектепте көркем шығарманы талдаудың ғылыми-әдістемелік негіздері» Алматы, 2010.
5. Мұқанова Қ. Компьютерлік оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері Алматы, 2008.
6. Айтманбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері Алматы, 1991.
7. Құдайбергенова Г.С. «Педагогикалық ситуация – оқушы құзырлылығын айқындау құралы» Алматы, 2008.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.