.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы,Сарыағаш ауданы Математика сабағында жаңа әдіс- тәсілдердің көрінісі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1324 | Размер: | Автор: гостьТ.Айбергенов атындағы №39 жалпы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Аханбаева Гульзахира Сугиралиевна
Математика сабағында жаңа әдіс- тәсілдердің көрінісі
«Оқушыларды оқытуда оқу қисынды болу үшін, мұғалім бар білімі мен дағдысын жетілдіріп және оны күрделдендіре отырып, оқушыға жан-жақты білім беруі керек» (Л. Выготсий).
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында « Орта білім берудің мақсаты - терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру » делінген. Ал, ұстаздың міндеті – жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына, өзін - өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдаланамыз, бірақ сол білім терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталғаннан кейін немесе, өмірде емтихан аяқталғаннан кейін керексіз болып қалады.
Оқушыларға математика білімінің қыр –сырын таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу- әрбір математика пән мұғалімінің міндеті деп есептеймін. « Математика, оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастанғ шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді »-деген атақты ғалым Д.И. Писарев. Сондықтан , математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан оқушыларымды осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру менің басты мақсатым болып табылады. Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде де, кез келген жағдайда пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Төменде өз іс тәжірибемде қолданып жүрген әдістермен бөліскім келіп отыр. Қазіргі кезде жаңа технологиялардың түрі көп. Олардың барлығында бір мақсат деп айтуғк болады. Өйткені қазіргі жаңа технологияларда баланы жан жақты дамытуды көздейді. Яғни олардың девиргентті ойлау қабілеттін арттыру. Мен сіздерге ұсынып отырған сабағымда осы технологияларды ендіру мақсатынды кейбір күрделі әдістердің кейбір элементтерін немесе бөлігін әдіс –тәсілдерді пайдалана отырып сабағымды өттім. Бұл сабағымның тақырыбы «Тригонометриялық функциялардың қос және жарты бұрыштар формулаларына есептер шығару » болды.
Сабақтың мақсаты: Тригонометриялық функциялардың қос және жарты бұрыштар формулаларын пайдаланып есептер шығаруға дағдыландыру.
Табыс критерилері: А Тригонометриялық функциялардың қос бұрштар формулаларын ажырата білу
Ә) Тригонометриялық функциялардың жарты бұрыштар формулаларын ажырата білу
Б) Қос бұрыштар формулаларын есептер шығаруда қолдана алу
В) Жарты бұрыштар формулаларын есептер шығаруда қолдана алу
Күтілетін нәтиже: Тригонометриялық функциялардың қос және жарты бұрыштар формулаларын пайдаланып есептер шығаруға дағдыланады.
Негізгі дерек көздер: Математика пәні оқулығы, үлестірмелі қағаздар
Көрнекіліктер: Слайд, стикерлер, плакат, маркер
Кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Күтілетін нәтиже
Ұйымдастыру
( 2 мин) Сары, қызыл, алқызыл, жасыл түстердегі қима қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлу Түрлі түсті қима қағаздарды құрастыра отырып, олардың астында жасырынып тұрған сөздер арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады Балаларды топтық жұмысқа баулу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Қызығушылықты ояту, өткен сабақты пысықтау
(10 мин) Миға шабуыл
Эстафета. Карточкалардағы формулаларды толықтырады. Тепе-теңдіктерді табу.
1. Кызыл карталарды функциялардың ширектік таңбаларын толықтыру.
2. Жасыл карталарда функциялардың тепе-теңдік формулалары
3. Сары карталарда қос бұрыштар формулаларын толықтыру
4. Алқызыл карталарда жарты бұрыш формулаларын толықтыру
І-топ ІІ-топ ІІІ-топ ІV-топ
Өткенге шолу ретінде, әр топ берілген карталарды кезегімен ала отырып, кестеге сәйкес жауаптарын толықтырады. Балалардың мотивациясын арттыра отырып, жылдам әрі нәтижелі жұмыс жасауға үйрету, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шапшаң ойлауға үйрету
Есептер шығару
(15 мин) Оқулықпен жұмыс
1) №364 есептің а) және в)
2) №364 есептің ә) және г)
3) №364 есептің б) және д)
4) №364 есептің е) және ж) әр топқа оқулықтан тапсырма беріледі. Тапсырманы орындалуна нұсқау және көмек беру.
Топтар бірлесе отырып параққа есептерді шығарып, келесі топтармен ауысады. Бір берлерінің есептерін дұрыстығын тексереді. Дұрыс емес жеріне нұсқау береді. Диалогтік қарым-қатынасқа түсу арқылы жіберген қателіктерін түзете алады. Балалар тақырып бойынша не түсінгенін біле алады
Есептер шығару
15 минут Джигсо әдісі. Елшілік
Оқулықпен жұмыс жасату. Есептердің нөмірлері жазылған стикерлермен жұмыс. Есептерді өз беттерінше дұрыс жұмыс жасауға нұсқау беру.
1. №365 есеп
2. №368 есеп
3.№369 есеп
4. №366 есеп Әр топтың бір баяндаушысы шығып стикерде берілген есепті алып, келесі топқа барады. Сол топқа есепті шығартып түсіну жолын ұғынып. өзінің тобына келіп түсіндіреді. ЖАДА-ны ұйымдастыра отырып, оқушылардың өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыландыру
Үйге тапсырма
(1 мин) №367 және №372 есептер Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Өз деңгейін анықтап өзіндік жұмысқа дағдыланады.
Рефлексия
(2 мин) Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады
Тақырып бойынша мынадай сұрақтарға жауап жазады:
Не ұнады? Не ұнамады? Не білдім? Нені түсіндім? Нені түсінбедім? Нені білгім келеді? Сабақтың қай сәті ұнады? Нені толықтырғым келеді? Балалар сабақта не үйренгенін біле алады, қорытынды жасай алады, өзін-өзі бағалайды. Мұғалімнің әрі қарай жұмыс жасауына нұсқау болады.
Өзара бағалау парақшасы
№ Тапсырмалар
Оқушының аты-жөні Миға шабуыл Есептер шығару Елшілік Орта баға
Мұғалім сабаққа енгеннен бастап оқушылар мен мұғалімдер арасында диалогтық қарвм-қатынас орнайды. « Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейнің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті » (Мерсер мен Литлтон). Әрбір мұғалім міндеті сабағында оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін ынтымақтастық атмосферасы жақсы орта қалыптастыруымыз қажет. Осы мақсатта оқушыларды ортаға шығарып шеңбер құрғызып, « Сатамын, сатып аламын » ойынын ойнаттым. Оқушы арт жағына қарап өзінін жаман мінезін сатып жібереді де, қасындағы досына қарап оның жақсы мінезін сатып аламын дейді. Бұл сабақтың көңілді басталуына түрткі болады. Сабақты бастамас бұрын түрлі- түсті геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлдім. Әр топ өз топ басшыларын сайлап, топ басшы топ мүшелерінің ролін бекітіп беру керектігін айтып өттім. Оқушылар жұп болып , бір-бірінің дәптерлерін алмастырып алып үй тапсырмасын тексеріп, бағалайды. « Оқытуды әдістерді және осы мүмкіндіктерді ісе асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған формативті немесе оқыту үшін бағалау (ОүБ) болып табылады. Оқыту үшін бағалау дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылы белгілі болды делінген.
Қызығушылықты ояту кезеңінде «Бірін-бірі оқыту» стратегиясы бойынша өтілген тақырыптар аясында топтық жұмыс орындалды, әр топтан бір оқушы мұғалім ролін ойнады. Қасындағыларға теория бойынша екі-үш сұрақ қойып, жауап алды. Бұл жерде оқушылар арасында пікірталас болуы мүмкін. Мұғалім роліндегі оқушы туындаған сұрақтарға жауап берді. Оқушылар мұғалім ролінде өздерін жайлы сезінді, мұғалім болу ұнады. Мұғалім сияқты сұрақтарды нақтылап қойып, жауабын толық алғысы келді. Нашар оқитын оқушының өзі сұрақтар дайындап, іс-әрекетке көшті. Сұрақтың жауабын білмесе де, сұрақ қойып, бағалағысы келді. Оқушыларға рольдік ойындар өте қатты ұнады. «Жалғастыр» стратегиясы бойынша оқушылар өздерінің теориясын толықтырды, яғни бірін-бірі оқытты. Оқулықтар бойынша, сөздік бойынша ережелерді толықтырып отырды. Оқушылар бір-біріне түсіндірудің арқасында ереже есте сақталды. Бір-біріне сұрақтар қойып, жауап алу стратегиясы бойынша оқушылар диалогтік қарым-қатнасқа түсіп, білімдерін толықтырады. Оқушыларды топбасшы бағалап отырады.
«Клacтepлep» («жүзімнің шoқтapы» дeгeн мaғынaдa) идeялap мeн aқпapaттapдың apacындaғы бaйлaныcтapды aйқындayғa apнaлғaн жaзбa кecтeлep. Бұл жepдe нeгізгі идeя тaқтaның opтacынa жaзылaды, oдaн тyындaғaн тaқыpыпшaлap oның жaн-жaғынa жaзылaды, шeңбepлeнeді, oқyшылap oлapды біp-біpінe cызықтapмeн қocaды. Оқушылар бұл тақырыпты толық ашып көрсете білді, топ бойынша жіктеген жүзім шоқтарын біріктірді. Әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығы артты. Бұл кезеңде сын тұрғысынан ойлау модулі жүргізілді. «Клacтepлep», «Бірін-бірі оқыту» стратегиясы бойнша әрбір дұрыс жауап үшін бір балдан беріліп отырады
Бағалау парақшасында сабақтың кезеңдері жазылған. Бағалау парақшасына топтың топбасшылары үй тапсырмасын бағалайды. Оқушыларды ынталандыру үшін формативті түрде бағалап отырады.
Әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. «Адамның ақылы өзін таниды, яғни, психологиялық тілмен айтқанда, басқа заттармен немесе басқа ақылдармен қатынаста ғана болады» (Ж.Пиаже)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.