Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Математика – ғылымдар патшасы -

Математика – ғылымдар патшасы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1641 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақ эпиграфы: «Математика – ғылымдар патшасы»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың өткен материал бойынша алған білімдерін бақылау, мағынасы жағынан ажырата білуге үйрету.
2. Тәрбиелік: Халықтық педагогика үлгісінде тәрбиелеу, салт-дәстүрімізді құрметтеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, танымдық әрекетті дамыту, шығармашылыққа баулу. Еңбектенуге, еңбекті бағалауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру. Шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың міндеті:
Меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларға, практикалық есептерді шешуде қолдана білумен байланысты білік қалыптастыру.
Сабақ түрі: ойын сабақ
Сабақ көрнекілігі: тірек-сызба, интерактивті тақта, слайд, семантикалық карта, қима қағаздар, плакат, маркер, краска.
Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу өнері.
Сабақ әдісі: сын тұрғысынан ойлауға дамыту, талдау, шығармашылық.
Техникалық құралдар: компьютер.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру
Сыныптағы оқушыларды таңдаған фигуралары бойынша «Шаршы», «Төртбұрыш», «Үшбұрыш» деп 3 топқа бөлу.
Топта шаттық шеңберін құру, жақсы тілек тілеу.
II Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Математиканы күнделікті өмірде дұрыс қолдана білу.
Сабақтың мақсаты мен жоспары:
1. Таныстыру
2. Мықты болсаң тауып көр.
3. Тапсырмалар тізбегі.
4. Фигуралардан үй құрастыру.
5. Мен саған, сен маған.
6. Шығармашылық тапсырма.
III Өткен материалды қайталау
Дара мультфильмін қою.
- Балалар, бұл қай мультфильмнен үзінді?
- Дара.
- Иә, әрине, Дара мультфильмі. Бұл қай арнадан болады?
- Балапан арнасынан.
- Балалар, білесіңдер ме, бүгін Дараның туған күні екен. Ол бәрімізді туған күніне шақырды. Ендеше, бүгінгі сабағымызда бәріміз бірге Дараның туған күніне барамыз.
- Сендерге Дараның беріп жіберген шақыру билетін табыстайын. Ол үшін мына сандардың квадратын айтуларың керек.
1. Сегіздің квадраты (64)
2. Бірдің квадраты (1)
3. Онның квадраты (100)
1-кезең. Таныстыру.
Әр топ өз фигурасын таныстырады.
Мысалы: Шаршы дегеніміз – барлық қабырғалары тең (бірдей) тіктөртбұрыш. Оның периметрін табу үшін: P=a+a+a+a немесе Р=а ˑ 4 . Осы сияқты ретпен әр топ өз фигурасы туралы айтып кетеді.
2-кезең. Мықты болсаң тауып көр!
- Балалар, біз Дараның туған күніне қалай барамыз? Баратын мекен-жайды білеміз бе?
- Жоқ.
- Бұндай кезде Дараға көмекке кім келуші еді?
- Қолдорба.
- Біз де Дараның қолдорбасын көмекке шақырайық.
- Қолдорба! Қолдорба!
(слайдтан қолдорба суреті шығады)
- Баратын мекен-жайымызға қалай жетеміз?
- КӨЛ→ ОРМАН → ДАРАНЫҢ ҮЙІ
- Ендеше, бірінші кедергі - көлден өтуіміз керек! Ол үшін мынадай тапсырманы топта орындауымыз керек.

1-топ:
1) Балмұздақтың 1 үлесін дайындау үшін 9 г жаңғақ жұмсалады. 54 г жаңғақ жұмсалған болса, балмұздақтың неше үлесі дайындалды?
2) Өрік қайнатпасы үшін 9 кг қант, ал құлпынай қайнатпасы үшін 12 кг қант қажет болады. Қант дорбаларының әрқайсысының салмағы 3 кг болса, барлығы неше дорба қант жұмсалады?
2-топ:
1)Шеберханада 7 бірдей диван тысын дайындау үшін 42 м² мата жұмсалды. 1 өнімге неше квадрат метр мата жұмсалады?
2) Анам 18 л бүлдірген қайнатпасын әзірледі. Ал шие қайнатпасын одан 3 есе кем дайындады. Анам барлығы неше литр қайнатпа дайындады?

3-топ:
1) 4 бірдей орамда 36 м сым бар. Осындай 9 орамда неше метр сым бар?
2) Теледидардан бір аптада 15 балалар фильмі және одан 3 есе кем мультфильмдер көрсетілді. Апта ішінде барлығы неше балалар фильмі мен мультфильмдер көрсетілді?

3-кезең. Тапсырмалар тізбегі.
- Жақсы балалар, біз бірінші кедергіден өттік.
- Енді неден өтуіміз керек?
- Орманнан.
- Ендеше орманнан өту үшін мынадай тапсырма орындаймыз.
1-топ 2-топ 3-топ
(4² + 8²) ː 10 7² + 9² + 3² 9² - 3² + 7²
(10² + 9²) + 220 1 ˑ (10² + 7²) 2² + (1000 - 9²)
6² + (8² + 136) 5² + 10² + 2 10 ˑ (3² - 1²)

Сергіту сәті

4-кезең. Фигуралардан үй құрастыру.
- Өте жақсы, балалар! Біз орманнан да өттік.
- Енді қайда барамыз?
- Дараның үйіне.
- Алдымен Дараның үйін құрастыруымыз керек.
- Мына периметрлер бойынша фигуралар жасап, құрастырасыңдар.
1-топ: а = 4дм Р = ?дм
2-топ: а = 4дм, в = 3дм, c = 3дм. Р = ?дм
3-топ: а = 2дм, в = 3дм. Р = ?дм
- Сонымен, Дараның үйін де таптық. Жарайсыңдар, балалар!




5-кезең. Мен саған, сен маған.
– Балалар, қараңдаршы, қолымызда шақыру қағазы бар, туған күн өтетін орынның мекен-жайын білеміз, енді не жетіспейді? Туған күнге не алып барамыз?
- Сыйлық.
- Иа, сыйлық әрине. Сыныпқа мұқият қараңдаршы, сыйлық көріп тұрсыңдар ма? Ендеше сол сыйлықтарды сатып аламыз.
- Өте жақсы, балалар. Біз енді Дараны құттықтауға дайынбыз.
6-кезең. Шығармашылық тапсырма.
- Туған күнде сендердің асыға күтетін тәтті тағам, ол не?
- Торт
- Бәрекелді, торт әрине. Бүгінгі сабағымыз ерекшелігі сонда біз ол тортты қолмен жасаймыз. Қалай дейсіңдер ғой, мына ватман парағына сурет саламыз.
- Бізде акварель бояуы бар, не жоқ?
- Қылқалам.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше біз бүгін тортты қолмен саламыз.
- Әр топ мүшелері қатысуы керек. Суретті тақтаға ілу.
IV Бағалау
Өзін-өзі бағалау парағымен бағалау.
V Үйге тапсырма
№9, 132-бет.

№15 гимназия

Математика пәнінен ашық сабақ
«Қайталау сабағы»

Сынып жетекші: Ескермесова А. С.


Алматы, 2015 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.