Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Математика жұлдыздары -

Математика жұлдыздары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1299 | Размер: | Автор: гость
. Түнжарық С.Ә.
Саттар Ерубаев атындағы №24 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Тақырыбы: «Математика жұлдыздары»

Білімділік: оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.
Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және мойлау, ойды жүйелеу қабілеттеірн дамыту.
Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп аңдасып,
Шабыт тасып шалқысын
Көңілді кеш жасайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық

Математика сабағынан сайыс өтпекпіз. Сыныпты төрт топқа бөлдік.
1-топ Мыңнан жүйріктер
2-топ Білімді жастар
3-топ Математика алыптары
4-топ Сөнбес жұлдыздар
Сайысымызыдң ережесімен таныстырып өтейік.
Осы топтарды бағалап отыратын әділ қазылар бар.
Ең жоғарғы балымыз 5. Орта балымыз 4. Нашар деген балымыз 3 деген сандар. Әр кезеңнен соң бағамызды әділ қазылар беріп отырады.
1кезең «Кімнің ойы жүйрік?» деп аталады. Логикалық есептер беріледі ауызша орындалады. Бұл жерде тез, жылдам жауап беру керек және жауапты қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілінде айту керек.
2 кезең Үй тапсырмасы . Әр топқа бір саннан берілген. Сол сн туралы эинаған деректерін айтып береді және шешеді.
Осы кезеңнен соң ұпай саны есептеліп,аз ұпай жинаған топ ойыннан шығарылады. Яғни үш топ келесі ойынға кіріседі.
3 кезең Математика мақал-мәтелде және жұмбақ есептер. Мақал-мәтелдегі сандарды табу керек. Жұмбақты шешу керек. Бұл кезеңнен соң ұпай саны тағы есептеліп, әлсіздік танытқан топ ойыннан шығады. Екі топ жарысқа түседі.
4 кезең «Кім көп біледі?» А. П. К.С.Т. әріптерінен біреуін таңдап алып, математикалық сөздерді айтады. Екі топқа үш әріптен беріледі.
5 кезең «Баспалдақ» ойыны. Көбейту тәсілі. 15 баспалдақ беріледі. Бұл кезеңнен кейін жеңімпаз топ анықталады. Ал жеңімпаз топ өзінің нағыз математика жұлдыздары екенін дәлелдейді. Ол топқа тапсырма беріледі.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді.
Жеңістің мынау шыңына, - дей келе, сайыскерлерімізге сәт – сапар. Сайысымыздың бірінші кезеңінен бастаймыз. «Кімнің ойы жүйрік?» Әр топқа жеке-жеке сұрақтар беріледі. Таппай қалған тұстарын келесі топтар сұранып айтуға болады.
1-топқа
Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? \2\
Қазіргі көбейту ( ∙ ) бөлу ( : ) таңбаларын ХҮІІІ ғасырда алғаш қолданған кім? \ неміс ғалымы Г.Лейбниц\
4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі? \4\
Қос ат жегілген арба 40 шықырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді? \40\
Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? \Баста 11 асық болған\
Дүйсенбіден кейін 3күннен кейін қай күн келеді? \жұма\
2-топқа
Үш ат жегілген арба 30км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай? \30\
Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9-ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады? \11 сағ\
Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек? \5\
Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр, алмұрт па әлде шабдалы ма? \алмұрт\
Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсысы? \Ажар\
Үш тауық 3күнде 3 жұмыртқа табады. 12 тауық 12 күнде неше жұмыртқа табады? \12\
3-топқа
Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? \жоқ\
Санаудың позициялық жүйесі деп аталатын, қазіргі жаппай қолданып жүрен оң таңбалы сан кімдерден келген? \Үнділіктерден\.
9 бен 27 сандарының арасында қанша жұп сан бар? \сегіз\
Басталатын нүктесі бар сызық. \сәуле\
Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? \0 саны\
4-топқа
Философия және жаратылыстану ғылымдары бойынша жүзден аса бағалы еңбек жазған ғалым. \Әл-Фараби\
Немере атасынан : «Жасың нешеде?» деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде? \49\
Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз? \9\
Күннің көзі жылына неше рет шығады? \365 рет\
180 градусқа тең бұрыш \жазыңқы\
Қандай санның жазылуына қанша әріп болса, сонша цифр бар? \10 он, 100 жүз\
2 кезең Үй тапсырмасы.
1-топ 3 саны туралы не білгенін айтады
2-топ 7 саны туралы не білгенін айтады
3-топ 4 саны туралы не білгенін айтады
4-топ 5 саны туралы не білгенін айтады
Осы сайыстан соң ұпайы аз топты анықтап алып ойынан шығарамыз.
3 кезең Математика мақал-мәтелде және жұмбақ есеп Мақал-мәтелдегі сандарды табу керек.
1-топ
Неше елі ауызға,
неше елі қақпақ. \бір елі ауызға, екі елі қақпақ\
Неше ала болса ауыздағы кетеді \алтау\
Неше түгел ьолса төбедегі келеді. \төртеу\
Неше тал кессең \бір\
неше тал ек \он\
2-топ
-Жігіт неше қырлы, \сегіз\
неше сырлы болу керек \бір\
Неше жылда ел жаңа \ елу\
Білекті қаншаны жығады \бірді\
Білімді қаншаны жығады \мыңды\

3-топ
Біріккен қанша \екі\
Бірлігі жоқ қаншаны жеңеді? \жетіні\
Қанша теңгең болғанша \жүз\ досың болсын?
Қанша досың болсын \жүз\
Күйеу неше жылдық \жүз\
Құда неше жылдық? \мың\
Жұмбақ есеп
1-топқа
Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер алашқа
Қалада сонда қанша алма. \24\
2-топқа
Бір бірімен жарысқа
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді? \сегіз\
3-топқа
Алпыс төрт бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар.
Ақ, қарағып бөлгенде,
Бірін-бірі қуғандар,
Ханы үшін де, жаны үшін де
Бермейді олар намысын. \шахмат\
Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреуі озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын-толқын, жатқандай асып-тасып,
Біреуі мығым, біреулер шалыс басып,
Бұл ойыннан өиеді ғұлама ойлар,
Жеңсен де, жеңбесен де қалма жасып, - деп бұл сайыстан ұпай саны еселеніп аз ұпай жинаған топты ойыннан шығарамыз.
Қалған екі топқа
4-кезең «Кім көп біледі?» А. Щ. П. К. С. Т. Әріптерінен біреуін таңдап алып математикалық сөзжерді айтады. Екі топ үш әріптен аласыздар.
А. Арифметика, айқас ,азайту, азайтқыш, азайғыш, амалдар
К. Көбейту, конус, куб, кесінде, көлем, кескін, квадрат
С. Синус, сүйір, сәуле, сынақ, сызық, салыстыру.
П. Пирамида, параллель, плюс, параллелипипед, перпендикуляр.
Ш. Шеңбер, шарша, шар, шексіздік
Т. Тік төртбұрыш, төртбұрыш, тронспортир
5-кезең Баспалдақ ойыны
1 топ 2 топ
30*3=90 40*3=120
90*3=270 120*3=360
270*3=810 360*3=1080
810-3=2430 1080*3=3240
2430*3=7290 3240*3=9720
7290*=21870 9720*3=29160
21870*3=65610 29160*3=87480
65610*3=196830 87480*3=262440
196830*3=590490 262440*3=787320
590490*3=1771470 787320*3=2361960
1771470*3=5314410 2361960*3=7085880
5314410*3=15943030 7085880*3=21257640
15943030*3=47829690 21257640*3=63772920
47829690*3=143,489070 63772920*3=191318760
143,489070*3=430,467,210 191318760*3=573,956,280
Міне баспалдақ ойыны да аяқталды ұпай сандарын есептеп жеңімпаз топты жариялайық. Енді бізге бұл жеңімпаз тобы нағыз жеңімпаз екендерін дәлелдейді.
Міне баспалдақ ойыны да аяқталды. Ұпай сандарын есептеп жеңімпаз топты жариялайық. Енді бізге бұл жеңімпаз тобы нағыз жеңімпаз екендерін дәлелдейді.
Мына
=15 =15 =15



=15
=15
=15

=15 =15 =15

Ұяшықтың қай шетіненде санасақ 15 саны шығу керек. Бұл ойынға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, сандары ғана қатыса алады. Бір сан екі рет қайталанбайды.
Бұл тапсырманы дүрыс орындап шықсаңдар ғана сендер «Математика жұлдыздары» атанасыңдар.

Қорытынды.

Бүгінгі кеште талай шабыт шыңдалды
Кеш қызығын талай адам тыңдады.
Тәрбиелі тәлім мол әсерлі
Болса егер көңіл жақын тыңдады.
Ал қазір әділ қазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпазын анықтап
Мақтау қағаз сыйлықтарын тапсырды.

Әділ қазыға сөз беріледі. Жеңімпаз топқа марапаттау қағазы беріледі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.