Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Математикалық ринг -

Математикалық ринг

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1407 | Размер: | Автор: гость
. Қарағанды облысы Шахтинск қаласы
Ә.Бөкейханов атындағы мектеп- лицейдің
математика және
информатика пәндерінің мұғалімі
Мухаметжанова Нургул Мейрамовна

Тақырыбы: Математикалық ринг
Мақсаты:
а) Жұмбақтарды тез шешуге, мақал-мәтел, жұмбақтарды математика пәніне де қолдана білуге үйрету. Мат ематика пәніне деген қызығушылығын арттыру;
ә) Оқушылардың ой өрісін дамыту, Шығармашылыққа, шапшандыққа баулу.
б) Салт-дәстүрді өмірмен байланыстыру. Сөз мәйегін түсіне білуге, өмірде қолдана білуді үйрету.
Көрнекілігі: слайдтар тапсырмаларымен, түрлі-түсті шарлар.
Түрі: сыныптан тыс ұйымдастыру шарасы, сайыс
Уа, жарандар, жарандар!
Мына бізге қарандар
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
Ойын-сайсты бастаймыз,
Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық
Математика құрметтеуге ылайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес есептерсіз түсіну,
Есебінде дүние кілті әлі де.
Құрметті қауым, біз кешімізді бастамастан әзіл-қазылар алқасын сайлап алуымыз керек. Ортада қазылар алқасы
1.
2.
3.
7-8-сыныптардан әр топта алты адамнан, 2 құрама топ
1. Бірінші ринг «Сергіту». Математикалық тапсырма беріледі. Бірінші жауап беріп, көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді. Уақыты -5 минут.
2. Екінші ринг «Капитандар сайысы». 2 минут ішінде көп сұрақтарға жауап берген капитан жеңіске жетеді.
Келесі кезеңде капитандар өздерінің алғырлығын көрсетеді. Олар сандардан тұратын жұмбақтарды шешеді. Қате болған кездерде топ мүшелері көмектесе алады. Ондай жағдайда екі ұпай емес бір ұпай есептеледі.
3. Үшінші ринг «Білгірлер сайысы». Сайыс шарты мынандай: Әр топ кезекпен математикаға қатысты сандар мен сөздерге қатысты мақал мәтелдер, қанатты сөздер айтады.
4. Төртінші ринг «Шығармашылық». Дәстүрлі емес тапсырмалар. Мысалы, әр топтан өткір көзді, шешен тілді, есте сақтау қабілеті жақсы бір оқушы шығады. Плакатта сандар жасырылынған. Сіздің міндетіңіз-бірден бастап санай отырып барлық сандарды тауып, бақылаушыларға көрсету.

1. Бірінші ринг «Сергіту». Математикалық тапсырма беріледі. Бірінші жауап беріп, көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді. Уақыты -5 минут.

Топтар есеп шығарғанша жанкүйерлермен
1. Алманың жартысы неге ұқсас? (екінші жартысына)
2. 205 таяқтың неше ұшы бар? (6 ұшы бар)
3. 60-ы, 0,6 ға бөлсен қанша шығады? (100)
4. Бір таңбалы санға дәл сондай санды тіркеп жазса, неше рет өседі? (11 есе)
5. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу (параллель)
6. Тік бұрышты үшбұрыш туралы теорема (Пифогор теоремасы)
7. Екі санның қосындысының квадраты (а+в)2= а2 + 2ав +в2
8. 35 243
9. Күн көзі жылына неше рет шығады? (365)
10. Қандай үш танбалы сандардың қосындысы олардың көбейтіндісіне тен? (1,2,3)
11. Көпбұрыш қабырғасының қосындысы? (периметр)
12. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу? (перпендикуляр)
2. Екінші ринг «Капитандар сайысы». 2 минут ішінде көп сұрақтарға жауап берген капитан жеңіске жетеді.
7 сынып
1.«Жылдам сұрақ, тез зжауап».
Бірінші топқа қойылатын сұрақтар.
1. Планиметриядағы ең негізгі фигура (нүкте)
2. Грек тілінде жер қалай аталады? (гео)
3. Шеңбердің нүктесін оның центрімен қосатын нүкте (нүкте)
4. «Бастаманың» авторы (Евклид)
5. Үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғасынының ортасымен қосатын нүкте(Медиана)
6. Дәлелдеуіді қажет ететін тұжырым (Теорема)
7.Квадраттық функциясының графигі (Парабола)
8. Үшбұрыштың берілген төбесіндегі бұрышына сыбайлас бұрыш (Сыртықы бұрыш)
9. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш (Квадрат)
10. 25 (32)

8 сыныпқа
1. Гректер қанша ғылым түрін білген? (арифметика, геометрия, астрономия, астрология)
2. Шеңбердің кез келген екі нүктесін қосатын кесінді (хорда)
3. Ақиқаттығы сөзсіз тұжырым (Аксиома)
4. Көпбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы (периметр)
5. Барлық бұрыштары тік ромб (квадрат)
6. Дөңгелектегі ең үлкен хорда (диаметр)
7. Бір жағынан шеттелген түзудің бөлігі (Сәуле)
8. Іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы (гипотенуза)
9. Тік бұрыштан үлкен, жазық бұрыштан кіші бұрыш (доғал)
10. 3 4 (81)
2. Келесі кезеңде капитандар өздерінің алғырлығын көрсетеді. Олар сандардан тұратын жұмбақтарды шешеді. Қате болған кездерде топ мүшелері көмектесе алады. Ондай жағдайда екі ұпай емес бір ұпай есептеледі.
1. Өзі төрт қанатты және алты аяқты,
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты. (Инелік).
2. Екі ағайынды,
Екейуі де бір үйде,
Бірін бірі көрмейді. (көз).
3. Бес ін, бес іннің ауызы бір ін. (қолғап)
4. Екі желім-күйдің көрігі, әннің көлігі.(домбыра)
5. Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр, шиыр жолы көп. (қалам).
6. Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын бір шүмек. (домбыра)
7. Қарнында бір көлдің балығы бар,
Немесе жандының алыбы бар.(кит)
8. Елу түсті, екі қолды. (екікісілік ара)
9. Жүз төрт түйме, он бір ине (есепшот)
10. Басынба таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар,
Иегенде сақалы бар. (ешкі)
11.Бір бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді? (8)
12. Түе бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой (15)
3. Үшінші ринг «Білгірлер сайысы». Сайыс шарты мынандай: Әр топ кезекпен математикаға қатысты сандар мен сөздерге қатысты мақал мәтелдер, қанатты сөздер айтады.
Мақалдар
1. Бір түйір дәнде, бір тамшы тер бар.
2. Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
3. Екі жақсы қос болмас,
Екі жаман ДОС болмас.
4. Бес бармақ жиылса, жұдырық болады.
5. Алдына бір қарасан,
Артына он қара.
6. Досыңның мың болғанына мақтан,
Дұшпаның жалғыс болсада сақтан.
7. Алты аға бірігіп әкен болмас,
Жеті жеңге бірігіп шеше болмас.
8. Дос сегіз болса,
Дұшпан сегіз.
9. Досынды үш күн сынама, үш жыл сына.
10. Бермегенге бесеу де көп, алғанға он болса да аз.
11. ер бі рет өледі, қорқақ мын рет өледі.
12. Қырық кісі бір жақ, қыныр кісі бір жақ.
13. Жалқаудың екі досы бар:
Бірі ұйқы, бірі күлкі.
14. Бір кісі қазған құдыққтан,
Мың кісі су ішеді.
15. Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз.
16. 7 рет өлшеп бір рет кес.
17. 100 теңген бллғанша 100 досын болсын.
18. Бірінші байлық денсаулық, екінші байлық он сайлық, үшінші байлық ақ жаулық.
19. Ананды үш рет арқалап апарсан да, қарызын өте алмайсын.
4. Төртінші ринг «Шығармашылық». Дәстүрлі емес тапсырмалар. Мысалы, әр топтан өткір көзді, шешен тілді, есте сақтау қабілеті жақсы бір оқушы шығады. Плакатта сандар жасырылынған. Сіздің міндетіңіз-бірден бастап санай отырып барлық сандарды тауып, бақылаушыларға көрсету.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.