Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытады
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2517 | Размер: | Автор: ПубликаторСыныбы:7 күні
Сабақтың тақырыбы: Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытады
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларға материктер мен мұхиттар географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсінік беру.Топтық жұмыс ережелерімен таныстыра отырып,бағалау критерилерін пысықтау.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар материктер мен мұхиттар географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде білетін болады.Топтық жұмыс ережелерін еске түсіріп,машықтанады.
Түйінді идеясы: Егер ғылымның барлық саласын білгін келсе, алдымен табиғаттанудан баста,ол ең ежелгі және маңызды ғылым" Әбу-Насыр әл Фараби
Сабақтың әдісітәсілдері,жұмыстыңтүрі:Таныстырылым,даталарсөйлейді геодиктант,электронды оқулық тапсырмасы.
Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.
Бағалау:Бағалау сэндвичі.
Сабақтың барысы:
Бөлім |
Мұғалім іс-әрекеті |
Оқушылар іс-әрекеті |
Кіріспе |
1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп,материктер атауы жазылған қағаздар арқылы топқа бөледі. 2. Жалпы географиялық шолу жасайды ,оқушыларға сұрақтар қояды. |
1.Оқушылар амандасады,топтарға бөлінеді. Топтағы міндеттерін бөліседі. 2.Сұрақтарға жауап береді,өткен курстарға және жалпы географияға пысықтау жасайды.
|
Тұсаукеср |
1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2.Ортақ жұптық жұмыс. Тақырып айқындағаннан кейін дәптерге жазып алуға тапсырма беріледі. |
1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады. 2.Дәптерге материктер мен мұхиттар туралы қысқаша мәліметтерді жазып алады. |
Негізгі бөлім
|
2.Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар топқа бөліне отырып тапсырма орындайды
3Даталар сөйлейді? тапсырмасын орындатады.
|
1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтады. 2.1топ Материктер географиясы не оқытады ? 2 топ Мұхиттар географиясы не оқытады? 3 топ География пәнінін адамзат үшін маңызы тақырыптары бойынша постер жасап,картадан көрсете отырып қорғайды. 3. Интерактивті тақтадан көрсетілген даталардың мағынасын табады. |
Қорытынды |
1. Мұғалім сабақты қорытындылайды. 2.Үйге тап-ма:Әр топқа кітаптың артқы бөлігіндегі 1,2,3 кесте бойынша түсінік беру және тақырыпты оқу.
|
1.Топ басшысы топ мүшелерінің топтағы іс-әрекетті жайында тілегін айтып,бағалайды. 2.Оқушылар кері байланыс жасайды Не ұнады:............................................ Не қиын болды: ................................ Тілегім: ............................................... |