.
.
Сайрам ауданы, Мектеп- білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2363 | Размер: | Автор: гость№11 «Манкент»жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жаңабаева Ғалия Бегалықызы
Мектеп- білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі
Ұстаз- шәкірт жүрегіне жол табатын, оның жан – жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуына жауап беретін жан. «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар»деп дана халқымыз айтқандай, жас ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздың болашақ алдындағы міндеті мен борышы өте үлкен. Әдетте, оқушының бойына шынайы білім – білік дағдыларын дарытып, зердесіне ғылым негіздерін тоқитын, алған білімді өмірде, іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыратын – ұстаз. Ол өскелең ұрпаққа білім беріп қана қоймай, бала бойына барша адами қасиеттерді сіңіре білуі тиіс.Сондықтан да ұстаз – білім мен тәрбиенің ұйытқысы, жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі.Шәкірт даналықты, ақылдылықты, көрегенділікті бойына жастайынан отбасынан, ата- анасынан, бертін келе ұстазынан дарытады.
Осы үш айлық курстан алған Кембридж бағдарламасының модульдерін сабақтарыма түрлі әдіс – тәсілдермен ықпалдастырып, оқушы бойына дарындылық, таланттылық, адамгершілік қасиеттерді сіңіремін. «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздық деген ардақты атқа ерінбей еңбек, шынайы шеберлік арқылы ғана қол жеткізуге болады дер едім.Осы қасиетті де қастерлі ұғымдарды бала бойына сіңіріп, бойымдағы бүршік атқан гүлдің иісін сездіріп, жүрегімдегі сәуле шашқан күннің нұрын сеуіп, санамда жағалай аққан «білім» атты жырдың жүйесін түсіндіріп, сол арқылы іші нұр мен шуаққа толы «мектеп» атты кемеге мініп, «білім» атты теңізбен жүзіп, «болашақ» атты тұғырға шәкірттерімді қондыру – менің мәңгілік мақсатым.
Мұғаліммін, білім беру –міндетім,
Болсам деймін жерге – жауын, гүлге – Күн.
Бойымдағы бәрін берем барымның,
Алсам болды шәкіртімнің құрметін!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.