.
.
Азимова Дильфуза Нуритдинқызы Мектепке өзгеріс еңгізу заңдылық.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1438 | Размер: | Автор: ПубликаторОҚО, Түркістан қаласы
№20 жалпы орта мектебі
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Мектепке өзгеріс еңгізу заңдылық.
Білім беру саласына өзгеріс енгізу қажеттілігі туралы ақпараттар көзі ашық көкрегі ояу жұртшылыққа, әсіресе мұғалімдер қауымына ой саларлық тақырып болды. Біз өмір сүріп отырған ғасырдың еншісіне - автомобиль, электр, авиация, атом энергиясы, космонавтика, электрондық техникасы сияқты ғылымның, техниканың және жаңа технологиялардың бұрын болмаған ғарыштық жылдамдықпен дамуы түсіп отыр. Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты белгісі - бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекетінің барлық салаларында ақпарат жинау болып табылады. Адамның бар өмірі - қалайда болсын- ақпарат алу, жинау және өңдеу мен байланысты. Енді сол дамып отырған техниканы және технологияларды игеруге адамзат дайын-ба деген сұрақ туады. Оларды дайындау қарқынды әлемдік білім беру жүйесін қайта құру қажет екендігін дәлелдеп отырған ғалымдардың ХХІ ғасырда нені оқыту керек, ал мұғалімдер оқушыларды өмірге қалай дайындау керектігі туралы алға сүріп отырған мәселелер шешімін күтуде. Мұғалімдер баланы тұлға ретінде қалыптастыруға мән берулері, баланың санасына қалай оқу керектігін үйренуді сіңірулері, шығармашылық жолдармен оңтайлы бастаулармен икемділік дағдыларын таныту қажет. Сол үшінде мүғалімге де, мектеп оқыту бағдарламасына да, шет елдердің білім беру саласындағы озық жетістіктерін ендіру қажет болып отыр. "Ақыл алланың бергені, білім адамның тергені" демекші, дарынды және талантты оқушыларды топта оқыту және дамыту, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануды талап етеді. Жаңа техника және технологияны игеруге, өмір бойы білім алуға бағыттау, түрлі оқу ұйымдарында білімдерін арттыруға оқушыларды даярлау қажет.
А.Қ.Құсаиновтың "Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы" атты кітабында салыстырмалы халықаралық зерттеулердегі жүлдегер елдердің ұлттық білім беру жүйесінің тиімділігі мен оқушылардың жоғарғы білім жетістігін көрсеткен елдер арасынан атап көрсеткенде: "Зерттеудің 4 кезеңінде(1995,1999,2003,2007 жылдар)қатысушы елдердің Сингапур, Гонконг, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайванның оқушылары алда екендігін дәлелдеді[3]. Олардың өзара салыстырмалы нәтижелері өзгеріп тұрғанымен олар басқа елдер мен салыстырғанда едәүір жоғары орындарды иеленеді" деп жазылған. Білім беру сапасын арттыру мәселесіне сын көзбен қарап, әлем елдерінің озық тәжірибесінен пайдалану үшін алдын сол елдердің ерекшеліктерін көріп шығуға ұйғардым. Шетел білім беру жүйелерінде, білім беру саясаты саласындағы аса маңызды шешімдер : кәсіби оқыту үшін талапкерлерді іріктеудің қатаң үдерісін ұйымдастыру, бастапқы еңбекақының жоғары төленуі; мұғалім маманының мәртебесін көтерудің шараларын қарастыруға байланысты екенін үйрендім.
Қазақстанның білім беру ғылымының негізін қалаған Ы.Алтынсарин, Ш. Уалиханов, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов сияқты майталмандары ілгері заманда шет елдің өзық тәжірибесінен пайдаланған, Ресейде оқып білім алған оқытушы-ағартушылар еді. Қазақстан жастары, қазіргі кезеңде жетістіктерге қол жеткізген шетел тәжірибесінен неге пайдаланбасқа? Оқытуды басқару және көшбасшылық пікірі тұралы өзекті өзгерістерден мысалы, Кембридж бағдарламасынан неге үйренбеске? Әлем елдерінің барлығы жетістіктерге жетіп жатқан кезде дамыған отыз елдің қатарына қосылуды жоспарлап отырған кезде, көштен қалғымыз келмесе өзгеруге міндеттіміз. Алаштың ардақты азаматы Ахмет Байтұрсынұлының ұлағатты сөзі бар: "Кішкене кілттің үлкен сарайға жол ашатыны сияқты, үлкен іске көбіне жай істерден бастау алады". "Кіп- кішкене ұшқыннан үп- үлкен өрт шығады",- деп айтқанындай кішкене кілттерін білім беру сарайының құпия есігін ашуға ұсынып отырған озық шетел тәжірибелерінен неге пайдаланбасқа?
Қазақстанда білім беру сапасын арттыру мәселесі, жаңа оқыту технологияларын өз дәрежесіне сай қолдану керектігін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жолдауында атап айтқандай: " Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет . Қазақстанды дамыған елу елдер қатарына жеткізетін терезесін тең ететін - білім" Қазақстан Республикасының "Білім туралы " заңының 8 бабында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі,оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу",- деп атап көрсеткеннен кейін Қазақстанның білім беру саласына көлемді қаражат бөлінді. Жүздем артық мектептер салынып, материалдық базаларын нығайту үшін жаңа пән кабинеттері ашылып интерактив тақталар орнатылды. Назарбаев зияткерлік мектептері, дарын мектептері ашылып, дарынды оқушылармен жұмыс жақсарды. 600 аса мектептерде E- learning - электронды оқыту кешені еңгізілді. ЭЫДҰ зерттеулернен (Pont,2008), сондай-ақ Канадада (Levin, 2012), Cингапурде (Schleicher,2012) және Финляндияда (Ministry of Education,2007) далел ретінде алсақ, оқушылардың үлгерімінің сапасына мұғалімдердің біліктілігін арттыруы тікелей әсер етеді. Мұғалім қанша мықты болса-оқушылар үлгерімі сонша жоғары болады. Сондықтанда мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесі кеңінен ұйымдастырыла бастады. 2013 жылдан бастап, ағылшын тілін 1 сыныптан, информатиканы 5 сыныптан бастап, оқытыла бастады. Жаратылыстану пәндерін оқытылуына басымдық берілді. Осы реформалар әлем елдерінің жетістіктерінен алынып, Қазақстан білім беру саласы тәжірибелеріне еңгізілді. Оқыту саласынын дамытуға кедергі болған проблемалар - ғылым мен оқытудағы байланыстың төмендігі; мектеп мұғалімдерінің әлеуметтік статусының төмендігі; білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық жағдайлардың кездесуі.
Әлемнің қарқындап өзгеруіне сай қадам басатын болсақ, көштен артта қалмай мектептегі білім беру саласына өзгеріс еңдіру өте орынды заңдылық деп есептеймін. Сондықтанда Финляндия, Сингапур, Оңтүстік Корея елдерінің озық тәжірибесін мектебімізде қолданатын болсақ, үштілді жете меңгеру (қазақ, орыс , ағылшын) оқу үдерісіне еңгізілген. Оқушыларды бір неше бағытта оқыту (жаратылыстану- математикалық және гуманитарлық бағыт), анық пәндер мен бірге табиғаттану пәнін оқытуға көп көңіл аударады. Қазақстан тарихын және рухани құндылықтарды оқыту ("Алаштану", "Абайтану" сабақтары еңгізілді), алған білімдерін өмір бойы нығайта беру, оқушыларды имандылыққа шақыру, түрлі елдердің прогрессивті білім беру жүйелерінен үлгі алуды мақсат етіп технологиялық білім беріледі.
Жоғарыда аталған мемлекеттердің білім беру жүйесінен өз мектебімнің оқу бағдарламасына Финляндияның топпен жұмыс тәсілін, диалогты оқыту әдісін, Оңтүстік Кореяның сындарлы оқытуын, оқушының сын тұрғысынан ойлатуды және E-learning желісін және Сингапурдың мұғалімдерді іріктеу тәсілдерін мектебіме еңгізгім келеді. Мектепте көшбасшылықты дамыту, дарынды және талантты балаларды оқыту , ата-аналар пікірімен санасуды әлем елдерінің жетістіктерінен өз мектебіме алғым келеді. Өйткені топпен жұмыс барысында бірлескен оқу жүзеге асады. Бұл дегені оқушылар алдына мақсат қоюды үйреніп, сол мақсатқа жету үшін өзара әрекетке түсу барысында проблемаларды бірлесе отырып шешеді, топта әнгімелесу арқылы білім алмасады. Топта ынтымақтастық орнату барысында топтық мәдениетке үйренеді, тәжірибелері мен идеяларын ашық айтып, пікір алмасады. Сындарлы оқытуды оқуда қолдансақ, оқушылар алған білімдерін жай ғана игеріп қана қоймай , оны өмірде қолдана алады. Көшбасшылықты мектепке еңгізу- оқыту бағдарламасына жаңалық кірітуге, оңтайлы тәсілді тарату, қалай оқу керектігін үйреніп, өз-пікірін жеткізе алатын ынталы, сенімді, сыни тұрғыдан дамыған оқушыны қалыптастыруға көмек береді. Кембридж Университетінің бағдарламасы мектептерге өзгеріс еңгізудің бүгінгі заман талабына сай сабақ беретін мұғалімдерді дайындау тиімді екенділігін мектеп жиналысында мектеп ұжымымен бірге отырып, талқылап мектепке және мұғалімдерге өзгеріс қажет деп таптық.
Сөзімді қорта келе, қазіргі таңда әлем жылдам өзгеруде. Мұғалім өзгермесе шәкірт оның алдында көп біліп, оны ұятқа қалдыруы әбден мүмкін. Қазіргі таңда оқушыларымыз мектепке бармай жатып, компьютер мен жұмыс істеуді, ғаламторды қолдана отырып, өздеріне қажетті ақпараттар алуда. Ал үлкен жастағы мұғалімдер тіпті компьютерді қосып өшіруді білмейді. 5-6 сынып оқушылары қазіргі таңда компьютерді, интербелсенді тақтаны мұғалімнің көмегінсіз жақсы пайдаланады,мұғалімнен жақсы қолдана алады. Ал үлкен сыныптың оқушылары ғаламтордан мұғалімдерден көп мағлұмат алып келіп, жаңалықтар мен алда келуде. Сол өзгерістерді көре отырып, қалай біз мұғалім қауымы өзгермеске? Өзгеріс бізге керек өткені мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында, ал жастарды мемлекетті қорғайтын,мемлекет үшін қызмет ететін түлектерді дайындау біздің қолымызда. Білім беру саласына жаңалық енгізіп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың жаңа жолдарын іздестіруді мақсат етіп, ақпараттық қоғам жағдайының өркениетті бағытына сәйкес әлеуметтік өмірге бейімделген, ой өрісін саналы түрде басқаратын, бәсекеге қабілетті азаматты тұлғаны қалыптастыруды,әр бір шакірт бойындағы асыл қасиеттерді дамытып, оқыту мен тәрбиені сабақтастыра отырып, шығармашылық арнайы оқыту үдерісін жүргізуге білім саласына үлкен өзгеріс еңгізуге ниет етіп,өз білімімді әлем жаңалықтары мен күнделікті арттырып отыруды ұйғардым.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары
2. Интернет материалдары: а) (http://www.inform.kz) Білім саласындағы бәсекелестік алдағы дамудың басымдығына айналуы шарт.
ә) www.mtrk.kz
3. А.Құсайынов, Әлемдегі және Қазақстандағы білім сапасы.
4. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші деңгей;
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.