.
.
Маңғыстау облысы Мектептегі сынып жетекші ролі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1400 | Размер: | Автор: гостьАқтау қаласы
№20 жалпы білім беру орта мектеп
құқық пәні мұғалімі
Бекназарова Рима Аяшовна
Мектептегі сынып жетекші ролі
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана- сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да жақсы қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Тәрбиенің мазмұны негізінен адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.Сол себепті сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде алатын орны зор.
Мектепті білім тірегі десек, ұстаз-оның жүрегі . Мұғалім жас ұрпақтың жан-жақты терең білім алуымен қатар саналы да тәрбиелі, зерделілік деңгейі жоғары болуы үшін тер төгіп, еңбек етеді.. Өз тәжірибемнен байқағаным, сынып жетекшісінен үлкен жауапкершілік талап етіледі.
Сынып жетекшісі: оқушы идеалы, адами қасиетті бойға дарытушы, рухани тәрбие беріп,
мәдениетке шақырушы. Ең биік шыңында жеке тұлға қалыптастырады.Оқушы бойындағы өзін - өзі тәрбиелеу және дамытуға саналы көзқарасты қалыптастыру үшін жоспарлы тәрбиелік шаралар жүйелі өткізу уақыт өте келе өз нәтижесін береді. Сыныпта отырған оқушыларыма 5-сыныптан бастап жетекшілік еткен кезімде бірін- бірі көре алмау, қызғаныш, бұйырып сөйлеу, кемсіту секілді келеңсіз әрекеттер көптеп кездесті. Балалар бойындағы талантын, дарынын ашу үшін намысын қайрап, жақсы оқуға толық мүмкіндігі бар екендігіне көздерін жеткіздім. Нәтижесінде 5 сыныпта үлгермей жүрген оқушым, (бітіріп кеткен түлек) жоғары сыныпта екпінділер қатарына қосылып, кейіннен зияткерлік мектепке түсті. Бір-бірімен қарым- қатынас жасауға, достасуға, қайырымдылыққа үйретіп, ұлы адамдар өмірінен мысалдар келтірдім. Қатігездікке, құқық бұзушылыққа қарсы тұруға, өз тәртіптерін, істерін бағалай білуге барынша үйреттім. Сынып оқушылары бір үйдің баласындай тату болу керектігін санасына құйдым. Нәтижесінде сыныпта «Бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» принципі қалыптасты. Кезекті ашық сабақтарымды өз сыныбыма өткізу дәстүрге айналды. Мақсатым- оларды топ алдында қысылмай еркін сөйлеуге қалыптастыру, білімін молайту, іздендіру, шығармашылық қабілетін ояту. Әрбір сабақта психологиялық тренинг немесе сергіту сәті арқылы оқушылардың қызығушылығын дамыта отырып сабақты түсіндіру.
Әр уақытта ата-анамен байланыс дәптерін жүргізіп, балалар бойындағы жақсылы- жаманды қасиеттерін байқап,дер кезінде қателігін түзеуге тырыстық..
Тәрбиелік шараның түрлері өте көп. Қолымыз тисе оқушыларды демалыс уақытында теңіз жағасына серуендеп қайтып және туған жердің тарихи жерлерін көзбен көріп есте қалатындай туған өлкені толық танып, түсіну патриоттық сезім қалыптастыру. Сынып сағатын да түрлендіріп өткізу атап айтсақ, таңғажайып алаң, кездесу, лидер, пікірталас, дөңгелек үстел, ауызша журнал, әдеби кеш, ойын, мнемоника, т.б. түрінде.
Пікірталастың оқушы өмірі үшін , сынып жетекшісіне баланың ішкі жан- дүниесін зерттеп, білу үшін де көп пайдасы бар. Оқушылардың ойын ауызша да, жазбаша да, сурет салу арқылы да жарыққа шығартып, ситуациялық жағдаяттарды, өмірдегі таза шындықты көрсету арқылы олардың жүрегіндегі ақ пен қараны айыра білу, еңбекқорлыққа баулу, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойға жиып, қатігездіктен аулақ болуға шақырады. 7 сыныпта «Мен кіммін?» тақырыбында пікірталасты ұйымдастырдым. Мақсатым – сыныптағы әрбір оқушының өзін- өзі тануына, сын көзбен қарай білуіне жол ашу; өзін тәрбиелеуші ортадағы адамдарға құрметпен қарауға, айтылған ақыл - кеңестерді ыждағаттылықпен тыңдап, жеке адам боп қалыптасуына мүмкіндік туғызу болатын. Оқушыларға ойланатындай 4 түрлі сұрақтар қойдым.
1) Абай айтқан 5 асыл қасиеті ( талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) өз бойыңнан табыла ма, ойланып көрдің бе? 2) Ата- ана алдындағы парыз деген не? 3) Өзіңді қоршаған ортада, -өзіңді қалай ұстайсың? 4) Жеке тұлғаларда қандай адам жаныңа жақын немесе кімге еліктейсің? Жазбаша түрде пікірлерін оқығанымда, сыныптың ой- санасының қалай қалыптасқанын , өмірге деген көзқарасының қандай екенін байқап дер кезінде бағыт беруге болатынын байқадым. Кейбіреуі өмірде жақсы адамдарға еліктесе, тағы біреулері ата- ана алдындағы парызын түсінетіндігі, ең асыл адам деп танып,өскесін бар жақсылықты жасайтындығын туған өлкесін қорғайтынын жазған.
Сынып жетекшісі оқушыларға ұрсып емес, саналы тәрбие, аз сөзге көп мағына сыйғызып түсіндіру арқылы өзін- өзі тәрбиелеуге, жіберген қателігін түзеп, қайталамайтын жағдайға жеткізуге үйретуге болады. Әр шәкіртінің бойындағы қабілет, дарынын уақытында байқап, пән мұғалімдерімен, ата- анамен тығыз байланыс жасап, болашақ өмір жолына пайдасы тиетіндей олимпиада, ғылыми жоба жарыстарына қатысуын қадағаласа, орасан пайда келтіргені..
Ендігі менің басты арманым- қанат қағып ұядан ұшқан шәкірттерімнің өмірде қателеспей, сүйікті мамандығының иесі атанып, Отанына, еліне, ата- анасына адал қызмет етер саналы азамат, азаматша атанса. Қай ортада жүрсе де , өнегелі тәрбиемен өскендігін таныта алса, ұрпағына үлгі болса дегім келеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.