Мемлекеттік рәміздер
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1392 | Размер: | Автор: Публикатор
Мұғалімі: Курбанбаева Н.И.Қысқа мерзімді жоспар Әліппе 1"Д"-сынып 02.09.2015ж |
||||
Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер |
||||
Сабақтың мақсаты:Мемлекеттік Рәміздер туралы білу, авторларымен танысу , оларды бір -бірінен ажырату. Сөйлеу тілдерін жетілдіру, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, еркін жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, өз ойын еркін айта алатын, сыни тұрғыдан ойлай білетін тұлға қалыптастыру. |
||||
Күтілетін нәтиже: Мемлекеттік Рәміздер туралы біледі, авторларымен танысады , оларды бір -бірінен ажыратады. Сөйлеу тілдерін жетілдіреді, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамытады, еркін жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады, өз ойын еркін айта алатын, сыни тұрғыдан ойлай білетін тұлға қалыптасады. |
||||
Сабақтың әдісі: "өрмекші торы" әдісі ,"ДЖИГСО "әдісі,"ыстық орындық" әдісі,"ағаш өсіру" әдісі |
||||
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
Ресурстар |
|
3 минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа ену, оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, сәлемдесу. Ыстық алақан тренингі арқылы (Оқушылар бір – бірінің алақандарын ұстап, ыстық лебіздерін білдіру) ұйымдастыру.Түрлі-түсті стикерлер арқылы үш топқа бөлу. |
Орындарынан тұрып сәлемдеседі жылы қабақты сезеді. Бір – біріне жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіреді. - Бүгінгі күнің сәтті өтсін. - Сабағыңды беске оқы, ата-анаңның үмітін ақта. |
Стикерлер І-топ қызыл түс ІІ- топ сары түс ІІІ-топ жасыл түс
|
|
5 минут
|
Үй тапсырмасын тексеруҮй тапсырмасын "Өрмекші торы" әдісі арқылы тексеру.
|
Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне берілген сұрақтарға жауап беріп өрмекші торын жасайды. |
жіп орамы |
|
5 минут |
Ой қозғау "Мемлекеттік рәміздер" слайдпен жұмыс .Сұрақтар қойып қызығушылығын ояту 1.Рәміздер дегеніміз не? 2. Мемлекеттік рәміздерді ата. 3. Туда не бейнеленген? 4. Елтаңбада ненің суреттері бар? 5. Әнұранды айтыңдар. |
Ой қозғау бөлімінде оқушылар сұрақтарға жауап беріп бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашады. |
Слайдтар ноутбук |
|
24 мин
5мин |
Негізгі бөлім.Оқулықпен жұмыс. "ДЖИГСО "әдісі бойынша оқушыларға оқулықта берілген мәтіндермен жұмыс жасауын сұранамын.
Мағынаны тану: Туымыз туралы: Дәптермен жұмыс. Мемлекеттік рәміздерді дәптерге түсіру ІІІ. Ой толғаныс кезеңі. "Ыстық орындық" әдісі 1.Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? 2. Тудың авторы кім? 3.Елтаңбаның авторы кім? 4. Әнұранның авторы кім? 5. Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды? |
" Мемлекеттік рәміздер "мәтінін оқып "ДЖИГСО" әдісі бойынша үш топ жұмыс жасайды, және бір-біріне сұрақтар дайындайды.
Постер жасап оны тақтада қорғайды.
Мағынаны тану бөлімінде мемлекеттік рәміздер туралы толық мағлұмат және қосымша түсінік алады.
Оқушылар мемлекеттік рәміздерді дәптерге түсіреді.
Әр топтан бір оқушыдан шығып орындыққа отырып, сыныптастарының қойған сұрақтарына жауап береді.
|
Түрлі түсті қалам флипчарт стикерлер
|
|
2 мин |
Бағалау: мұғалім оқушылардың бүгінгі сабақта көрсеткен білімдерін саралап бағалайды. Үйге тапсырма : Мемлекеттік рәміздерді жатқа білу |
Өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау Оқушылар бір-бірін "бағдаршам" әдісі арқылы бағалайды. |
бағдаршам |
|
2 мин. |
Кері байланыс: "ағаш өсіру" әдісі |
Оқушылар ендігі сабақта не білгісі келетінін жазады |
стикерлер, ағаш кесіндісі |
|
Не сәтті өтті? |
|
|||
Не сәтсіз өтті? |
|
|||
Нені дамыта алар едім? |
|
|||
"Тексерілді"
Оқу ісінің орынбасары: Абдураззак Курбанбаев