Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мен де шәкірт болғанмын... -

Мен де шәкірт болғанмын...

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1478 | Размер: | Автор: гость
. Сабирова Шынар Асылбековна
Батыс Қазақстан Облысы, Орал қаласы
Желаев мектептен тыс жұмыс орталығы.
қосымша білім беру педагогы
хор үйірмесінің жетекшісі


Мен де шәкірт болғанмын...

Ұстаз-оқушыны өмірге баулушы,өз уақытын аямай,өзгенің бақытын аялаушы.
Педагог-менің ойымша өз пәнін жетік білетін шебер кәсіби маман.
Балаларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.
Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру .
«Нағыз қазақ қазақ емес,нағыз қазақ-домбыра» демекші мектеп уақытында музыкалық мектепте домбыра аспабынан сабақ алдым.Ендеше сіздерге осынау киелі аспап жөнінде ұстазымның үйреткен домбыра үйрету тәсілдері жөнінде бір үзік сыр шертейін.
Домбыра — көшпелі елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш етіп, халқымыздың тарихнамасына ай¬налды.
Күйді үйрету тәсілдері:
- күй туралы және күйдің аңыз әңгімесін тыңдаушыға әрі түсінікті әрі қызықты етіп айту. Бұл тәсіл ежелден келе жатқан әдістемелік құрал, күйді үйреткенде бірге айтылады.
- күйді есту арқылы үйрету. Бұл тәсілдің әдістемелік түрлері өте көп. Солардың бірі: өзі естіп, өзі үйрену, өз қатесін өзі түзеп алу. Мұндай тәсіл үлкен нәтиже береді.
- күй үйрету тәсілінде ертеден келе жатқан әдістемелік құралдың бірі күй сазын әуен арқылы айтып беру. Бұл шәкірттің күй сазын көкірегінде сақтауға көмектеседі. Әсіресе күйдің дыбыстық сапасының бояуы қанық болады. «Домбыра үйрену» әдісі пәнінен дестесіне түйген, алған тәлімін осы пәндермен ұштастыра жүргізу, творчестволық бастау алу. Студенттің ұстаздық қабілеттерін дамыту, оған қажетті жеке бастың қадір-қасиетін, бойына сіңіру, өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету.Әр аймақтың күйлерін ерекшеліктерімен, талдауларымен, орындаушылық қыр-сырларымен жақсы меңгеруі, оқушыға көрсете білуі тиіс.
Күйдің шығарманың орындалуында кездесетін көркемдік мәнерліктерін, қиындықтарын дұрыс әдіспен талқылауға үйренуі керек. Әр оқушының табиғи музыкалық қабілетіне, талантына, мінез құлқына т.б. деректеріне қарап жеке бағдарлама құра білу.
Халық күйлерін үйреткенде оның сазын әндете отырып түсіндіру, халық педагогикасының ең негізгі әдістемелік құралы.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.