Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мен  елімнің  ертеңімін -

Мен елімнің ертеңімін

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 12239 | Размер: | Автор: гость
. Астана қаласының №82 «Дарын»
мамандандырылған лицейінің
11 сынып оқушысы
Дәрібай Аружан Темірбайқызы


Мен елімнің ертеңімін

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ.
Мен неге қазақтықтан сақтанамын...

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың осы өлең жолдарын еске алған сайын бойымды шабыт кернеп, ерекше мақтаныш, шаттық сезімге бөленемін. Иә, мен тәуелсіз елдің еркін ұрпағымын. Менің елім - кең-байтақ, ұшы қиыры жоқ кең даласы бар, егіні жайқалған, шаттығы жарасқан бейбіт те қонақжай, ұлы ел. Мен С. Торайғыров жырлағандай «Кезінде талай царь, талай князь тағзым еткен ер түрік ұрпағымын».
Біздің осынау ұланғайыр жеріміз- ата-бабаларымыздын қасық қаны, шыбын жанымен қорғап, аманат еткен, аналарымыздың көз жасымен суарылған құнарлы жер.
Кез келген ел өзінің болашағын өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. XXI ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни, біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Еліміздің тәуелсіздігін алу жолында ата – бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, сол жолда зор құрбандыққа душар болып, қиын кезеңдерді бастан өткерді. Ал, бүгінгі күні Қазақстан - ата–бабамыз ежелден аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, кең байтақ жері бар, ел қорғар ері бар азат ел. Бүгінгі күні еліміз бейбіт елдің, іргелі елдің қатарында. Бабалар аманат еткен кең –байтақ жерімізді, тіліміз бен тегімізді сақтап қалдық.Елдің елдігін танытатын астанамызды айқындадық. Мен үшін осындай әлем таныған, дүйім елді мойындатқан кең байтақ қазақ елінде өмір сүру- үлкен бақыт. Иә, мен көк байрағы желбіреп, айбыны асқақтаған тәуелсіз елде тұрғанымды мақтан етемін. Өз елінің ауасымен тыныстап, өз елінің топырағында аунап-қунап өскен адамда арман жоқ шығар, сірә... Тәуелсіздікке қол жеткізе алмай, басқа елдің боданы боп отырған елдер қаншама?!Ондай елдің жастарының, ұландарының болашағы бұлдыр, көңілдері шерге толы. Ал, біздің Тәуелсіз Қазақстанның ұландарының арманы асқақ,болашағы жарқын. Өйткені, біздің еліміз - күн санап көркейіп, қарқынды дамып келе жатқан, жастардың даму жолында бар жағдайды жасап отырған, күллі әлемді жетістігімен тамсандырған дамушы ел. Ал, мен осындай еліміздің жүрегі, Елордамыз Астана қаласының бүкіл әлем таныған, Еуропадан «Алтын тәж»иеленген №38 мектеп – лицейінде білім алып жүрмін. Мектебімізде білім нәрімен сусындатқан барлық ұстаздарға алғысым шексіз. Ұстаздарымның маған берген тәрбие мен білімінің арқасында бүгінгі күнгі деңгейге жетіп отырмын. Елімнің өркендеуіне адал еңбек етіп, өз үлесімді қосуға әркез тырысамын. Менің ұғымымда азат ойлы, рухани кемелденген әр адамның жүрегінде Отанға деген кіршіксіз құрмет сезімі болуы керек. Сондай-ақ, Елбасымыз «Патриот болу – мемлекетін өз жүрегінде сақтау» «Еліңнің ұлы болсаң, азаматтық намысын болса, қазақтың мемлекетін нығайтып, көркеюі жолында теріңді төгіп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа» демекші, әрбір жас қазақстандық қыз – жігіттердің ой–санасында:«Мен қазақстандықпын! Мен елімнің патриотымын,елімнің ертеңімін! Өзімнің бар білімімді, еңбегімді, тәжірибемді осы мемлекеттің бүгіні мен болашағына арнауым керек!» деген ой болуы керек. Әрбір қазақтың жан – жүрегінде: «Қазақ елін жаудан қорғайтын да, әрі қарай дамытатын да менмін!» дейтін ұлттық мүддені көздейтін көзқарас болуы керек. Әрине, қоғам болған соң, кейбір жастардың әлеуметтік жағдайы өз деңгейінде болмауы мүмкін. Бірақ, оның барлығы да- уақытша нәрсе. Уақытша болмайтын бір-ақ нәрсе бар, ол – өз Отаныңа деген үлкен сүйіспеншілік. Отанды сүю дегеніміз – өз еліңе, өз халқыңа, өз жеріңе деген зор құрмет! Егер де әрбір қазақстандық өз Отанын шынайы ниетімен қадірлеп, оның қуанышына сүйініп, кемшілігіне күйінетін болса, жер бетіндегі басқа халықтардың да бізге деген құрметі, көзқарасы өзгереді. Менің ойымша, нағыз патриоттық осыдан басталуы керек сияқты. Ата – бабаларымыздан мұра болып қалған ана тілімізді құрметтеу, мемлекеттік тілде өзіңнің ой – пікіріңді жасқанбай айта білу де – патриоттықтың бір белгісі.Ел үшін еңбек етіп,ел мерейін асқақтатар ұрпақ болып,Отаным алдындағы перзенттік борышымды, менен үміт күткен ата-анам, ұзтаздарымның сенімін ақтау- менің бүгінгі күнгі басты мақсатым.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.