Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Менің арманым қияларға жетелейді -

Менің арманым қияларға жетелейді

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1390 | Размер: | Автор: гость
. Шығарма
Тақырыбы: «Менің арманым қияларға жетелейді»

Ес білгелі әжемнің жақсы жақтарын көріп өстім. Кішкентай кезімде ойнатып, тізесіне отырғызып, арқалап, еркелетіп бақты.
Менің әкемнің өзі жеті ағайынды. Әрқайсысының балаларын бөле жармайды, аналық ақылын аямай «Балапандарым, ақылды, мейірімді, кешірімді болыңдар, өтірік айтпаңдар, сабақтарыңды білім алу үшін оқыңдар» деп үнемі айтып отырады. Бүгінгі таңда біз үш ағайындының баласы бір сыныпта оқимыз. Үшеуіміздің де сабағымыз жақсы.
Мен өзімді бақытты үлкен отбасының қызымын, - деп есептеймін.Ата – анам да елге сыйлы адамдар. Отбасында да әкем басшы, анам қамқоршы боп бірін – бірі ренжіткен кездерін көрген емеспіз.
Әкем: «Үш қызым- байлығым, алақанымдағы алтыным» деп бізді еркелетіп отырады. Анама ешкімді теңгермеймін, мен үшін ол – ең асыл адам. Үлкен апатайым М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Гуманитарлық университетінде өнер факультетінде II курс студенті. Екінші апам Абай атындағы мектеп – гимназияның 8 сыныбында озат оқушы. Ал інім үйдің еркетотайы. Ол – біздің Жайық НЖББМ жанындағы шағын орталыққа барады. Ол да биыл өз қолымен алғаш рет жасаған сыйлығын қариялар күнінде әжесіне сыйға тартты. Мен өзімді, бауырларымды үлкендік мейірімге жарып өсіп келе жатқан нағыз бақытты ұрпақпыз, - деп ойлаймын.
Мен оқу озатымын. Облыстық «Зерде» интеллектуалдық марафонынан I орын алып, «Дарын» орталығының жазғы демалыс лагеріне жолдама алдым.Аудандық кіші ғылыми жоба сайысына қатысып I орынды иелендім. Бұл жетістіктерге жетуім тек өзімнің ғана емес, ата – анамның, ұстазымның еңбегі. Әжемнің айтқан өнегелі сөздері, бағыт – бағдары. Әрине,әзірге бұл менің алғашқы ғана жетістіктерім. Болашақта көп оқумен,ізденудің арқасында үлкен жетістіктерге жететін боламын.
Ер жеткенде үлкенге, ата – анаға деген махаббатымыз одан әрі Отанға, туған жерге, қасиетті тіліміз бен дінімізге ең бастысы айналадағы адамдарға деген сүйіспеншілікке ұласады деп ойлаймын.

Жақсылықтың қуатынан нәр алып, пәк көңілмен өмір сүру – шынымен-ақ ғажап емес пе?
Барша тіршілікке кіршіксіз көңілмен қарау – қандай бақыт!

4-сынып оқушысы
Темирбулатова Ұлпан Даулеткерейқызы
Сынып жетекшісі: Гумарова Айнагуль Гилмановна
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Жайық негізгі жалпы білім беретін мектебі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.