.
.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Менің Қазақстаным! Менің Қазақстаным!
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1782 | Размер: | Автор: гостьОқу іс-әрекетінің мақсаты: Балалардың отан туралы түсініктерін кеңейту.Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.Туған жерін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,әңгімелесу,көрсету
Сөздік жұмыс: Отан,туған жер.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Қазақстан картасы
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады,барлығы бірге қосылып айтады.
Отан деген –атамекен,
Отан деген-туған жер.
Отан-ана,Отан-үлкен,
Қазақстан-туған ел!
Педагог:
-Отан -біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз,туған жеріміз,ауылымыз,қаламыз,айналаны қоршаған табиғатымыз.
Біздің отанымыз-Қазақстан.
-Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?
-Рәміздерді атаңдар.
Қазақстан Республикасының Президенті кім?
-Қазақстан картасын білесің бе?
Сұрақ қою:
1. Балалар біз қай елде тұрамыз? Қазақстанда тұрамыз.
2. Біздің қаламыз қалай аталады? Астана қаласы
3. Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер? Отан-үйіміз, жеріміз, отбасымыз.
Балалар сендер қандай Отан туралы, Туған жер туралы мақал-мәтелдер білесіңдер?
1. Отан -оттан да ыстық.
2. Отансыз адам
Ормансыз бұлбұл.
3. Отан - қуат
Отбасы – шуақ.
4. Жері байдың- елі бай.
5. Туған жер – алтын бесік.
Елімізді жақсы көреміз бе? Жақсы көреміз.
Олай болса елімізге жақсы тілектер айтайық.
1. Еліміз бай болсын!
2. Соғыс болмасын!
3. Бейбітшілік болсын!
4. Еліміз көркейіп өсе берсін!
Қазақстанның қалаларын атаңдар?
Атырау Ақтау Алматы Тараз Қарағанды Павлодар Өскемен
Қазақстанда тұратын көп ұлттарды атаңдар? Орыс, неміс, татар, украин, беларус, кәріс.
Отан туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Отан деген-Атамекен,
Отан деген-туған жер.
Отан-ана, Отан-үлкен
Қазақстан- туған жер.
Отаным-байтақ мекенім,
Отанды жырлап өтемін.
Осында өтер өмірім,
Отансыз босып кетемін.
Отан-жерім, Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан-ұран, Отан-туым
Отан мәңгі гүлденеді.
Д/ойын: «Қайсысы артық?», «Айырмашылығын тап»
Қорытынды: Қазақстан Республикасы- біздің сүйікті Отанымыз. Қазақстан-өте үлкен, бай республика.
Өзін-өзі бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.