.
.
Сабақтың тақырыбы: Менің мектебім. Менің мектебім.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4378 | Размер: | Автор: гостьБакакова Айсулу Кожанбердыевна
Астана қаласындағы
№27 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы Менің мектебім, 6 сынып
Сабақтың жалпы мақсаты Білім алуға ынталандыру, оқуға шақырып, өз мектебін құрметтеуге тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдері Диалог, топтық жұмыс, АКТ, кері байланыс, бағалау,СТО элементтері, сызба нұсқалары
Күтілетін
нәтиже Мектептің маңыздылығын ұғынады, сөйлем құрастырып, талдай алады, мәліметтер жинақтайды. Ынтымақтастық орнайды, өзгені де өзін де бағалай алады
№ Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Дерек көздер
1 2 мин I.Оқушының психологиялық
дайындығы. «Жүректен жүрекке»
Оқушылар шеңбер құрып, бір-бірлеріне шар сыйлау арқылы жақсы тілектер айтады.
Үрмелі шарлар.
2 10 мин II.Үй тапсырмасын тексеру. 1-топ. Мектеп туралы мәлімет.
2-топ. «Менің мектебім» презентация.
3-топ. Қабырға газеті. АКТ
Портрет.
3 1 мин Топқа бөлу.
(Өздері таңдаған гүлдер бойынша топқа бөлу) Түрлі гүлдер таңдау арқылы топқа бөлінеді.
Қағаздан жасалған гүлдер.
4 1 мин Сабақты бағалаумен таныстыру. Сабақтың соңында сынып топбасшысы өз тобын бағалайды
Бағалау парағы
5
3 мин III.Жаңа сабақтың ашылуы.
1. «Сұрақ-жауап» әдісін қолдану Топтар арасында жарыс. Оқушылар мектеп туралы берілген сұрақтарға 1 минут ішінде жауап береді Тақта
бор
10 мин 2. флипчарт жасату «Менің қиялымдағы мектеп» топтық жұмыс Топтарға қажетті заттар (қағаз,түсті қарындаштар)
6 2мин Сергіту сәті Би билеу Видеоролик
7 1мин 3.Семантикалық кестені қолдану Семантикалық кестені толтыру.
Етістіктің шақтарын қайталау Сызба нұсқасы
8 7 мин 4. Талдау жұмысы Кестедегі сөйлемді тақтаға жазады, кезекпен әр топтан шығып, сөз құрамына, сөйлем мүшесіне талдайды. Тақта
9 3 мин IY.Қорытындылау.
Мектеп тақырыбына байланысты сөз тіркестерін айтып жарыстырады Оқушылар «Кім жылдам» әдісі бойынша өз ойларын жинақтайды.
Әр оқушы бір-біріне доп лақтыру арқылы тақырыпқа байланысты сөз тіркестерін айтып, жарысады. Доп
10 2 мин Y. Үйге тапсырма
1. Эссе жазу «Оқу инемен құдық қазғандай»
2. Диалог құрастыру Тақта
11 3 мин YI. Кері байланыс. Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлы стикерге жазады, тақтадағы смайликтерге жапсырады Смайлик суреттері
Сабақтың тақырыбы: Менің мектебім.
Бакакова Айсулу Кожанбердыевна
Астана қаласындағы
№27 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша өткен материалды қайталау арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеп, бекіту, оларды өз ойын айта білуге үйрету, тақырыптың негізгі идеясын ашу.
Сабақтың міндеттері:
а)Білімділік: өткенді еске түсіру,көрген, естіген, оқығандарын қолдана білуге дағдыландыру.
ә)Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ой-өрістерін кеңейту.
б)Тәрбиелік:білім алуға ынталандыру,оқуға шақырып ,өз мектебін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, интерактивтік оқыту әдісі, тізбектеу әдісі,қорғау,қайталау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарт парағы, бағалау парағы, қабырға газеті, семантикалық карта.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1) оқушыларды түгендеу
2) психологиялық тренинг «Жүректен жүрекке».
II. Үй жұмысын тексеру .
Әр топ өз тапсырмасын қорғайды.
1 топ- мектеп туралы жалпы мәлімет
2 топ-презентация дайындайды
3 топ- қабырға газетін қорғайды
III. Жаңа сабақ.
Ал енді жаңа топқа бөлінейік.
1) а-Сонымен, мектебіміз қандай болу керек? (1 топқа сұрақ)
...........
Ә-Мектепке не үшін келеміз? (2 топқа сұрақ)
............
Б -Білім алған адам қандай болады? (3 топқа сұрақ)
...........
2) Жобаны қорғау. Болашақта біздің мектеп қандай болады, қандай болсын деп қалайсыңдар?( Болашақ мектебінің суретін салып қорғау)
3) Сергіту сәті (видеоролик)
4) Болашақ мектеп туралы әңгімелегенде етістіктің қай шағын қолдаңдыңдар?
Дұрыс, келер шақтағы етістіктерді.
Етістіктің тағы қандай шақтары бар?
Нақ осы шақ және жедел өткен шақ.
Осы үш шақ қалай жасалады?
5) Осы тақырып бойынша сендерге семантикалық кесте ұсынғым келеді
№ Етістіктер Осы шақ Өткен шақ Келер шақ
1 Біздің мектеп 1984 жылы салынды.
2 Мұнда мыңнан астам оқушы оқып жатыр.
3 Мектеп бітірген соң, мен университетке түсемін.
№ Етістіктер Осы шақ Өткен шақ Келер шақ
1 Мектеп айналасында биік ағаштар өсіп тұр.
2 Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына арнап мектеп ашқан.
3 Келесі жылы біз бірінші ауысымда оқимыз.
№ Етістіктер Осы шақ Өткен шақ Келер шақ
1 Сабақтан соң достарыммен кітапханаға барамын.
2 Мен мектептегі би үйірмесіне қатысып жүрмін.
3 Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына арнап оқулықтар жазған.
6) Талдау жұмысы
IY.Қорытындылау :
Мектеп тақырыбына байланысты сөз тіркестерін айтып жарыстырады
YI. Үйге тапсырма
1.Эссе жазу «Оқу инемен құдық қазғандай»
2.Диалог құрастыру
YI. Кері байланыс.
Сабақтың тақырыбы:
Бакакова Айсулу Кожанбердыевна
Астана қаласындағы
№27 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: етістіктің райларын қайталай отыра,қазақ драма театры туралы білімдерін толықтыру,меңгерту.
2.Дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілеттерін, тілге деген қызығушылықтарын, білімге деген белсенділіктерін арттыру.
3. Тәрбиелік: театр өнерінің өкілдерімен танысып , елін, тарихын қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды түсіндіру сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, компьютер, кітап көрмесі, суреттер.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері Сабактың іс-әрекеті Қолданатын әдіс-тәсілдер олардың мақсаттары
Ұйымдастыру кезеңі 1. Кезекшімен жұмыс.
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Кезекшінің
есебі-әңгімелеу
Үй тапсырмасын тексеру Диолог жүргізу. Саналы түрде еңбектенуге бейімдеу
Мақсат қою Ой шақыру. Оқушылар алған
( жасыл, көк, ақ, сары түсті ) билеттеріндегі сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап беру
Жаңа материалды түсіндіру Мұғалімнің кіріспе сөзі, мәтінмен жұмыс, сұрақтарға жауап беру. Түсінгенін тексеру, аударма
Сөздік жұмыс Сөздік дәптермен жұмыс
Түсінгенін тексеру Жаттығу жұмыстары Талдау. Етістіктің шырайларын қайталау
Жаңа сабақты бекіту Эссе жазу
Үй тапсырмасы Венн диаграммасын құрастыру( кино-театр) Саналы түрде әңгімелеу
Қорытындылау Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Қазақ драма театры.
Бакакова Айсулу Кожанбердыевна
Астана қаласындағы
№27 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: етістіктің шырайларын қайталай отыра, қазақ театры туралы білімдерін толықтыру, меңгерту.
3. Дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілеттерін, тілге деген қызығушылықтарын, білімге деген белсенділіктерін арттыру.
4. Тәрбиелік: театр өнерінің өкілдерімен танысып, елін, тарихын қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды түсіндіру сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, компьютер, кітап көрмесі, суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 1) Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. 2) Кезекшімен сұхбат.
Үй жұмысын тексеру. «Кино» тақырыбына диалог құрастыру.
Қызығушылықты ояту сатысы.
Ой шақыру.
Оқушылар алған ( жасыл, көк, ақ, сары түсті ) билеттеріндегі сұрақтарына жауап береді.
Мұғалімнің кіріспе сөзі (интерактивті тақтаны қолдану арқылы алғашқы қазақ драма театрының тарихы туралы айту).
Жаңа сөздермен танысу.
Қойылым – постановка
Актерлердің ойыны – игра актеров
Ғажап – великолепно
Алғашқы – первый
Болдым – посетил
(Жаңа сөздермен етістіктің шырайларын қолдану арқылы сөйлемдер құрастыру)
Мәтінмен жұмыс.
1) Оқып, қазақ тіліне аудару.
2) Сұрақ – жауап
• Қай театрға жиі барасың?
• М.Әуезов атындағы қазақ драма театрында болдың ба?
• Қандай спектакль көрдің?
• Актерлердің ойыны ұнады ма?
• М.Әуезов атындағы қазақ драма театрының қандай атақты актерлерін білесің?
Жаттығу жұмыстары. Талдау жұмыстары. Етістіктің шырайларын қайталау.
Жаңа тақырыпты бекіту. Эссе жазғыздыру.
Үй тапсырмасы: Венн диаграммасын құрастыру (кино-театр)
Тақырыбы: Менің қалам – Астана.
Мақсаты
Білімділік: Жаңа сабақ түсіндіру. Астана қаласы туралы толық ақпарат беру. Астананың көрікті жерлерін слайд арқылы көрсетіп, таныстыру. Тақырыпқа байланысты өлең оқу, әңгіме жазу, диалог құрастыру. Жай сөйлем және оның түрлеріне түсіндіріп, жаттығу, талдау жұмыстарын жүргізу.
Дамытушылық: Ауызша әңгімелеуге, сауатты жазуға үйрету. Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың Отанға, еліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз елінің ұлтжанды азаматы болып өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, суреттер, интерактивті тақта, жеке тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылар, мен сіздерге үйге «Қазақстанның астаналары» тақырыбына шағын шығарма жазып келуге бергенмін. ( Әр оқушы өздерінің дайындап келген шығармалары бойынша сөйлейді).
III. Жаңа сабақ: Менің қалам – Астана. Жай сөйлем.
Біз сіздермен өткен сабақта Қазақстанның астаналарымен таныстық. Бүгінгі сабақта Қазақстанның бас қаласы, астанасы-Астана туралы өтеміз.
-Балалар, Астана, Қазақстан, туған жер туралы өлең оқу. (Осы тақырыпта оқушылар өздерінің өлеңдерін оқиды).
Ең бірінші Астана қаласының тарихына тоқталайық ( Астананың тарихына, көрнекті орындарына, бұрынғы атауларына трех-схема арқылы тоқталамыз және Астананың көрнекті орындарын слайдтан көру арқылы толық танысамыз). Астана-Қазақстанның саяси орталығы. Ол 1998 жылы 6 мамырда Қазақстанның астанасы болды. Астана аты бұрын Қараөткел, Ақмола ( 1830-1961жж), Целиноград (1961 – 1992жж) болған.
Астананың көрікті жерлері туралы оқушылар өздері дайындаған слайд арқылы айтып береді.
-Балалар жай сөйлем және оның турлерін өттік, сондықтан мына сұрақтарға жауап беріңіздер. Жай сөйлем дегеніміз не? Жай сөйлемнің қандай түрлері бар? (Жауаптарын мысалдармен дәлелдейді).
Жай сөйлем –бір тияқты ойды білдіреді.
Жай сөлемнің турлері:
1.Жақты сөйлем-бастауышы бар немесе жасырын тұрады.
2. Жақты сөйлем-бастауышы жоқ және дасырын да тұрмайды.
3.Жалаң сөйлем – тек тұрлаулы мүшелерден тұрады.
4.Жайылма сөйлем – тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де болады.
5.Толымды сөйлем-ойға қатысты мүшелердің барлығы қатысады.
6.Толымсыз мүшелер-ойға қатысты мүшелердің бірі түсіп қалған жағдайда.
7.Атаулы сөйлем-атап қана көрсетеді.
«Астана» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап береді. Мазмұнын баяндайды. Жай сөйлемдерге морфологиялық, синтакситік талдау жасайды.
Астана
Астана бұрын Қараөткел, Ақмола, Целиноград деп аталған. Астана Қазақстанның солтүстік аймағында орналасқан, сондықтан қысы суық, аязды, боранды, жауын-шашынды болады. Мұнда жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. 1998 жылдың 10 маусымдаҚазақстанның жаңа астанасы Астана қаласының тұсаукесері болды. Республикамыздың жаңа астанасының құрылысына итальян, түрік, швейцар құрылыс фирмалар қатысты. Оның обьектілерін салуға басқа да Еуропа Азия мемлекеттерінің көптеген фирмалары қатысты Жұрттыңкө алдында астана Қазақстанның ең көркем қаласына айналып келеді.
Суретпен жұмыс: Бірнеше оқушы «Астана менің қалам» тақырыбына салған суреттері бойынша әңгімелейді. Қалған оқушылар жеке тапсырмаларды орындайды.
Жеке тапсырмалар.
1. Астана қаласының қандай мұражайлары бар? Бірнеше сөйлем жазып бір жай сөйлемге талдау жасаңыз.
2. Берілген сөйлемге талдау жасаңыз . Астана Есіл өзенінің бойында орналасқан.
3. Байтерек туралы не білесіз?
4. Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 23жыл . Осы жылдар ішінде қандай жетістіктерге жеттік, айтып беріңіз.
5. Төменде берілген сөйлемге талдау жасаңыз. Астанада үш жүздің төбе билеріне ескерткіш орнатылған.
«Менің Астанам» сұхбат жазу.
IY.Қорытынды: Сұрақ-жауап арқылы қорыту.
1. Қай жылы Астана Қазақстанның астанасы болды?(1997жыл 10 желтоқсан. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.)
2. Астанам қай облыста орналасқан?(Ақмола облысы)
3. Астанаға қандай қалалар жақын? ( Қарағанды, Повлодар, Көкшетау, Жезқазған).
4. Астана қандай орталық?(Елорда-мәднеи,саяси,экономикалық орталық)
5. Астанада қандай демалыс орындары бар?
6. Елорда қандай ғимараттар бар?(Ақорда, Окан Интер Континенталь)
7. Астанада қандай ескерткіштер бар?(Абай, Барыс,Астана-Байтерек)
Y.Үйге тапсырма: «Астана менің қалам» шығарма жазу.
YI. Бағалау:Оқушылардың білімдері мен белсендіктердің бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.