Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Менің Отаным - Қазақстан -

Менің Отаным - Қазақстан

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1331 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам ауданы
№ 101 жалпы орта мектеп
Осы аптa
Тақырыбы:
Менің Отаным - Қазақстан /5-сынып/
сынып жетекші: Абдираимова Фарида Юсановна
2015-2016 оқу жылы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Тәрбие сағат мақсаты:Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйрену, туған елге, жерге деген сүйіспеншілік пен махаббат сезімді арттыру
Күтілетін нәтиже:Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйренеді, туған елге, жерге деген сүйіспеншілік пен махаббат сезімді арттырады
ресурстар: Қазақстанның көрікті жерлерінің суреттері, слайдтар , ноутбук, оқушылардың бірігіп жасаған шығармашылық плакаттары
Тәрбие сағатының барысы.Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
Құт, береке-шаңырақ,
Орын алған ол төрде.
Билігім өз қолымда-
Еркіндігім- Елімнің!
"Тілек тілеу" Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, бүгінгі күнге бір-біріне жақсы тілектер айтады.
ҚР Мемлекеттік Әнұранын ноутбук арқылы тыңдату.
Үй тапсырмасы: " Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан " тақырыбында суреттер салу
/Оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша салып келген суреттерін ортада қорғап шығады./
Негізгі бөлім:Әдеби-монтаж
Мұғалім: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
оқушы:Армысыздар! Қадірлі де ұлағатты ұстаздар.
Қош келіпсіздер бүгінгі тәрбие сағатына,
Бас иіп сәлем бердік баршаңызға.
оқушы:
Құтты болсын Елбасымның мерекесі
Құтты болсын қазағымның берекесі
Бұл қазақтың бар әлемге танытқан
Нұрсултан ата бар қазақтың иесі
Пейілі кең ақ жүрек Елбасы
Қалықтаңыз,қанатыңыз талмасын
Бұл қазаққа азаматтық алып берген
Көк тәңірім сізді әрқашан қолдасын!
Мұғалім: Балалар, «Отан дегеніміз не?»
оқушы:Отан адамның түп тұқияны,ата бабаларынан бері қарай кіндік қаны танып өсіп өніп келе жатқан жері.Қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбатты,ең қасіетті ең аяулысы-Анасына болейді.
оқушы:Әр адам үшін өмірде қымбат екі нәрсе бар.Оның біріншісі-Ана да,екіншісі-Отан.Өйткені бұлар жайлы сөз қозғағанда елжіремейтін жүрек болмайды.Нәресте кезінен өмірдің ақырына дейін,адамдар ардақты абзал анасын қадірлеп өтеді.Ал Отан деген қадірі мол,қасиетті сезім.Сондықтан біз Ана мен Отанды бірге қосып,Отан-Ана дейміз.
оқушы:: Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- Қазақтсан Республикасы.
оқушы:: Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамызөсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.
оқушы:: Осы Қазақстан Республикасыныңжасұланыекенімдімақтанетем. Оның бай тарихынзердеметүйіп, ертеңгіазаматыболуүшінбілімаламын, еңбекетемін. Кешегітарихжолындаелдің ел болуынақызмететкенхалқымыздыңасылұлдарынаұқсапөсемін.
оқушы:Отанымменіңкең- байтақ, әрі бай. Ондаәртүрліхалықтар тұрады. Оларбір-бірімен тату, дос. Қазақ халқыешуақыттасоғыстілемейдібейбітшілікүшінкүреседі.
Мұғалім: Қазақ халқысөзқадірінбілген, қасиеттісөздіқастерлеп, аузынантастамай, өнегеретінде данышпандығын, өлең өрнектерімен өрнектеп терең мағыналы сөз өнері арқылы, өлең-жырыментәлім-тәрбиесінзоройларайтабілген.Қазақтыңмақал-мәтелдерініңайтары- өсиет, ұлағат, тәлім, парасат.
оқушы:Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері туған туысқандарымен,жақындарымен бірге тұратын атамекені.Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны Қазақстан Республикасы.Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұланғайыр кең өлке.Ол Солтүстігінде Ресеймен Шығысында Қытай Халық Республикасымен,Оңтүстігінде Қырғыз,Өзбек,Түрікмен елімен,ал Батысында Әзербайжан республикасымен шектеседі.
"Атамекен"әні оқушылардың орындауында орындалады.
оқушы:Қасиетті де қастерлі Тәуелсіздікті санғасыр бұрын бабаларымыз аңсап өтті.Ендеше қолымыз жеткен сол егеменді ешкімге тәуелді етпей өркениетті өмірге қадам басуға тиіспіз.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі Қазақстан Республикасын тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет деп жариялады.Міне содан бері егемен еліміз,өзгелермен тереземіз тең.
Оқушы: ҚР-да 14 облысқа бөлінген әр облыстың өз байлығы бар, соған тоқталайық.
Алматы- жері жайсаң облыс,
Ақтөбе- өлке ақ тарысы-мол ырыс,
Атырау-мол қазақстан мұнайы,
Жамбыл-жайлау, қазыналы, шұрайлы.
Жезқазған-кен, бұзылмаған қаймағы,
Көкшетау- көп көгілдір көл аймағы.
Қарағанды-қара алтынның қоймасы.
Қостанай-құт қызыл бйдай қамбасы,
Қызылорда-күрішті сыр сағасы,
Орал-көне Ақ Жайықты жағасы.
Өскемен-өр шығыста Алтай аясы,
Павлодар- қара Ертістің саясы,
Семей-аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды.
Ақмола- Арқада ыстық алқабы,
Шымкент- ыстық оңтүстігім мақталы.
Би. " Қазақ биі "Қыздар тобы./ орындайтындар қыздар тобы.
оқушы: Әйнегі –күн, шатыры –аспан,
Кең дала ... Төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістен шашқан,
Қазақстан – республикам менің!
оқушы: Абай туған, Сәкен туған,
Құрметті достым, қазақтың жерім,
Қамбаға жылда мол астық құйған,
Қазақстан – республикам менің!
оқушы Төлеген, Мәншүк,
Батырлар шыққан.
Қазақстан –республикам менің!
Орманы-пүліс,
Бұлағы –күміс.
Қазақстан –республикам менің!
Тауларызаңғар,
Өзеніырыс,
Қазақстан – республикам менің!
Мұғалім:Балалар,Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?
Оқушылар мақал айтады.
Слайдпен жұмыс:
Ту мен Елтаңба тұралы мәлімдеме беру
оқушы:
Елтаңбама көз салам тұмарыма Шошылдырған жанымды шуағына, Ак жаңбырлы құттықтап шашу шашып, Жел сыбырлап жатады құлағыма.
оқушы:Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халыққашан да
Биікке іліп қояды.
Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейді.
Сол көк тудың астында
Көгереміз көктейміз.
оқушы:Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай акстында қазақүй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің, белгісі.
оқушы:Өзіңдікі- елің де,
Өзіңдікі – жерің де.
Өзіңдікі- өзің еккен бақ,
Тәуелсіздік төрінде!
Бейнетаспамен жұмыс:
«Желтоқсан оқиғалары»-нан үзінді. Көріп тамашалаңыздар.
Қорытынды: Шығармашылық жұмыс: Реферат оқылады орыс тілінде және өзбек тілінде.
Орындайтындар оқушылар

Үш бақытым.

Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кеңін.
Ол бар болмаса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым-тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші –Отан деген.
-Кіммықты? – десебіреу «Отан» дер ем!
(хормен)
Би : "Қаражорға"

Мұғалім:Лайым еліміз еңселі,ең алып мемлекеттердің қатарына қосылғай.

Үйге : "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында эссе жазу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.