Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Менің Отаным - Қазақстан тәрбие сағаты -

Менің Отаным - Қазақстан тәрбие сағаты

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2879 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Менің Отаным - Қазақстан тәрбие сағаты

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана және Арал қалаларына байланысты суреттер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық (өзін-өзі тану пәнімен байланыстыру)
«Шаттық » шеңбер:
Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
Құт, береке-шаңырақ,
Орын алған ол төрде.
Билігім өз қолымда-
Еркіндігім- Елімнің!

Мұғалім: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Жүргізуші-1: Армысыздар! Қадірлі де ұлағатты ұстаздар.
Қош келіпсіздер бүгінгі тәрбие сағатына,
Бас иіп сәлем бердік баршаңызға.

Жүргізуші-2: Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
Қош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

Оқушы: Елімнің атын айтсам- Қазақстан!
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан!
Қойнауы қазынағы толған мекен,
Байлығымды айтсам-Қазақстан!

Оқушы: Қазақстан –бабамнан қалған мұра,
Сенбейсіңбе даламнан бар да сұра.
Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған
Батырларым демесем болар күнә.

Оқушы: Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрындар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта!
Оны айтуға, жас ұлан, жалықпа.

ӘНҰРАН орындалады.

Мұғалім: Балалар, «Отан дегеніміз не?»
1-оқушы: Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- ҚР-сы.
2-оқушы: Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.
3-оқушы: Осы ҚР-ның жас ұланы екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматыболу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін.
4-оқушы: Отаным менің кең- байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.
Мұғалім: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын, өлең өрнектерімен өрнектеп терең мағыналы сөз өнері арқылы, өлең-жырымен тәлім-тәрбиесін зор ойлар айта білген.Қазақтың мақал-мәтелдерінің айтары- өсиет, ұлағат, тәлім, парасат.

Оқушы: Отан деген- атамекен, Отан деген- туған жер.
Отан – деген ана, пан,
Қазақстан-туған ел.
Отан- менің ата-анам,
Отан -досым, бауырым,
Отан -өлкем астанам,
Отан- аудан, ауылым.
Оқушы:
Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен.
Бабамыз бен атамыз.
Отан –деген атамекен,
Отан деген- туған жер.
Отан- ана,
Отан –үлкен
Қазақстан -туған ел.

Оқушы: Отан- атам,
Отан -әкем.
Осы сөзім қатемекен?!
Қате болса,
Неге біздер-
Дейміз оны Атамекен?!
Оқушы: Отан- әжем,
Отан –анам!
Туған ел деп,
Туған жер деп,
Ол бекерге аталмаған.
Оқушы: Атам, әжем, әкем, анам-
Төртеуі де Отан маған.
Төртеуі де ботам дейді,
Ер азамат атан дейді.
Мақтанамын Отанымен,
Отаныма ботамын мен.
Оқушы: Отан дейміз –от жаққан жерімізді,
Отан дейміз- өсірген елімізді.
Отан дейміз – туған жер, атамекен-
Биік тау, ориан, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз- кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы,
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Отан туралы мақал-мәтелер айту.
ІІ. Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері- Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.

1-оқушы:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды.
Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейді.
Сол көк тудың астында
Көгереміз көктейміз.

2-оқушы: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің, белгісі.

3-оқушы: Өзіңдікі- елің де,
Өзіңдікі – жерің де.
Өзіңдікі- өзің еккен бақ,
Тәуелсіздік төрінде!

ІІ. Жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді.
Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай көшбасшымыз бар біздің болашағымыз айқын.

Оқушы:
Әр сөздің астарына осы арады,
Ағайын ой жібере жете қара.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында
Тұлғасы Елбасының жеке- дар!
Өмірің судай ағып өзегімен,
Келеді Президенттер кезегімен
«Елбасы- Назарбаев» - егіз ұғым,
Жасайды мәңгі бізге өз еліне.
Оқушы: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.
Ақнұр: 1990 жылы Республикада Президент қызметі белгіленді. Жоғары Кеңестің сессиясында жабық дауыспен Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды.

Оқушы:
1994 ЖЫЛЫ 1- ЖЕЛТОҚСАНДА РЕСПУБЛИКАМЫЗДА БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ Президент сайлауы болып өтті.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.
Қазақстан Р-ның тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

Оқушы: 1996 жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз Тәуелсіздігін жариялады. Елбасымыз Н.Ә:Назарбаев қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы жүзеге асты.

Оқушы: Егеменді болмай ел болмас, тәуелсіз болмай жер болмас- демекші, егеменді ел ,тәуелсіз мемлекет болдық. Қазақстан өзінің табиғи байлығына, жеріне ие, басқа мемлекеттермен сауда- саттық қарым-қатынас жүргізе алады.

Оқушы: 1992 жылы 4 маусымда Президент ҚР-ның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы ҚР-ның заңдарына қол қойды.

Оқушы: Алтың заңда парасатым, пайымым,
Алтын Заңда күш-қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың,
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаңа күн.
1995 жылы30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымыз қабылданды.

Оқушы: Қуаң халқым, күшіне енді «Тіл заңы»
«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілменен,
Сол арқылы құлпырады гүл бағы.
Адамды мұратқа жеткізер- ана тілі мен ата дәстүрі. Егеменді Қазақстан елінде ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды.

Туған тілім
Туған тілім-бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім- анам тілі - өз тілім!
Туған тілім –далам тілі-өз тілім
Туған тілім- өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнімменен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып алыңдар.

Оқушы:
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп,
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым.
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның ұлттық ақшасы-теңге айналымға енді.

Оқушы:
Ұшқыш батыр ағаның,
Өнегесін аламын.
Аспан үстін шоламын,
Мен ғарышкер боламын.
1991жылы қазан айындатұңғыш қазақ ғарышкері- Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самсаған.

Оқушы:
Ата-бабам арман еткен,
Егеменді Қазақ жерім.
Қуанышың көптен күткен,
Құтты болсын, дарқан елім.

1-оқушы: Сыр бойындай баулардан,
Алатаудай таулардан,
Сарыарқадай даламнан,
Теңіз Каспий, Аралдан.
Ұл-қызы бар елімнің,
Жұлдызы бар жерімнің.
Ұлы тойдай ұлы ісім,
Жарлған ер жер үшін,
Сырда сұлу күрішім,
Қырда бидай ырысым.
Жыршы-жырау салтымнан,
Әнші, күйші халқымнан
Сәлем саған, туған ел!



2-оқушы:
Әсем әуен салдырған,
Сәбилерде алғыр жан.
Бал дәуреннің қызығы,
Есте қалар балдырған.
Қазақ би «Қазақстан» қыздар

Жүргізуші:
Хандардың қайталамай қателерін,
«Ұлт бол деген нығайтып қатарларын».
Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің,
Ұмытпа ешқашан да баталарын.

Жүргізуші: Абылай сынды ақылгөй ханы бар қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билері- Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік сөз үлгілерін тыңдайық.

Сұрақ –жауап. Оқушыларды ойын ойнату. «Күннін көзін ашу»
1-оқушы: Әйнегі –күн, шатыры –аспан,
Кең дала ... Төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістен шашқан,
Қазақстан – республикам менің!
2- оқушы: Абай туған, Сәкен туған,
Құрметті достым, қазақтың жерім,
Қамбаға жылда мол астық құйған,
Қазақстан – республикам менің!

Қадыр Мырза Әлидің «Не үшін» өлеңін түсіндіру.
- Екі көзін не үшін керек?
- Жақсылықты көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
-Елге көмек беру үшін керек?
- құлақ деген не үшін керек?
-ақыл-кенес тыңдау үшін керек?
- жүрек деген неүшін керек?
- Жауларыңнан қыңбау үшін .
-Тіл мен жағын енүшін керек?
- ақиқат айту үшін керек?
-Ал аяғың?....
- Шетте жүрнсем,
Туған жерге қайту үшін.

Қорытынды: Үш бақытым.
Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кеңін.
Ол бар болмаса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым-тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші –Отан деген.
-Кім мықты? – десе біреу «Отан» дер ем!

Хор: «Балалық шақ» әні

Қорытынды: Осымен бүгінгі «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбындағы ашқы тәрбие сағатымыз аяқталды. Ден қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет! Сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.