.
.
Атырау облысы, Индер ауданы Менің отбасым
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1851 | Размер: | Автор: гостьБ.Нысанбаев атындағы орта мектебінің
мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Магауина Акмарал Улжагалиевна
Тіл дамыту
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты:
а)білімділігі: отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру.
ә)дамытушылығы: отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б)тәрбиелігі: үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің сюжеттік суреттері
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жүру барысы:
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық
оятушылық
Ұйымдастырушылық-
ізденушіл
Рефлекстік –түзетушілік - Балалар, дөңгелене тұрып, шаттық шеңберін құрайық. Бір - бірімізбен амандасып, жылы тілектер айтайық.
- Сәлеметсіздер ме!
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Сіздерді көргеніме қуаныштымын.
- Енді бір - бірімізге мақтау сөздер айтайық.
- Сен әдемісің, мейірімдісің, денің сау болсын, сен ақылдысың.
- Ал сендер үйлеріңде бір - бірлеріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар?
- Қайырлы таң, әкетайым, анашым!
- Қайырлы күн, асыл әжем, аташым!
- Мені үйдегі үлкендер «құлыншағым», «ақылдым менің» деп еркелетеді.
- Бір үйде қандай адамдар тұрады?
- Бір үйде бір - біріне жақын адамдар тұрады.
- Оларды атаңдар.
- Атасы, әжесі, әкесі, анасы және олардың балалары.
- Дұрыс айтасыңдар, осы адамдар отбасын құрайды. Олар - отбасы мүшелері. Сендер де отбасыларыңның бір мүшесіңдер.
- Отбасы мүшелері бейнеленген суретпен жұмыс. Жетекші сұрақтар арқылы жаңа тақырыптың мазмұны ашылады.
- Отбасы мүшелері қайда тұрады?
- Отбасы мүшелері бірге, бір үйде тұрады.
- Олар қалай тұрады?
- Отбасы мүшелері тату - тәтті тұрады.
- Сөздік жұмысын жүргізу.
Нағашы ата - анасының әкесі.
Нағашы әже - анасының анасы.
Немере - ұл - қыздарынан туған бала.
- «Ойлан, тап» тапсырмасын орындау.
- Балалар, менің айтқандарымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып табыңдар.
Қатал көрінгенімен өте мейірімді. Кітапты көп оқиды, бау - бақшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім?
- Ата.
- Өздеріңнің аталарың туралы әңгімелеңдер.
- Өзі мейірімді, әрқашанда қатық - майы, ірімшігі, қант - кәмпиті дайын. Ол кім?
- Әже.
- Ал сендердің әжелерің қандай?
Тақтаға бір бағанға әкенің, ананың, баланың суреттері, екінші бағанға биік таудың, таудың етегіндегі бұлақтың, өсіп тұрған құрақтың суреттері ілінеді.
- Мынадай мақал құрастырылады.
- Әке - асқар тау,
Ана - етегіндегі бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ.
Әке, ана, бала сөздерін қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы: ардақты әке, асыл ана, әдепті бала, т.б.
- Сергіту сәті
Атам жылқы бағады.
(Бір орында тұрып, шоқырақтап шабу).
Ағам пішен шабады.
(Шалғымен шөп шапқан сияқты қимыл жасау).
Жеңгем сиыр сауады.
(Отырып, сиыр сауғандай қимыл жасау).
Әжем киіз қағады.
(Киіз қаққандай қимыл жасау).
- Әліппе дәптермен жұмыс
- Шытырман арқылы әжесінің үйіне апаратын жолды бояу.
- Дидактикалық ойын
«Сыңарын тап» ойыны.
- Оқу іс - әрекетін қорытындылау.
- Отбасы мүшелерін атаңдар.
- Отбасы мүшелері бір - бірімен қалай тұрады?
- Балаларды мадақтау
Балалар бір-біріне жылы тілектерін айтады.
Өз отбасылары туралы әңгімелейді.
Суретттер арқылы мақал құратырады.
Оқушылар ойын, бойын сергітті.
Оқушылар ойынға қызыға қатысады.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Отбасының тек қана бір туған, жақын адамдардан тұратынын.
Отбасы мүшелерін сыйлап құрметтеу керектігін.
Отбасы туралы өлеңдер мен мақал-мәтелдерді жатқа біліп, қажет кезде қолдана білуді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.