Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өмір деген  -бір жарқ  еткен найзағай -

Өмір деген -бір жарқ еткен найзағай

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1575 | Размер: | Автор: гость
. Махатова Шынар Қапбарқызы

№135 А.Тоқмағанбетов атындағы мектептің педагог-психологы.

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,Асқар ауылы.
Тақырыбы: «Өмір деген -бір жарқ еткен найзағай »

Жоғары сыныптың ата-аналары мен оқушылары
арасында өткізілген танымдық сабақтың жоспары

Тақырыбы: «Өмір деген -бір жарқ еткен найзағай »
Мақсаты: «Өмір» құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту ;
Міндеттері: Өмір сырын түсіну, өмір сүру жолдары туралы ұғымдарын кеңейту, өмірден өз орнын таба білуге машықтандыру;

Барысы:
1.Ән айту
2. Кіріспе :

Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Өмірде өз ағысымыз бен арнамызды тура табуымыз үшін өзімізді , өзгелерді, қоршаған ортаны танып –біліп , рухани құндылықтарды терең меңгеріп, адамгершілік қасиеттерді бойымызға дарытсақ, мақсатарымызға қол жеткізе аламыз.
Өмір жайлы сіздің түсінігіңіз? Өмір дегеніміз не? Әркім өз ойын екі сөйлем арқылы білдіруі керек.
Дәйексөз:
Өзін үлкен адами тереңдікте сезіне алмаған адам өмірдің қызығын сезіне алмайды.

3. Салынған суреттерге талдау жасау .Суреттерді сканерден көрсету.

4. 0-17 жас аралығында бала мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?
Тәжірибелік жұмыс.
Орамалдар мен жіптер. Ортаға бір оқушыны шығару .
Бала өмірге келді. Ата-аналар не істейді?
0- 1 жас арасында тамақтандырады , еркелетеді. түнде қарайды киімін ауыстырады.
3 жастан бастап тежеу жасайды ананы болмайды, мынаны ұстама , мынаны көршілер келгенде айтпа дейді.
Бірінші баланың қолы байланады, сосын аяғы , мынаны көруге болмайды дейді, көзін байлаймыз, аузын байлаймыз, 13 жасқа келгенде біреуге ғашық екенін айтса, қой , одан да сабағыңды оқы деп, жүрегінің тұсын байлаймыз,сосын мойнын үзеңгілейміз, көзін, құлағын , аузын жабамыз.
Міне ,көріңіз осындай бала 7 жасқа толғанда мектепке келеді. Дұрыс оқымаса, мұғалімнен көреміз.
Сосын байлаулы баладан сұрау. Бірінші қай жіпті шешкің келеді. Сосын талқылау. Бала өз жас ерекшелігінде өз қажеттілігін орындамаса, келесі кезеңге өте алмайды. Соны кейін орындайды ,сол үшін бәрі өз уақытында болғаны дұрыс.

5. «Ренішті сейілту» жаттығуы.

Ішкі дүние ақ болса, өмір сүру оңай.
Денеңізді бос ұстаңыз, тынышталыңыз. Өзіңізді театрда отырмын , ал алдымда шағын сахна деп елестетіңіз , сахнаға сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз.(дүниеде ең жек көретін адамыңыз) . Бұл адам тірі немесе өлі болуы мүмкін. Сондай –ақ сіздің жек көру сезіміңіз де не өткен шақтікі не осы шақтікі. Сіз бұл адамды анық көрген кезде , ол адамның өмірінде үлкен маңызға ие жақсылықтар болып жатыр деп елестетіңіз. Оны жайдары және бақытты күйде көзіңізге елестетіңіз. Осы образды өз елестетуіңізде бірнеше минут ұстап тұрыңыз, сосын жойып жіберуге болады.
Сосын , сіз кешіруге тиіс адам сахнаны босатады, ол жерге өзіңізді қойыңыз. Өзіңізді бақытты да ,жайдары қылып елестетіңіз. Және «Жаратылыстың мейірімі» біздің бәрімізге де жететінін біліңіз.
Қорытынды: Бұл жаттығу қордаланған реніштердің қара бұлттарын сейілтеді.Осы жаттығуды жасаған сайын қиялыңызда түрлі адамдарды суреттеуге болады. Жаттығуды бір ай бойы күніне бір реттен жасап тұрсаңыз, қаншалықты жеңілдегеніңізді байқайсыз.
Өмірде кешірімді болған дұрыс, балаға соны үйрету керек.

6. «Бір-біріне арқа тіреу » жаттығуы
Екі адам бір-біріне арқасымен отырады. 1-варианттағылар өзінің өміріндегі келеңсіз, жағымсыз жағдайлар жайлы көршісіне айтады. Одан кейін келесі көршісі айтады.
-Айту оңай болды ма?
-Жоқ
Сіз айтуда көмек іздедіңіз,арқасымен отырған көршіңіздің түрін көргіңіз келді. Сол сияқты , бала да көмек іздейді. Осыны баламен сөйлескен кезде ескерген жөн.

7. «Өмірдің үлкен тастары» Тәжірибелік жұмыс.

3 литрлік банкаға үлкен тастар салып , толды ма деп сұрау, толмаса майда тастар салу, су құю, топырақ салып толтыру.
-Осы жасалынғандардан не түсіндіңіздер?
Бұдан алынатын сабақ –үлкен тастарды ең басында орналастырмасаңыз,кішкене тастар мен басқа майда –шүйде нәрселер банкінің ігін толтырып, үлкен тастарға орын қалмай қалады.
-Өміріңіздегі үлкен тастарыңыз не?
-Отбасы, балаңыз, достар, иманыңыз, біліміңіз, денсаулығыңыз, басқаларға пайдалы болу, біреулерге бір нәрсе үйрету, дүниені шарлау т.б ма?

Кілті:
Өміріңіздегі үлкен тастардың не екенін жақсылап түсініп, өміріңізді солармен толтырыңыз, әйтпесе мақсатыңызға қатысы жоқ заттармен айналысып, ол тастарыңызды өміріңізге сыйдыра алмай қаласыз.

Өмір туралы 13 ой

1. Мен сені кім болғаның үшін емес, сенің қасыңда болғанда өзімнің кім екенім үшін сүйемін;
2.Ешкімнің де сені жылатуға қақысы жоқ, ал оған қақысы барлар өздері –ақ сені жылатпайды;
3. Сені біреулер сен қалағандай сүймесе, ол сені жан –тәнімен сүймейді деп ойлап қалма;
4. Шын дос сенің қолыңды ұстап тұрып, сенің жүрегіңді сезетін адам;
5. Адамды аңсаудың нашар тәсілі –онымен бола тұрып, оның ешқашан сендік болмайтынын түсіну;
6. Сені мұң басса да күліп жүруді ешқашан тоқтатпа, сенің күлкіңе біреулер ғашық болып қалуы мүмкін ғой;
7. Бұл өмірде сен бар болғаны адам ғана шығарсың, бірақ біреулер үшін сен –бүкіл әлемсің;
8. Уақытын сенімен бірге өткізгісі келмеген адамға уақытыңды кетірме;
9. Біз қалауымыздағы бірегей адамды қалай қабылдайтынымызды білу үшін құдай басқа адамдармен кездестіреді. Бірегей адамды кездестіре қалғанда , біз сол жақсылықты білу үшін солай жасаса керек;
10. Жылама, өйткені бұл бітіп кетті, күле қабылда, өйткені солай болды;
11. Сенің жаныңды ауыртатын адамдар қашан да табылады, адамдарға сенуді жалғастыра бер, бірақ сағырақ бол;
12. Жаңа бір адамды кездестіріп, ол мені түсінеді деп үміттенгенше, өзің жақсар және өзіңнің кім екеніңді біл;
13. Соншама тырыса берме, барлық жақсы нәрселер күтпеген жерден болады;
Біліп ал: Болған нәрсенің бәрінің себебі бар.

9. Қорытынды:
Бүгін біз өмір жайлы айтып өттік. Сабақтың негізгі мақсаты да өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мен тірлігі жайлы. Өмірдің сырын түсініп өмір сүру жолдары жайлы сөз еттік. Ертеңгі күнге сене біл, болашақпен өмір сүр.
Бүгінгі қайғыны ертең ойлама! Бүгінгі нәрсе бүгінмен қалсын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.