.
.
«Өмірін ұстаздықпен өрнектеген» Өмірін ұстаздықпен өрнектеген
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1264 | Размер: | Автор: гость«Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі», - деген қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев.
Расында да, ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – ұлы міндет, үлкен абырой. Бала тәрбиесіндегі ата – анадан кейінгі жауапты адам мұғалім. Қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды әкелу ұстаздар қауымына байланысты. Оқушының мектеп қабырғасынан әрі білім, әрі тәрбие алып шығуы да мұғалімнің еңбегі, қайраткерлік қызметі. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адам¬ның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен оз¬ған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Қай заманда болмасын білім беру саласында аянбай тер төгіп, еңбек етіп, өз қызметінің жемісін жеген ұстаздар жетерлік. Сондай ұстаздардың бірі, әрі бірегейі, мектебіміздің аяулы да, ардақты ұстазы - Дадикбаева Аля Кенжебекқызы.
Өзінің саналы ғұмырының 40 жылға жуық уақытын шәкірттеріне білім мен тәрбие беруге арнаған ұлағатты ұстазымыдың оқу-ағарту саласына қосқан сүбелі үлесін айтып өтпеу мүмкін емес. Ол 1953 жылы 23 ақпанда Шымкент облысы Мақтаарал ауданы Ильич селосында дүниеге келеді. Алайда отбасы жағдайына байланысты ата-анасы және бауырларымен бірге алдымен Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Аманкелді ауылына, одан соң Тереңөзек ауданы Шаған ауылына қоныс аударады. Ата-анасы оқыған, зиялы адамдар болып, сондықтан өз бауыр еті балаларының да тиісті білім алып, үлкен азамат болуына көп еңбек етті. Сондай-ақ, төрт баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай мәпелеп тәрбиелеп, өсірді. Әсіресе, гүлдей жайнап өскен қызғалдақтарының ішінен ең үлкені Аляның болашағына ерекше үлкен үмітпен қарады. Бала кезінен-ақ білімге құштар болып өскен Аляның өмірінің көп бөлігін ұстаздықтың ұлы жолына арнап, өзінің айшықты еңбегімен дараланғанына қарап, ата-анасы үмітінің ақталғандығын көреміз. Осылайша анасының жолын қуып, мұғалім болуды жетелеген арманы жас қызды Алматыдағы С.М. Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) Қазақтың Мемлекеттік Университетіне әкеледі. Осы оқу орнының география факультетіне оқуға түсіп, оны 1978 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.
Өзінің ең алғашқы ұстаздық еңбек жолын 1978-1987 жылдары өзі оқыған Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы Шаған ауылындағы мектепте мұғалім болып қызмет етуден бастайды. Осылайша ұстаздық еңбек жолының алғашқы жылдарында өзі оқыған мектептің тәжірибелі ұстаздарынан мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын жан-жақты түсініп, үйреніп, өзінің ұстаздарымен қатар еңбек етіп, оған өз талпынысы мен қайрат-жігерін қоса, ұжым ортасында беделді бола білді. Ал 1987-1988 жылдары Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы №16 және №18 мектептерде мұғалімдік қызметін атқарды.де. Уақыт бір орнында тұрмайтыны анық. Осы орайда, 1988 жылдан бастап отбасымен Байқоңыр қаласына қоныс аударып, осындағы №56-шы қазақ және № 30(№1) орыс мектептерінде де ұстаздық қызметін абыроймен жалғастырды. Қаламызда 1999 жылдан бастап жаңа мектептің ашылуына орай №2 К.Э. Циолковский атындағы, яғни қазіргі №272 орта мектепте әлі күнге дейін география пәнінің мұғалімі болып жемісті жұмыс жасауда. Жан-жақты кәсіби білімі мен білігінің арқасында, жаңалыққа жаны құмар Аля апайымыз 2010 жылдан бастап, мектебіміздің жоғарғы санатты 2 мұғалімінің бірі.
Аля Кенжебекқызы – өзінің өткен тәжрибесін жаңамен ұштастыра алатын кәсіби қызығушылығы жоғары танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері. Ұзақ жылдардағы ұлағатты ұстазымыздың білім саласындағы еселі еңбегі мен зор жетістіктері ескеріліп, мектеп әкімшілігі, қалалық оқу бөлімі, қалалық кәсіподақ ұйымы, қалалық мәдениет басқармасынан, қалалық әкімшіліктен және Қазақстан Республикасы Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілдігінен, Қазақстан Республикасының Білім министрлігінен марапаттары бар.
Аля Кенжебекқызы шәкірт жүрегінен орын тапқан ұлағатты ұстаз ғана емес, Асыл жар, аяулы ана, кемеңгер әже. Жолдасы Альмаханов Аскербек – ардагер теміржолшы және «Құрметті теміржолшы» деген қадірлі атаққа ие. Қос ұлының үлкені Асылбек ғарыш саласының, ал кішісі Бауыржан денсаулық сақтау саласының мамандары. Апайымыздың ұстаздық қызметімен немесе отбасы жағдайымен болсын ғибратқа толы өмірі әрдайым жастарға үлгі, әрі өнеге.
Ұстаз - адами қасиеті мол, басқаға қайырын тигізуден шаршамайтын, шалдықпайтын өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі. Ендеше, жас ұстаздарға айтарымыз Аля Кенжебекқызы секілді бойындағы білімі мен мінезі үйлесімділік тауып, шәкіртке деген ұлы махаббатпен тоғысып жатса, әрбір шәкіртіне жеке тұлға деп қарап, адал жүрегін ұсынса , өз ісін жан тәнімен сүйіп істесе, нағыз ұстаз болмақ демекпіз.
Жұмағазиева Данасұлу Жүсіпқызы
№272 орта мектептің ғылыми-әдістемелік
жұмыстар жөніндегі орынбасары,
Байқоңыр қаласы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.