Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Монғолдардың  Қазақстан  жерін  жаулап алуы -

Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1342 | Размер: | Автор: гость
. Абдураимова Сайёра,
№ 20 жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тарихы: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Білімділік мақсаты: Оқушыларға Қазақстанда Монғол империясының үстемдік етуі, империяның басқыншылық саясаты мен оның зардаптарының әсері жайында толық мағлұмат беру.

Тәрбиелік мақсаты : Қазақ тарихындағы осы бір оқиға арқылы оқушыларды патриоттыққа, елжандылыққа, саяси сауаттылыққа, мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін бағалауға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту - Сабақтің әдісі : Сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиялық АКТ
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, география, әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту
ІІІ. Сайыс сабақ
ІV. Бағалау
V. Үй тапсырмасы
Ұйымдастыру
- Сіздер екі топқа бөлініп отырсыздар, сабағымыз екі бөлімнен турады. І бөлімде жаңа тақырыпты меңгерсеңдер, ІІ бөлімде сайысу арқылы игерген білімдеріңді көрсетесіңдер. Енді тақтаға назар аударайық. Мен сіздерге мынадай кілт сөздерді ұсынамын, осы сөздерге сүйене отырып, бүгінгі өтетін тақырыпқа болжам жасап көрейік. (Оқушылар өз болжамдарын жасайды)
Болжам тренингі

Сонымен бүгінгі өтетін жаңа тақырыптың аты өздеріңіз айтып отырғандай «Монғолдардың қазақ жерін жаулап алуы». Бұл сабақта сіздер Монғол империясының басқыншылық саясатының зардаптары туралы мәліметтер аласыздар және алған білімдеріңізді өз қажеттіліктеріңізге сай пайдалануға үйренесіздер.

І. Жаңа тақырыпты меңгерту
(Дайындалған презентация слайд арқылы түсіндіріледі.)
Монғол империясының құрылуы.
Отырар – бүкіл Шығысқа танымал болған ежелгі қалалардың бірі.
Отырар – алғаш Фараб деп аталған. Арабтың бұл сөзі «парасат» дегенді білдіреді. Отырар қаласы екі үлкен дуалмен қоршалған. Біріншісі қаланың бүкіл аумағын қоршай салынды. Екінші дуал қаланың ауқатты адамдары туратын. Отырар қаласы өз заманында небір қырғын шайқасты басынан кешірген.
1218 жылы Шыңғысхан басқарған моңғолдың қалын, қолы Қазақстанның өңіріне аттанды. Бірнеше қала, мыңдаған халық, мал-мүлік монғолдардың олжасына айналды. Оңтүстік Қазақстан қалалары ішіндегі Отырар сол кездегі ең мықты қалалардың бірі саналды. Оның билеушісі Қайырхан есімді әскербасы еді. Отырар қаласын басып алуға монғолдар 1219 жылы 150 мыңға жуық әскерін аттандырады. Отырарлықтар өз қаласын қасық қандары қалғанша қорғап беріспеді. Қарсылыққа ұшыраймыз деп ойламаған Шыңғысхан ашуланып, қаланың бекініс орныға жермен-жексен етіңдер деген бұйрық береді. Бес ай бойы жауға берілмей шайқасқан Отырарлықтардың арасынан Қараша атты сатқын шықты. Ол қаланың дарбазасын жауға ашып береді. Соның опасыздығынан қаланы 1220 жылы ақпанда Монғолдар басып алды. Араптарға қарағанда монғолдар Қайырханның тамағына қорғасын құйып өлтіреді. Қаланы бірнеше күн бойы тонап, қиратады.
ІV. Жаңа сабақты «Терме диктант» арқылы бекіту.
1. ІХ-Х ғасыр алғашқы мусылман бейіттері Отырар ағзасында табылды.
2. Монғолдардың Өңтүстік Қазақстан мен Орта Азия аумағына басып кіруіне сылтау болған оқиға : Отырарды Шыңғысханның саудагерлерінің өлтірілуі.
3. Отырар әміршісі : Қайырхан.
4. Қайырхан 80 мың әскермен Отырар қаласын Шыңғысханнан 5 ай қорғады.
5. Ең соңғы жауынгері қалғанша Шыңғысхан әскеріне қарсылық көрсеткен : Қайырхан.
6. Әмір Темір 1405 жылы Қытайға бара жатып Отырар қаласында қайтыс болған .
7. Отырар билеушісі Қайырханның монғолдардан жеңілуінің негізгі себебі : өз жасақтарының сатқындығы.
8. Атақты хирург дәрігер М.Алиевтің туылған жері.
9. Отырар қаласын 5 ай бойы оның билеушісі Қайырған қорғады.
10. Ортағасырлық қалалар үш бөліктен турды. Олар : Цитадель, Шахристан, Рабат.

Жар астынада тұрғанда,
Жасырынып жасауымыз, - дейді.
Сонда төрдегі би :
Қой асығы демеңдер,
Қолына жақса, сақа ғой,
Жасы кіші демеңдер,
Ақылы асса аға ғой, - деген екен.
- Балам, ағалық билікті саған бердім,- дейді. Бала Төле жаулап алғандай :
- «Сары табақтан сарқыт қайтады» деген. Билікті маған берсеңіз, Шұ өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын, - деп билік айтады. Бұл шешімге екі жақта риза болып, бітімге келеді.
Көрініс аяқталған соң оқушылардан алған әсерлерін сұраймын. Азаматтық кодекстің баптарынан үзінді келтіріп азаматтар арасындағы әр түрлі қатынастардан туындайтын даулы мәселелер тек осы Азаматтық көдексге негізделіп шешілетіндігін түсіндіремін.
Сабақты бекіту : азаматтық-құқықтық қағидалар бойынша өмірден көрген, білген жағдайлардан, баспасөз материалдардан мысалдар келтіруді сұрап, оқушыларды бағалаймын.
Үй тапсырмасы : сөздік жұмысын жүргізу, тақырыптық мазмұны бойынша тест құрастыру.
«Күн диаграммасы» арқылы жаңа сабақты пысықтаймыз.
Оқушыларды отаншылдыққа, елсүйгіштікке баулай отырып, батырлық, ерлік, отан жайында мақал-мәтел айтқызу.
1. Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса – жер ырысы.
2. Отан үшін отқа түссең де күймейсің.
3. Отан от басынан басталады.
4. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
5. Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
6. Отан оттан да ыстық.
7. Ер есімі ел есінде.
8. Ер ел үшін туады.
Ел үшін өледі.
9. Ерлік білектен емес, жүректен.
10. Жүк ауырын нар көтерер,
Ел ауырын ер көтерер.
11. Ер жігіт ел үшін өледі.
12. Батырдың қаһары – еліне қорған.

Оқушыларға кесте арқылы түсіндіргеннен кейін, проблемалық сұрақтар қойылып, пікірлері тыңдалады.
- Монғол әскерлерінің көп жерлерді жаулап алудың мәні неде деп ойлайсыңдар ?
Жаулап алудың зардаптары.
 Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді мекендер болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІV ғасырларда 20- жуық елді мекендер қалған ;
 Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен ;
 Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды.
 Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды ;
 Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді ;
 Мәдениеттың дамуына кедергі болды ;
Шыңғыс ханжаулап алған жерлерін, балаларына мұрагерлікке үлестіріп берді. Ол жерлер ұлыс деп аталады.
Қазақ жерінде ұлыстардың құрылуы.

Жошы Шағатай Үгедей



Монғол жаулаушылары Қазақ жеріне енуі 2 бағытта жүрді :
1) Шапқыншылық, басқыншылық бағытта ;
2) Шынғыс хан ұрпақтары қазақ хандығындағы хандар тарихының бастауы болды. Монғолдар қазақ жерін жаулап алғаннан кейін, түркіленіп, қазақ хандығының түп негізі болғаны сөзсіз. Бұл сабақтың жалғасы келесі сабақтарда жалғасын табады. Бүгінгі сабақтың бас осыменен аяқтай отырып, сабақты қорытындылау бөліміне көше отырып, сайысымызды бастаймыз.
ІІІ. Сайыс сабақ .
І. Сайыс сабағы білім биржасы деп аталатын «Алтын балық» ойыны арқылы өтеді. Ойын интерактивті тақта арқылы жүргізіледі. Екі топ оқушылары өзенге қармақ тастау арқылы балық аулау үшін сұрақтарға жауап береді. Ал, балықтың тек біреуі ғана алтын, оның ұпайы да жоғары болады.
ІІ. Келесі сайыс «Тұлғаны таны» деп аталады.
Оқушылардың алдына тұлғалардың портреті және сұрақтар беріледі.
Бұл кім ?
Монғол империясының негізін қалаушы Темужін 1155 жылы Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдон деген жерде дүниеге келген. Темужін 9 жасқа толған кезінде әкесі Есугей батырды татардар қастандықпен өлтіреді. 1206 жылы өткен құрылтайда Темужінді хан етіп сайлап, Монғол империясын құрады.
Қоғамдық құрылысы

ІІІ. Хроногиялық диктант.
Екі топқа хроногиялық диктант беріледі. Жаңа меңгерген тақырыптан оқулықпен жұмыс жасауға мүмкіндік жасалады.

І топ ІІ топ
1206 жылы 1208-1209 жылы
1207-1208 жылы 1211-1215 жылы
1219-1220 жылы 1219 жылы

ІV. Проблемалық сұрақ (ауызша) :
Монғолдар қазақ жерін жаулап алмаса не болар еді ?

V. Глоссарий
Берілген сөз тіркестерін дұрыс ретімен орналастырып және бір-біріне қандай қатысы бар екенін ауызша талдау.

VІ. Бағалау.
Екі топ сайыс барысында жинаған ұпайларын есептеп, әр оқушының сабаққа қатысуына қарай өзара бөлісіп, әділ бағаланалы.
Сайыс нәтижесінде жеңімпаз топқа «Жеңімпаз», ал жеңілген топқа алдағы сайыстарда жеңістен үміт үзбесін деп «Үміт» мақтау қағаздарымен марапатталады.

VІІ. Үй тапсырмасы.
Оқушыларға Жошы және оның ұрпақтары туралы мәліметтер жинастыру тапсырмасы беріледі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.