.
.
Музыкалық тәрбиенің жан-жақты әсері Музыкалық тәрбиенің жан-жақты әсері
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2027 | Размер: | Автор: гостьМузыка – тағамдарға тәбетті арттыратын дәріханалық белгілі құрам секілді өмірге деген тәбетті арттыратын акустикалық құрам. Шынымен де музыканың әр түрін ажырата берсек те, бірі өмірге деген құлшынысты арттырса, бірі көңілді түсіріп, қайғы-қасіретке бұрып, көзден жас тамызуға дейін әсер етеді. Кейбір әуен көңілсіз кісінің көңілін көтеріп, билетіп жібереді, ал кей әуен түрі бар, олар адамды соншалықты бақытқа кенелтеді. Әр адам әуен айту арқылы өзінің көңіл-күйін білдіреді. Балабақшадағы музыкалық жетекшінің міндеттері өте көп, соның бірі музыкалық тәрбие беру, музыка арқылы баланың жеке тұлға болып дамуына әсер ету.
2014 жылдан бастап балабақша балалар құрамына музыкалық әсер етуде, музыкалық тәрбие беруде көптеген жұмыстар атқарылды. Кез-келген мерекелер мен ерекше даталарға арналған әрбір ертеңгілік іс-шаралар жоспар бойынша үнемі балалардың қатысуымен өтеді. Әрбір іс-шараға дайындалу және өткізу барысында балалардың көңілдері мен шабыттары әр түрлі. Шат-шадымен бақытты балалық шақтың көрінісі болып отырмақ. Ән айтып, тақпақтар жаттап, түрлі билерді ерекше ырғақпен билеу арқылы балалардың жалпы моторикасын дамыту әрекеттері жүзеге асырылып отырады. Ерекше даталармен бірге музыкалық жетекшінің жеке жұмыс жоспары бойынша да түрлі музыкалық іс-шаралар өткізілуде. Оларды атап кететін болсам: «Білім күні», «Қарттар мен ұстаздар күні», «Алтын күз», «Бақытты балалық шақ» отбасылық сайысы, «Президент күні», «ҚР Тәуелсіздік күні», «Жаңа жыл» мерекесі, «Қош бол, шырша!», «8-наурыз» халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай – жалпы іс-шаралар.
Әрбір іс-шараның сәтті өтуіне музыкалық жетекшіден басқа әкімшілік пен ата-аналардың қолдауларын да ескеріп кеткім келеді. Әсіресе, ата-аналардың балаларын қолдап, үнемі түрлі-түсті, салтанатты киімдерін даярлап, балаларын алтындай жарқыратып әкелулерінің өзі, қолпаштауларының өзі – үлкен еңбек. Әрбір баланың ұлттық нақыштағы киімдері бар, сондықтан да музыка сабағынан ашық сабақтар да, түрлі іс-шаралар да ұлттық киімдер киілуімен өтіп отырады. Музыкалық тәрбиенің жан-жақты әсерін анықтау үлкен жұмыс. Оны бір уақытта ғана атқару – аздық етеді. Сондықтан да ол үзіліссіз, жүйелі жұмыс. Сәби жастан ересек жасқа дейін музыкалық тәрбиелеу үлкен және қажетті үдеріс. Аталмыш үдеріс үнемі жалғасын таппақ.
«Балдәурен» мектепке дейінгі дамыту және тәрбиелеу орталығының музыкалық жетекшісі Гүлайым Абуталипова
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.