.
.
Батыс Қазақстан облысы Мың бір мақал.......
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2372 | Размер: | Автор: гостьБөкей Ордасы ауданы
Жәңгір хан атындағы орта мектептің
Ұзартылған күн тобы тәрбиешісі
Тналиева Айгерім Елемесқызы.
« Мың бір мақал.......»
Мақсаты: оқушылардың зеректігін,қабілетін дамытып, ой өрісін
кеңейту,білімге құштарлығын арттыру, шапшаңдықтарын
байқау, озық ойлы оқушыны анықтау.
Көрнекілігі мақал – мәтел, жұмбақтар, суреттер.
Армысыңдар, құрметті оқушылар, тәрбиешілер!
Бүгінгі «Өлең, мақал, жаңылтпаш, ертегі,жыр, мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр» атты тәрбие сабағамызды бастайық.
Сайысымызды бастамас бұрын балалар әдебиеттен білетінімізді еске түсірейік, жұмбақ, мақал дегенміз не деген сұраққа жауап берейік.
Жұмбақ жасырын нәрсе шешуі болады, ойын ойлануды қажет етеді.Бір адам жасырады,басқалары шешеді.
Жұмбақ – халық ауыз әдебиетінің түрі.
Ал мақал-мател ата бабамыздан қалған өшпес мұра.Көлемі жағынан шағын болғанымен , уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп , құны артып , қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Мәтел ақиқат жағын қарамай әдетті сөз есебінде айтылады.
Ортаға өз білімдерін сынауға келген сайыскерлерді шақырамыз. 6 «а» сынып оқушысы – Құрмангалиев Нұржан, 5 «б» сынып оқушысы – Бораш Гүлхан, 5«б» сынып оқушысы – Есқаратов Әлішер, 5 «б» сынып оқушысы – Бисен
Ақерке, 6 а сынып оқушысы Шапигулинна Аружан. Оқушыларға сәттілік тілей отырып бөлімдерін айта өтейін.
Ойын 6 кезеңнен тұрады. Оқушыларға 10 ұпай беріліп отырады.
І кезең. Жұмбақты шешіп, сол сөзге байланысты мақал – мәтел айту.
1. Көзіне шуда тағады.
Бөлекті құрап,
Ұшы жылмаң қағады.
(ине)
Оқу инемен құдық қазғандай.
2. Өзі сырық,
Басқа жері – құдық.
(таяқ)
Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан.
3. Жүрген жерін жалмайды,
Тастан басқа қалмайды.
(от)
От жақпаған үй қорамен тең.
Ойыннан от шығады.
4. Өртесеңде ерімейді, не тот басып шірімейді.
Өн бойына су сіңбейді, ылғал тартып ірімейді.
(тас)
Тіл тас жарады,тас жармаса бас жарады.
5. Үсті шарбақ, асты шарбақ.
Ортасында тұрар сарнап жалғыз бармақ.
(тіс пен тіл)
Тіл қылыштан өткір.
6. Сырты орман, алды жазық құрлықты,
Араласаң табасың жеті құдықты.
(Бас)
Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
7. Екі бала қатар тұрса да,
Бірін – бірі көрмейді.
(көз)
Көз қорқақ, қол батыр.
8. Тіліп – тіліп тастадым,
Сонда да жігін ашпады.
(су)
Түнгі су – ну
Күндізгі су – бу.
9. Бірі – ыдысқа керек,
Бірі – жүреске керек
(аяқ)
Аяғын көріп асын іш,
Анасын көріп қызын ал.
10. Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)
Күш – білімде,
Білім – кітапта.
11. Ақ құман жүр жүзіп,
Су бетін сүзіп.
(аққу)
Аққуды атпа, досыңды сатпа.
ІІ кезең. Мақал – мәтел сыңарын табу.Осы кезеңнен кейін ұпайы төмен бір оқушы ойыннан шығады.
1. Кісі елінде сұлтан болғанша,...(өз еліңде ұлтан бол)
2. Тұз астың дәмін келтірсе,....(мақал сөздің мәнін келтіреді.)
3. Жаман көлдің суы ащы,....(жаман адамның тілі ащы.)
4. Жүк ауырын нар көтерер,...(ел ауырын ел көтерер.)
5. Еңбегіне қарай құрмет,....(жасыңа қарай ізет.)
6. Адам аласы ішінде,....(мал аласы сыртында.)
Күй «Әке арманы»
7. Жақс байқап сөйлер, ....(жаман шайқап сөйлер).
8. Сөйлей білмеген, ....(сөзді қор етер).
9. Өз білмегеніңді кісіден сұра,
(Үлкен болмаса, кішіден сұра).
10. Сөз сүйектен өтеді,....(Таяқ еттен өтеді).
11. Ойнап сөйлесен де, ....(ойлап сөйле).
12. Отансыз адам, ....(ормансыз бұлбұл)
13. Ер жігіт ел үшін туады,...(ел үшін өледі).
ІІІ кезең. «Ойлы болсаң озып көр»
Бір сөз беріледі,оған көмекші төрт сөз беріледі,осыған төрт сөздің қайсысы сәйкес келеді сонымен байланыстырып бір мақал-мәтел шығару.
1.От, жер, ыстық , ел , ана.
Отан-оттанда ыстық.
2.Тіл, көз, өнер, құлақ, қол.
Өнер алды қызыл тіл.
3.Би, білім, күй, өнер, оқу.
Оқу-білім бұлағы.
4.Ата, аке, көңіл, бала, ана, әже.
Ананың көңілі балада,баланың көңілі далада.
5.Ит, мысық, жер, күшік, қоян.
Ит қорыған жерге өш.
ІV кезең. «Білгіш болсаң саралап көр »
Таба алмаған 1 оқушы ойыннан шығады.
1. Қ..қ..қ..(Құдайдан қорықпағаннан қорық.)
2. Ө...ө..ө..(Өңештен өткен өзіңдікі)
3. К...к...(Кішіліктен кішіремейсің)
4. Е...е...е..(Еңбек етсең емерсің)
5. Ж...ж..(Жамандық жасырылмас)
6. Ж..ж..ж..(Жаманға жан жуымас)
V кезең. «Тапқыр болсаң құрап көр»
Тақтадағы ұйқассыз сөздерден мақал – мәтел құраймыз. Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.
1.Ас, тоқ, ауру, сау,қадірін тоқ білмес.
2.Дария, ақыл, теңіз, ой.
3.Көркі, мақал, сөздің.
4.Аздың, ақылы, көп, азабы.
5.Айнасы, сөз, адамның,
6.Бауыр, бала, етің.
7.Елу, ел, жылда, жаңа.
8.Алар,орар, берген, еккен.
9.Достық, жоқ, сауда.
10.Алты, арсызға, мейрам, күн.
11.Өліммен, тең,ұйқы.
12.Қақпа, екі, елі, ауызға, бір,елі.
VІ кезең. Тұрақты тіркестердің мағынасын ашу.
Жұмырына жұқ болмау.
Төбесі көкке жету.
Ат тонын ала қашу.
Ат ізін салмау.
Көзді ашып жұмғанша
Қол ұшын беру
Үш ұйықтаса түсіне кірмеген
Тіс жармау
Жеңімпаз марапатталады, «Озық ойлы оқушы» атағына ие болады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.