Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ -

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1756 | Размер: | Автор: гость
. Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебі

( ҚР Тілдері күні мерекесіне орай 5-6 сыпытар арасында
өткізілген сыныптан тыс іс-шара)
2015-2016 оқу жылы


Тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Мақсаты: мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата–бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға, мақал- мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет – ғұрып, салт-дәстүрін сыйлауға баулу.
Дамытушылық: Сөздік қорын дамыту, өз ойларын кең, мазмұнды жеткізе білуге үйрету.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық ойынға жиналып отырсыздар. Мақал – мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата – бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал – мәтел, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Ал, жұмбақтар ойлау қабілетін шындайды. Олай болса, бүгінгі ойынға белсене қатысып,өз таным көкжиектерімізді дамыта отырайық. «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ» ойыны 7 айналымнан тұрады. Ойынға екі топ қатысып тұр. Олар 5а,ә,б-сыныптарынан құралған бір топ және 6а,б-сыныбы.Барлығы 12 оқушы. Ендеше ойынымызды бастаймыз,іске сәт.
Жетілген білім санасы,
Келді екен кімдер,қарашы.
Таныстырып кетсін өздерін,
Ойынға келген дарасы.
1 айналым.«Таныстыру» Екі сыныптан құралған топ өздерінің тобын таныстарады. (Топтың аты.мүшелері)
Мақал – сөздің мәйегі.Кім көп мақал білсе,ол мақалдарды орнымен қолданып,шешен де шебер сөйлей білсе,жеңіс сол адамды екені айдан анық.Олай болса келесі айналымға көшейік.
2 айналым. «Мақалды жалға» деп аталады. (Жүргізуші дайындап келген мақалдың бірінші жолын айтады, келесі жолын топ мүшелері жалғап кетуі тиіс.Әр топқа төрт мақалдан беріледі)
І топқа.
жердің гүлінен, 1.Көз көруге тоймайды, 2.Батыр туса - ел ырысы,
(Құлақ естуге тоймайды.) (Жаңбыр жауса – жер ырысы.)
3.Шешен сөз бастар,( батыр қол бастар.) 4.Бөтен
(Туған жердің тікені артық)
ІІ топқа. 1.Туған жердей жер болмас, 2.Атаңның баласы болма,
(Туған елдей ел болмас.) (Адамның баласы бол.)
3.Білімдіден шыққан сөз,
(Талаптыға болсын кез.) 4.Өзіңе қарай дос таңда,
(Күшіңе қарай жүк көтер)
3 айналым. Үй тапсырмасы. (Оқушылар өздері дайындап келген мақалды айтады,келесі ойыншы сол айтылған мақалдың бір сөзінен келесі мақалды жалған кетеді. Мысалы, Отан - отбасынан басталады.Отан оттан да ыстық. т.б. Әр қатысушы 3 мақалдан дайындап келеді)
Біздің бүгінгі сайыскерлеріміз өздерінің білімдерімен ғана тәнті етіп қоймай,бойларындағы өнерлерін де ортаға салмақ.
4 айналым. «Өнерлі өрге жүзер» Әр топ өз өнерлерін көрсетеді. (Ән,би,өлең,қара сөз оқу,т.б.)
Өз өнерлерін ортаға салған оқушыларға өнерлерің үстей берсін дей отырып,келесі айналымға өтеміз.
5 айналым. «Жұмбақты шеш» Топ мүшелері екі жұмбақтан дайындап келеді.Екі топ бір – біріне жұмбақтарын жасырады.
6 айналым. Берілген суреттерге қарап топ мүшелері бірнеше мақал жазады. (Әр топтың алдына үш сурет беріледі,қай топтың мақалы көп екендігі ескеріледі) Мысалы,
1-сурет. Су. Су- тіршілік көзі. Сөз атасы-құлақ, Ақымаққа айтқан сөз-
Жол атасы-тұяқ, Ағып жатқан сумен тең.
Су атасы- бұлақ.
2-сурет. Нан. Ас атасы – нан.
3-сурет. Ана мен бала. Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады.

4-сурет.Тал,ағаш. Бір тал кессең,он тал ек. Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.
5-сурет.Аққу немесе құстар туралы. Аққуды атпа,досыңды сатпа.

6-сурет.Кітап немесе білім туралы. Білімдіге дүние жарық,
Білімсізге дүние кіріп.
7 айналым «Суретжұмбақ» деп аталады. ( Топ мүшелеріне сурет беріледі сол суреттерді құрап,тіркестіру арқылы бір сөз шығару керек)
1.Қазақстан 2.Төртбұрыш.
Міне,сайыскерлер,осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»деп,біздің сайыстың жүйріктерін анықтау үшін әділқазы мүшелеріне сөз береміз.
«Бар ізгілік тек білімнен алынар,білімменен аспанға жол салынар» дейді.Бүгінгі сайысқа қатысқан баршаңызға да тек білімнің асқар шыңына шығып, азат елдің білімді де өнегелі ұрпағы боп өсе беріңіздер дегім келеді.Келгендеріңізге көп-көп рахмет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.