Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Нұрғиса-қазақтың сұлу сазды жүрегі» -

«Нұрғиса-қазақтың сұлу сазды жүрегі»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1215 | Размер: | Автор: гость
. Сабирова Шынар Асылбековна
Батыс Қазақстан Облысы, Орал қаласы
Желаев мектептен тыс жұмыс орталығы.
қосымша білім беру педагогы
хор үйірмесінің жетекшісі

Сабақ тақырыбы:«Нұрғиса-қазақтың сұлу сазды жүрегі»
Сабақ мақсаты:
1. Халық қаhарманы,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,композитор,дирижер,өмірі қазақ өнерінен бөліп алғысыз Нұрғиса Тілендиев туралы оқушылардың білімдерін тереңдету.
2. Нұрғиса шығармаларын тыңдату,ән айту дағдыларын жетілдіруде тақырыпқа сай өзіндік шығармашылық тұрғыдан дауыс жаттықтырып,ән үйрету арқылы білім деңгейлерін дамыту.
3. Салт дәстүріміз,қазақ музыкалық өнеріне деген оқушылардың сүйіспеншілігін артыру,білуге тәрбиелеу.
«Музыка»-журек тілі ол сезімдермен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. А.Н.Серов
Үйірме барысында оқушылардың ән айту шеберлігі қалыптасады, музыкалық есту қабілеттері дамиды, әнді табиғи дауыста орындауға үйренеді.Музыка адамның ішкі жан дүниесіне терең ықпал жасайды, музыканың әсер етушілік күші адамның жеке басына оның қабылдау даярлық дәрежесіне байланысты. Ең алдымен «музыканың не айтып тұрғаның » түсіну қажет. Ең бастысы балалардың музыкаға деген қызығушылығы бар, сол себепті әр шығарманы орындаған кезде әннің мазмұнын ашуға, тындаушы көнілінен шығуға тырысады. Балалар біздің қуанышымыз, үмітіміз, болашағымыз. Жас ұрпаққа мәдени, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбие берудің сапасын арттыру.
Сабақ түрі:дәстүрлі (шығармашылық)
Қолданылатын әдіс -тәсілдер:сұрақ жауап,баяндау,түсіндіру,үйрету.
Қолданылатын көрнекіліктер:
Сабақ барысы:
Қызығушылықтарын ояту.
( Н.Тілендиев «Ата толғауы» күйі әуенімен кіріп орындықтарына отырады.)
Оқушылар ендеше музыка өнері туралы мына сөзжұмбаққа көз жүгіртейікші.
1.Қазақтың халық аспаптар оркестрін алғаш құрған кім? (А.Қ.Жұбанов)
2. Мынау қандай музыкалық аспаптар түріне жатады? (Ұрмалы)
3. Сахнаға арналған би және драмалық қозғалыс өнерінің жиынтығы қалай аталады.(Опера)
4.Кәсіби сазгер Сыдық Мұхаметжановтың шығармасы қалай аталады?(Ғасырлар үні)
5. Оркестрге арналған көлемді музыкалық шығарма? (Симфония)
6. 3 cыныпта үйренген жапонның халық әні қалай аталады? ( Сакура)
7. Қазіргі әнұраннның авторы ? (Ш.Қалдаяқов)
Балалар бүгінгі сабағымыз кім туралы болады сонымен қалай ойлайсыңдар?
Нұрғиса Тілендиев туралы естігендерің бар ма?
Оқушыларға сабақ тақырыбын түсіндіру.
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің өмірбаянын,шығармаларын түсіндіру.
Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы»халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай ақ, 1968 жылдың «Қазақфильм»киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет. Сүйікті шығармаларынан«Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» контатасын (1959), Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962), «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның«Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. Тілендіұлы Нұрғиса музыкасын жазған М.Әуезовтың, Ш.Аймановтың, Т.Ахтановтың, Ә.Тәжібаевтың пьесалары, сондай-ақ «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан» фильмдері әлдеқашан қазақ сахнасы мен экран өнерінің классикасына айналған. Ол Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге...», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...», «Ішім өлген, сыртым сау...», «Қызарып, сұрланып...» өлеңдеріне ән шығарған. Сонымен қатар қазақ ақындарының өлеңдеріне «Ғашыққа мойын қой», «Абай арманы», «Әйгерімнің әні», «Ақынның пайғамбары - Абай ата» әндерін жазды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Балалар біраз сергіп дауыс жаттықтырып алайық.
Ән үйрену. «Әжем менің тамаша»
Аспаппен айтып көрсету,әнді жаттау,топ-топтап айтқызу,дауыс ерекшеліктеріне қарай бөліп айтқызу.
Балалар сабағымызды не білемін? нені білгім келеді? не білдім? деген семантикалық картамен аяқтағым келеді.
Не білемін? Нені білгім келеді? Не білдім?

Ендеше балалар,ата бабаларымыздан қалаған өнерімізді қастерлеуді,әрі қарай жалғастыруды ұмытпайық!

Әдет-ғұрып,салт-дәстүрі қазақтың,

Жарасымды,үйлесімді ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық

Насихаттап,жаңартудан қашпайық!

Сау болыңыздар,балалар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.