Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Н. Сералиев  «Аңсау» әңгімесінің кейіпкерлеріне талдау -

Н. Сералиев «Аңсау» әңгімесінің кейіпкерлеріне талдау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2673 | Размер: | Автор: гость
. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ ауылы «Асубұлақ орта мектебі» КММ
қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Нұрсейітова Б.Қ
Күні 06. 05. 2013 жыл
Сабақтың тақырыбы Н. Сералиев «Аңсау» әңгімесінің кейіпкерлеріне талдау
Мақсаты Әңгіменің кейіпкерлеріне талдай отырып,өз ойларын ауызша және жазбаша жүйелі, қисынды жеткізуге, пікірлерін айта білу дағдыларын қалыптастырады, әңгіменің тәрбиелік мәнін ашады,топпен жұмыс істей білуге дағдыланады
Сілтеме 5- сынып. Қазақ әдебиеті « Атамұра» 2005 жыл
Негізгі идеялар Ана парасаттылығы, баланың сағынышы, ұрпақтар сабақтастығы, қазақ халқының ұлттық тәрбиесі

Күтілетін нәтиже Топпен жұмыс істеуге дағдыланады, әңгіменің мәнін түсінетін болады, бағалау критерийлері бойынша жауап беруге , ойларын жазбаша қағазға түсіруге үйренеді
Көрнекіліктер мен материалдар түрлі-түсті маркерлер, парақтар, фломастерлер,постер,
бағалау парақтары
Оқыту әдістері Топтық жұмыс, СТО-ның әдістері – ашық- жабық сұрақтар, талқылау ( постерге түсіру) , хат жазу , бағалау критерийлері,сабаққа бірлесіп мақсат қою
АКТ -слайд
Дерек көздер 5-сынып. Қазақ әдебиеті ,интернетқор
Сабақ кезеңдері және тапсырмалар 1. Ұйымдастыру- сәлемдесу, кезекшіліктің мәлімдесі

-топқа бөлу «Әке –асқар тау, ана-ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ» мақалдың әрбір жолы бойынша бөлу
- топ ережесін қайталау
2. Сабақтың тақырыбын хабарлау – бүгін біз сабақта Н. Сералиевтің «Аңсау» әңгімесіндегі кейіпкерлерді талдайтын боламыз. Өткен сабақта біз ол әңгіменің мазмұнымен толық танысып шыққанбыз.
3.Үй тапсырмасын сұрау- үйге « Аңсау» әңгімесі бойынша жуан және жіңішке сұрақтар дайындап келу
Қазір топтарында бір-бірлеріңе сол сұрақтарды оқып бересіңдер, содан кейін соның ішінен дұрыс дегендерің ортаға саламыз.
Әр топ оқып береді, ішінара талқылау.
Тапсырманы сұрау- топтар сұрақ қояды, оқушылар сол сұрақтарға жауап береді
3 Жаңа тақырыпты –«Аңсау» әңгімесінің кейіпкерлеріне талдау
Сабақтың мақсаты не болады? Оқушылармен бірге мақсатын ойластыру
Әр топқа жеке тапсырма беріледі- Қалымбет ата (әке туралы мақал)
Ермектің мамасы ( ана туралы)
Кішкентай Ермек ( бала туралы)
-талдау жоспары кейіпкерлеріне сипаттама жазу, олардың мінез-құлқын ашу, біз алатын қасиеттері ( постер қорғауға дайындалады)
Постер қорғау ( қай топ шығатынын хабарлау үшін мазмұнына сәйкес ән орындалады,
« Әке туралы жыр» , « Анама», «Сәби болғым келеді» сол бойынша шығады)
Сергіту сәті
Шығармашылық жұмыс- хат жазу Ермектің атасына хат жазуы
Хаттарды конверттерге әкеліп салады, ішіндегі кейбір хаттарды оқыту
Рефлексия жасау- сабақ қалай өтті? Не ұнады? (видео)
Бағалау - Ермектің түсіне неге сап-сары бауырсақтар кірді?
Үйге тапсырма- Күлаш Ахметова туралы материал әкелу
( слайд, реферат)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.