Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Намыс. Жуан және жіңішке дауысты  дыбыстар. -

Намыс. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1697 | Размер: | Автор: гость
. 10 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Намыс. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру, дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке болып бөлінетінін байқату, оқушылардың ой-өрісін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық.
Сабақтың барысы:
I.Бағдарлау-мотивациялық кезең.
-Ертеде бір Дауысты дыбыс деген үлкен кісі болыпты.Сол кісі бізге келді деседі.Қане, балалар, сол кісіні шақыру үшін біз мына екі қорапты ашып көрейік.
а,о,ұ,у,ы
ә,ү,и,і
- Енді, балар, бұл дыбыстардың айтылуына мән беріп, дауыстап айтайық. Сонда не байқадың?
- Балалар дауыстап айтады.
- Міне, бізге де Дауысты дыбыс атамыз жеткен сияқты, қане көрейік:
Дауысты дыбыс – жуан, жіңішке
II.Операционалдық- орындаушылық кезең.
23-жаттығу:
1.Кіріспе әңгіме.
2.Мұғалімнің мәтінді мәнерлеп оқуы.
3. Оқушылардың тізбектей оқуы.
4.Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар:
-Әңгімеде жылдың қай мезгілі суреттелген?
-Қыс мезгілі ұнайды ма?
- Әңгіме не туралы?
-Әңгімедегі Кәрім қандай бала?
- Ол не істеді?
-Өзің қыста қандай ойындар ойнайсың?
-Әңгіме неліктен Намыс деп аталған?
5.Сөздік жұмысы:
Намыс – ар, абырой
Абдырау - сасқалақтау
24-жаттығу
Сергіту сәті
25-жаттығу
III.Рефлексиялық-бағалау кезеңі:
Терме диктант.
Жаз. Күн шайдай ашық. Балалар аулаға серуендеуге шықты.
Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды бөліп жазады.

11 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Жуан дауысты дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дауысты дыбыстар бойынша алған білімдерін кеңейтуге мүмкіндік жасау, сөз ішінде жуан дауысты дыбыстарды ажырата білуге жаттықтыру; оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыта отырып, табиғаттың әсемдігін сезіне білуге, бйқампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сюжеттік сурет, сызба плакаттар.
Сабақтың барысы:
I.Бағдарлау-мотивациялық кезең.
Мұғалім оқушылардың тілдерін жаттықтыру мақсатында жаңылтпашты қайталап айтуды ұсынады. Баланың бәрі бала,
Ішінде бар қара бала.
Ішінді бар сары бала,
Сол баланың бәрі бала.
Оқушылар жаңылтпашта кездескен сөздерді талдай отырып, жуан және жіңішке дауыстыларды ажыратады.
Жуан дауыстылар: а, о, ы.
Жіңішке дауыстылар: ә, і.
II.Операционалдық- орындаушылық кезең.
26 - жаттығу: Мұғалім өлеңді оқып, оны әр оқушыға екі тармақтан бөліп оқытады. Оқып болған соң сөздік жұмысы жүргізіледі.
Себелеп – жоғарыдан төмен қарай тоқтаусыз жауу
Өлең бойынша сұрақ-тапсырмалар орындалады.
- Өлең не туралы?
-Далада қар жауып тұрған кезді бақылап көрдіңдер ме, өлеңде оны қалай суреттейді?
-Сендер қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
-Қыс туралы қандай өлең білесіңдер?
Оқулықта берілген тапсырманы оқушылар дәптерге орындайды.
27 – жаттығу орындалады.
Білімді тиянақтауға арналған оқулықтан тыс грамматикалық тапсырмалар.
1.Толықтыру тесті.Ұйқасын тап.
Ұстаған жерде қолы ...,
Тістеген жерде тісі қалады.
Дауысты дыбыстардың астың сыз.
2.Сәйкестендіру тесті.
Мына берілген сөздерге тиісті дауысты дыбыстарды сәйкестендір.
Кіт...п ө
Ой...ншық а
...шіргіш ы
III.Рефлексиялық-бағалау кезеңі:
Шығармашылық диктант.
Жақшаның ішіндегі сөздерді пайдаланып сөйлем құра.
(Білім, бұлақ, оқу.) Оқу – білім бұлағы.
Сабақтың басында үлестірілген «өзің-өзі бағалау» парағы бойынша оқушылар өзің-өзі әрбір тапсырмаға ұпай қою арқылы бағалайды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.