.
.
Есентаева Күлпан Бейсенбаевна, Наурыз көже
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2329 | Размер: | Автор: гостьО. Ағыбайұлы атындағы жом бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Сарыағаш ауданы
Сабақтың тақырыбы: Наурыз көже
Сабақтың мақсаты:наурыз мерекесі туралы түсінік беру,білімдерін тереңдету.
1.Оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерін үлгі алуға үйрету.
2.Ана тіліне деген қызығушылығын арттыру.
3.Оқушыларды ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер (киіз үйлер, ұлттық тағамдар),көрме (қазақтың ұлттық киімдері),интерактивті тақта.
Сабақтын түрі :аралас сабақ
Пәнаралық байланысты:математика, дүниетану, музыка.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен.
Сәлемдесіп алайық,
Бір жадырап қалайық,
2.Оқушылардын назарын сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын сұрау
1.Өткен сабағымызда қандай көктем туралы жаңылтпаш жаттадық?
Көктем жауын-шашынсыз болмас,
Жауын-шашынсыз болмаса,
Жасылсыз болмас.
2.Ұзынсары деген не екен?
Ұзынсары-Наурыздың ұзақ,сары күні.
3.Тошала деген не?
Қыста ет сақтайтын жеке үй.
4.Атағаш дегеніміз не?
Ат байлау үшін орнатылған түбірік.
5.Қазақтың қандай ұлтық тағамдарын білесіңдер?
Ет, қуырдақ, уыз,наурыз көже.
III.Сергіту сәті: Қара жорға биі.
IV.Сөзжұмбақ шешу.
Шешудегі бастапқы әріптерін тақтаға жазып отыру.
1. Мұсылман халықтарында жаңа жыл тойланатын ай? (Наурыз)
2. Ат байлау үшін орнатылған түбірік (Атағаш)
3. Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам (Уыз)
4. Қасиетті ай (Рамазан)
5. Ас үйде қоданылатын жиһаз(Ыдыс)
6. Наурыз көжені қандай ыдысқа құяды?(Зерен)
7.Ұлтық сусын(Көже)
8. Ө дыбысынан келетін Қазақстанның қаласы (Өскемен)
9.Қасиетті сан (7)
10 .Мал өнімінің негізгі түрі (Ет)
Балалар,қараңдаршы қандай сөз шықты?Наурыз көже.
Олай болса,балалар,біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
НАУРЫЗ КӨЖЕ деп аталады.
V.Жаңа сабақ
Автор туралы түсінік беру.
Нұрқасым Қазыбеков 1936 жылы 1майда Қытай Халық республикасының,Ілу қазақ автономиялы обылысына қарасты Текес ауданында туылған.
Ал балалар біз көктем туралы түсінік берейікші.
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем айларын атаңдаршы?
-Қазір көктемнің қай айы?
-Көктем мезгілінде қандай мерекелер аталып өткізіледі?
-Көктемде қандай өзгерістер болады?
Оқулықтан тыс мағлұмат беру.
Наурыз мерекесінің танымдық мәні мол, жұмбақ сырлы өзіндік рәсімдері мен шартты талаптары бар. Ұлыстың ұлы күні дайындалатын Наурыз көже «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар,-деп тоя ішу ғұрпы сақталған. Сондықтан болар наурыз көжені көп көже, тоқ көже деп те атайды. Мұның бәрі наурыз мерекесінің теңдік күні, еріктілік, имандылық мерекесі деген түсініктен туса керек. Жеті саны қасиетті дейтіні белгілі. Ұлттық таным бойынша 7 қазына, 7 ата, 7 күн, 7 қат көк, 7 музыкалық дыбыс. Табиғат пен тағам арасындағы байланысты ашу арқылы Наурыз көженің қасиеттерін көрсету үшін, халқымыз даналықпен тағам түрлерін топтаған.
VI. Оқулықпен жұмыс: Наурыз көже тақырыбын оқушыларға оқып беру. Оқушыларға мәтінді тізбектей оқыту. (3 балаға)
Екі баладан түсінік сұрау.
Ал енді балалар, осы мәтінді сұрақ-жауап арқылы талдайықшы.
1. Наурыз қандай мейрам?
2. Наурыз күні басқаша қалай аталады?
3. Наурыз күні қандай тілектер айтылады?
4. Наурыз көже қалай жасалады? Оған нелер қосылады?
VII. Дәптермен жұмыс:
1. Наурыз мерекесі- ................................................ .
2. Наурыз мерекесі- ................................................ .
3. Наурыз мерекесі- ................................................ .
VIII. Бекіту кезеңі: Венн диаграммасы арқылы үй мен киіз үйді салыстыра отырып, ұқсастығын табу.
IX. Танымдық сұрақтар:
1. Жеті қандай сан?
2. Жеті атаңды ата?
3. Жеті байлықты ата?
4. Жеті күнді ата?
5. Ұлттық ойындарды ата? (тақия тастамақ, алтыбақан, ақсүйек)
6. Қандай ұлттық тойларды білесің? (шілдехана, бесік той)
7. Ұлттық киімдерді ата? (сәукеле, ішік, тақия, кимешек, бөрік)
8. Ұлттық тағамдарды ата? (Бесбармақ, уыз, қуырдақ, наурыз көже)
X. Сабақты қорыту:
Не білдік? Нені үйрендік?
XI. Оқушыларды бағалау
XII. Үйге тапсырма
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.