.
.
Сабақтың тақырыбы: «Наурыз тойына базарлық» Наурыз тойына базарлық
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1404 | Размер: | Автор: гостьСабақтың мақсаты: Оқушыларға «Наурыз мейрамы» туралы мағлұмат беру. Наурыз мейрамының ерекшеліктерін айта отырып, ұлттық салт - дәстүрлер - ді құрметтеуге тәрбиелеу Ұлттық салт – дәстүрді дамыту. Ата - бабамыздан қалған ырым - тиымдарды насихаттау.
Сабақтың міндеті: Оқушыларға наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт - дәстүрін дамыту және жалғастыру.
Ән айту дағдыларын, есте сақтау, музыкалық сауаты мен ырғақты сезіну қабілетін дамыту. Оқушыларды халқымыздың салт - дәстүрлеріне деген қызығушылықтарын оята отырып, салт - дәстүрімізге құрметпен қарауға және ұлтжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, ынталандыру, талдау, салыстыру, дауыс ашу, әндету, сұрақ - жауап, ой бөлісу
Қолданылатын оқу - әдістемелік әдебиеттер:
1. Ш. Құлманова, М. Оразалиева, Б. Сүлейменова. «Музыка» оқулығы. 3 сынып. Алматы. «Атамұра» 1999 ж.
2. Ш. Құлманова, М. Оразалиева, Б. Сүлейменова. «Музыканы оқыту әдістемесі» 3 сынып. Алматы. «Атамұра» 1999 ж.
3. С. Бүркітов, О Дүйсенов «Қазақтың халық күйлері» Алматы, 1996
4. Т. Бекхожина «Қазына» (Музыкалық - этнографиялық жинақ) Алматы, «Жалын», 1979 ж.
5. А. Жұбанов «Ғасырлар пернесі» Алматы, 1975 ж.
6. А. Жұбанов «Замана бұлбұлдары» Алматы, 1963 ж.
7. Д. Б. Кабалевский «Музыка және әңгіме» Алматы, «Өнер», 1989 ж.
8. Ғ. Құрманғалиев Әндер. Алматы, 1961 ж.
9. С. А. Ұзақбаева «Өміршең өнер өрісі» Алматы, «Мектеп», 1993 ж.
10. Т. Мерғалиев «Домбыра сазы» Алматы, 1972 ж.
Қолданылатын музыкалық материалдар: Құрманғазының «Сарыарқа» күйі.
Қолданылатын техникалық құрал - жабдықтар және көркемдік құралдар:
Музыкалық (күйсандық, баян, домбыра) аспаптары, үнтаспа, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Сурет, дүниетану, қазақ тілі, ана тілі.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру жұмыстары
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгелдеу
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
II Үй тапсырмасын сұрау:
2. 1 «Кім жүйрік?» сұрақ - жауап
- Біз танысқан шығарма?
- Авторы кім?
- Опера дегеніміз не?
- Хор дегеніміз не?
- Шығармадағы негізгі кейіпкерлерді атаңыз?
- Шығарманың кіріспе бөлімінде қандай би орындалады?
- Барыстың қандай қасиеттерін байқадың?
- Кішкентай Ұлу неге Барыстан қорықпады?
- Жылан мен Маймыл қандай би биледі?
2. 2 «Біліміңді тексер» Музыка сауаты бойынша деңгейлік тапсырмалар
№ Анықтама Деңгейлік тапсырмалар
№ 1 деңгейлік тапсырма № 2 деңгейлік тапсырма№ 3 деңгейлік тапсырма
Музыкалық белгілер мен би атауы Шығармада қолданылуы Белгіленуі
1 Дыбысты ұзақ созып айту үшін пайдаланылатын белгі
2 Көңілді, жылдам орындалатын би
3 Көп адамдардың бірігіп ән айтуы
4 Музыкалық ертегідегі кейіпкерлердің ән айтып, би билеп, барлығы қосылып ән салуы және сахнаға қойылуы
5 Жай, бірқалыпты орындалатын би
6 Дыбыстың өте қысқа, жеңіл орындалуы
7 Дауысты біртіндеп көтеру
8 Дауысты біртіндеп бәсеңдету
2. 3 Әуенін тауып, орындап беріңіз?
1. Жануарлардың бірінші хоры
2. Сиырдың әні
3. Вальс биі
4. Жылқының әні
5. Түйенің әні
6. Полька биі
ІІІ Жаңа сабақ:
«Наурыз тойына базарлық»
Балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Наурыз тойына базарлық» Мейрам болған соң барлығымыздың көңіліміз көтерінкі, қуанышты сезімде болуымыз керек, солай ма?
3. 1 Музыка тыңдау:
Ендеше, Құрманғазы атамыздың «Сарыарқа» күйін тыңдап, жақсы көңілмен жаңа сабағымызды бастайық. Музыка тыңдалады. Балалар, күй сендерге ұнады ма? Күй қандай жылдамдықта орындалды?
Наурыз – Шығыс халықтарының ертеден келе жатқан мейрамы. Наурыз сөзі парсы тілінен енген. «Нау»- жаңа, «руз»- күн деген ұғымды білдіреді. Қазақстанда наурыз мейрамы 1926 жылға дейін тойланды да, тоқталып қалды. Тек, 1988 жылдан бастап ресми түрде қайта тойлана бастады. Бұл – күн мен түннің теңелетін, қыс ызғары кетіп, көктем лебі сезілетін уақыт. Бұл кезде мал төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиеді. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атап, жаңа жылдың басы деп санаған. Наурыздың 21 - нен 22 - сіне қараған түн осы күнге сәйкес келеді. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Ол күні жаңбыр не қар жауса, «нұр жауды», «туар жыл жақсы болады» деп қуанған халқымыз. Бұл күні адамдар бір - бірімен төс қағысып амандасады, өкпелері болса, кешіреді. Ұлыс күнінде сәлемдесудің қалыптасқан дәстүрі бар. Адамдар бір – бірімен кездескенде:
Жасың құтты болсын!
Өмір жасың ұзақ болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін!
Пәле - жала жерге енсін! – деп құттықтайды.
Қәне, балалар, біздер де бір - бірімізге жақсы тілек айтып төс қағыстырып, бойымызды бір сергітіп алайық, жарай ма?
Наурыз күні таңертең әйелдер мен ерлер қолдарына күрек, кетпен, ал қыз - келіншектер құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жігіттер айнала төңіректегі бастаулардың көзін ашса, «Атадан мал қалғанша, тал қалсын!», «Бір тал кессең, он тал ек!» деп, қариялар бұлақ басына ағаш егеді.
Наурыз мейрамында ұлттық тағамдар жасалады.(слайдта ұлттық тағамдардың түрлері шығады)
- Балалар, жеті түрлі тағамнан қандай тағам пісіріледі?
- Жеті түрлі тағамдарды атайықшы?
- Бидай, тары, күріш, жүгері, арпа, сүт, тұз және ет.
Наурыз тойы күні ауылдың жастары жиналып ойын ойнайды екен.
- Қандай ойын түрлерін білесіңдер? (Алтыбақан, Көкпар, Арқан тартыс, Қыз қуу, т. б).
3. 2 Дауыс ашу жаттығуы: Балалар, енді біз дауыс ашу жаттығуын жасаймыз. Дауыс ашу жаттығуының өзіндік шарттары, оны Сіздер білесіздер. Ендеше, сол дауыс ашу шарттарын сақтай отырып, ля - ля - ля буыны арқылы жаттығуды жасаймыз.
3. 3 Ән үйрету: «Наурыз»
Балалар, біз Наурыз мерекесіне арнап, «Наурыз» деген әнді үйренеміз, әнді мен алдымен Сіздерге орындап беремін, сонан соң маған қосыласыздар.
НАУРЫЗ
Өлеңін жазған М. Сарынова
Әнін жазған Б. Есдәулетов
1. Кел, балалар, ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық.
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық.
Қайырмасы:
Наурыз, наурыз, наурыз – жыл басы,
Наурыз, наурыз – бақыт жалғасы.
Наурыз, наурыз, наурыз – жыл басы,
Наурыз, наурыз – бақыт жалғасы.
2. Наурыз келді тамаша,
Ән айтамыз таласа.
Апам, атам той - тойлап,
Қуанып жүр балаша.
Қайырмасы:
ІҮ Қорытындылау:
4. 1 Сұрақ - жауап
1) Наурыз көжеге салынатын жеті тағамды ата?
2) Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата?
3) Ұлттық тағамдарын ата?
4) «Наурыз» сөзі не деген мағынаны білдіреді?
5) Қазақстанда наурыз мейрамы қай жылға дейін тойланды?
6) Қай жылдан бастап ресми түрде қайта тойлана бастады?
4. 2 Сөзжұмбақ «Наурыз»
1. Ас атасы? (Нан)
2. Сиыр сүтінен жасалатын ұлттық тағам түрін ата? (Айран)
3. Киіз үйдің құралы. (Уық)
4. Қазақтың ұлттық буын биі. (Қаражорға)
5. Жылқы сүтінен жасалатын ұлттық сусын түрі. (Қымыз)
6. Ұлттық ойын түрі. (Қыз қуу)
Ү Үйге тапсырма:
1) «Наурыз» әнін жаттау.
2) «Наурыз» тақырыбына сурет салып келу.
ҮІ Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.