Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өндірістік сабақтың тақырыбы:  “Тігіс ішіндегі қалтаны өңдеу” -

Өндірістік сабақтың тақырыбы: “Тігіс ішіндегі қалтаны өңдеу”

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3088 | Размер: | Автор: Публикатор
.

Қазақстан Республикасы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Төлеби ауданы Ленгер қаласы

№8 колледждің өндірістік оқыту шебері 

Исманова Марифат Нугмановна

 

Өндірістік сабақтың тақырыбы:  “Тігіс ішіндегі қалтаны өңдеу”

Мақсаты:

  • Білімділік: тігіс ішіндегі қалтаны өңдеуді үйрету, жұмысты орындау кезіндегі алғашқы дағдыларын қалыптастыру.
  • Дамытушылық: студенттердің ойлау, есте сақтау, саусақ қимылдарын жетілдіру, жылдамдық дағдаларын дамыту.
  • Тәрбиелік: мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру, еңбексүйгіштікке, өзін-өзі ұстау мәдениеті мен ұжымдыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: өндірістік сабақ

Сабақтың әдісі: ойын элементтері, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: материалтану, жабдықтау, арнайы технология.

Көрнекі құрал-жабдықтар: тігісті орындау құралдары, түрлі классты тігін машиналары, техника қауіпсіздігі нұсқаулығы, тігіс үлгілерінің жинағы, үлгі эталоны, технологиялық нұсқаулық, кроссворд.

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, студенттерді түгендеу, сабаққа дайындығын қадағалау және жұмыс орнын ұйымдастыру. Сабақты тігін фабрикасы үлгісінде өткіземіз. Ойын сабағын өткізу үшін студенттерді 2 топқа бөлеміз: «Пішуші цех» және «Тігін цехы». Цех басшысын, технологты, сапа тексеру бөлім басшысын, кәсіподақ төрағасын студенттер арасынан сайлап алу.

Сапа тексеру бөлім басшысы -  Қадыр Динара,

Кәсіподақ комитетінің төрайымы – Хажиева Диана

Цехының басшысы – Әмит Қызжібек

Технолог – Муминова Муножат

Қызметкерлер саны – 21

 

ІІ Өткен тақырыпты сұрау:

Сапа тексеру бөлім басшысы  Қадыр Динара цехтар өндіріп жатқан өнімнің сапасын тексреу мақсатында  өткен тақырып бойынша цех қызметкерлеріне сұрақтар қояды. Сондай-ақ, кәсіподақ комитетінің төрайымы Хажиева Диана ақшалай сыйақы тағайындап қойған. Қай цехтың қызметкерлері сұрақтарға көбірек дұрыс жауап берсе, сол цех қызметкерлеріне ақша беріледі. Сұрақтар  «1000 теңге»,  «5000 теңге», «10000 теңге»  көлемінде деңгейлеп жасалынған. Ең көп қаражат жинаған цех қызметкерлері Түркия мемлекетіне саяхатқа аттанады.

      «1000 теңге»

  1. Қатты қызып кеткен үтікті қалай суытамыз?
  2. Тігінші қандай киім кию керек?
  3. Тігін машиналарының түрлерін ата.
  4. Қол тігістерін ата.
  5. Қол жұмыстары кезіндегі техника қауіпсіздігі.
  6. «Пішуші» цехында қандай жұмыстар орындалады?

 

«5000 теңге»

  1. Жарма қалтаның қандай түрлері бар?
  2. Қалтаның түрлерін ата.
  3. Ылғалды-жылулық өңдеудің қандай түрлері бар?
  4. Тігін машинасының негізгі бөліктерін ата.
  5. Электрлік жабдықтардың негізгі қауіпсіздік ережелері.
  6. Бүгілу шетінен тігіске дейін аралық өлшемі қанша болу керек?

 

«10000 теңге»

  1. Жапсырма қалтаны өңдеу жұмыстары.
  2. Машина тігістерінің түрлерін ата.
  3. «Портфель» қалтаның қалтаны өңдеу жұмыстары
  4. Өлшемді қалай анықтаймыз?
  5. Матаны күтудің белгілерін түсіндіру.

 

 

ІІІ Кіріспе нұсқаулық:

Цех басшысы тапсырыс қабылдайды. Тапсырыста 150 дана тігіс ішіндегі қалтаны өңдеу жұмыстарын орындау қажет. Цех басшысы және технолог жаңа қалтаның өңдеу жұмыстарын қызметкерге түсіндіреді және тігін машинасында тігіп көрсетеді.

 

ІV Кіріспе нұсқаулықты бекіту:

  1. КРОССВОРД шешу

 

қ

а

л

т

А

 

 

С

ы

з

ғ

ы

ш

 

Т

о

р

л

а

у

 

л

е

к

А

л

о

 

г

а

р

д

е

Р

о

б

 

                             
  1.  
  2. Тігін өндірісінде бұйым бөлшектерінің сызбаларын алу үшін қолданылатын құрал.
  3. Мата қимасын сетінеуден сақтау         үшін  ......  қолданылады.
  4. Қатты қағаздан қиылған бұйым бөлшектері .... деп аталады.
  5. Бір-бірімен байланысты киім заттарының     

                                                                                            жиынтығы қалай аталады?

 

ІV Ағымды нұсқау:

Студенттермен жаттығулар орындау.

о/ө шебері  студенттердің жұмыс орындарын аралап шығуы.

1- айналым: жұмыс орнын ұйымдастырудың дұрыстығын тексеру. Оқу құралдарын түгендеу. Техника қауіпсіздігін мен еңбек қауіпсіздігін сақтауын қадағалау.

2- айналым: Жаттығу кезіндегі әдіс-тәсілдерін тексеру. Берілген тапсырманы дұрыс орындауын қадағалау. Өзіндік қателерін табуға баулу.

3-айналым: Үлгерімі өте жақсы студенттерге қосымша тапсырмалар беру. Үлгермеуші студенттерге көмек көрсету.

V Қорытынды нұсқау:

1.       Ө/О сабағы үшін жұмыс қортындысын шығару.

2.      Студенттердің жұмысын өзіндік талдау.

3.      Орындалған жұмыстардың сапасын бағалау.

7.      Үй тапсырмасын беру.

«Тігіс ішіндегі қалтаны өңдеу»

8.      Жұмыс орнын ретке келтіру

 

 

 

Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.