Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Не? Қашан? Қайда? Интелектуалды ойыны. -

Не? Қашан? Қайда? Интелектуалды ойыны.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2272 | Размер: | Автор: гость
. Жамбыл облысы Тараз қаласы №1 гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі: Сандыбаева Перизат Бекбосынқызы
Сыныптан тыс сабақ
Сабақтың тақырыбы: Не? Қашан? Қайда? Интелектуалды ойыны.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1.Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру.
Дамытушылық: 2. Интелектуалды сұрақтарға мәдени түрде жауап беру, қарым- қатынасты дамыту.
Тәрбиелік: 3. Ұйымшылдыққа, өз ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : интелектуалды ойын.
Сабақтың типі: өтілген материалды жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, хатқалта, киіз үй, мақал -мәтелдер.
Сабақтың әдіс- тәсілі: сұрақ-жауап, топтастыру, сатылай-кешенді талдау.
Пәнаралық байланыс: дүниетану , математика , музыка.
Жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Ойынның ережесі.
II. Негізгі бөлім
Сұрақтар мен тапсырмалар.
Блиц турнир.
Супер блиц турнир.
Музыкалық үзіліс.
III. Қорытынды:
Ұпай беру
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабаққа келген қонақтармен амандасу
Психологиялық дайындық
Сабақты біз бастайық.
Тек жақсылық ойлайық.
Қандай сұрақ болса да
Жауап таппай қоймайық!
2. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
З.Ойынға 12 оқушы қатысады.
Оқушылармен таныстыру.
4. Ойынның ережесі : Үстелде 12 хат қалта жатады . Бағдарлы ойыншықты айналдырғаннан кейін бағыт қай түсті көрсетеді, сол хатқалтадағы тапсырма экраннан оқылады.
Сұрақ қойылған соң 1 минуттың ішінде топпен бірге ақылдаса отырып жауап іздейді.
Топтан бір оқушы жауап береді.
Егер дұрыс жауап берсе, ұпай алады. Ал қате жауап берсе, ұпай сұрақ қоюшыда қалады.

Егер сұрақтың жауабын білетін болса, бір минут ойланбай - ақ жауап беруге болады. Жауабы дұрыс болса, 1 минуты келесі сұраққа қосылады.
Негізгі бөлім
Ойын басталды. 1- айналым. Әр айналымда жүргізуші хабарлап отырады.
1-сектор. 1 - мөлтек аудан тұрғыны, 4 «А» сынып жетекшісі Құлбекова Сандуғаш Қалмаханбетқызынан сұрақ: Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?
Жауабы: барлық айда.
2-сектор. 2 «Б» сынып жетекшісі Рахманқұлова Асел Байжанқызынан сұрақ: Айдар қағаз парағын 5 рет бүктеді , сосын ол бүктеген қағазды ортасынан тескен. Парақты қайта жазғанда неше тесік шығады?
Жауабы: 32.
3-сектор.Киіз үйдің ішіндегі затты табу
Жұмбақ.
Өзі көгілдір түсті
Әлемге нұр шашқан 32 тісті
Қазақтың даңқын көтерген
Биіктен ғана орын алар күшті
Бұл не?
Жауабы : ҚРМ Туы
4- сектор. Блиц турнир.
1. Тәуелсіздік күні қай күн?
2. Тәуелсіздікті қашан алдық?
3. Тұңғыш президент күні қай күн?
4. Қазақстандық үшінші ғарышкері кім?
5. Қазақ хандығының қанша жылдық мерейтойы өтті?
Музыкалық үзіліс
Сыныбымыздың әншісі Дагилова Айлунаның орындауында «Туған
жер» әні
5- сектор. Супер - блиц турнир
1.Алманың жартысы неге ұқсас?(екінші жартысына)
2.Ең шөлге шыдамды түлік (түйе)
3.Күннің көзі жылына неше рет шығады? (365)
4.Нүктеден басталатын сызық (сәуле)
5. Түйенің жүні (шуда)
6.Жарты қарбыз 20 теңге тұрады. Бүтін қарбыз неше теңге тұрады? (40 теңге)
7.Үш сызықтан пайда болған фигура (үшбұрыш)
8. Жер жүзіндегі ең ірі аң (кит)
9. Аяғымен еститін жәндік (шегіртке)
10. Пингвин құс па , аң ба? (құс)
6-сектор. Сиқырлы сандық(ішіндегі затты табу).
Жұмбақ .
10 таңбалы цифрлы,
Әрекеті сиқырлы
Керек саңды бассаң сен
Табасың сен сиқырды. (есептеуіш құрал)
7-сектор. Ата-аналар комитеті Махамбетова Гульнора Хабибулаевнадан сұрақ:
Атай қалаға келе жатып, қаладан шығып келе жатқан, аттары бар 3 жігітті кездестіреді. Әрқайсысының жанында бір тазыдан бар, неше жан қалаға бара жатыр? (жалғыз атай ғана)
8 -сектор. 1- санатты мұғалім, 2 «А» сыныбының жетекшісі Асадилова Тынар Муфильдақызынан сұрақ:
6 стақан тұр , 3- де су бар, 3-де су жоқ. Бір ғана ыдысты жылжытып 1 ыдыста су бар , бір ыдыста су жоқ етіп кезектестіріп қалай қоюға болады?
Жауабы: 2-ыдыстағы суды 5- ыдысқа құю.
9- сектор. Математикалық және дүниетану терминдерін жазып шық.
10- сектор. Көп балалы ана Терлекбаева Гульнур ханымның сұрағы.
Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса , 24 сағаттан кейін күннің
жарқырап тұруы мүмкін бе?
Жауабы(мүмкін емес)
11-сектор. Бастауыш сынып мұғалімі Сандыбаева Перизат Бекбосынқызының сұрағы:
Сызбада қанша төртбұрыш, қанша тіктөртбұрыш , үшбұрыш бар?

Жауабы:1 тіктөртбұрыш, 3 төртбұрыш, 5 үшбұрыш
12-сектор . Сүлейманов көшесі 20 үйдің тұрғыны ата-ана Абдрешов Ғани Мұхамедшәріпұлынан сұрақ.
Қазіргі заман жаңа технологиялар заманы . Кез келген қиын сұрағыңды бүкіл ел болып, тіпті дүние жүзі болып шешуге көмектеседі Осының бәрі ненің көмегімен жүзеге асырылады?
(Ғаламтор)
Музыкалық үзіліс «Қара жорға» биі.
Сабақты қорыту : ұпайлар санын анықтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.